Өлі табиғатты жай бағдарлай білу. Балаға су жөніндегі түсінігін кеңейту. Судың ағатынын, оның суық екендігін, сумен жуынуға, шомылуға болатынын, кейбір заттардың суға батпай бетінде қалқып жүретінін білдіру. 1,5 жастан асқан балаға құмның құрамын; құрғақ құм шашылғыш, сулы, дымқыл құм өз формасын сақтамайтынын аңғарту. Әр түрлі формадағы тастармен қимылдар жасауға мүмкіндік туғызу. 1,5 жастан асқан балалармен табиғат құбылыстарын бақылап, оларды атау және табиғат жайындағы кейбір мәліметтерді, оның себептері; жаңбыр жауып тұр, жер су, сондықтан серуенге шығуғы болмайды, қардың ызғары бар, ауызға салуға болмайды – ауырып қаласың, күн шықса жылы болады (жазда барлығы жеңіл көйлек киеді т.б.) тәрізді түсініктерді қабылдауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |