3 І. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері



бет18/22
Дата31.05.2020
өлшемі59,65 Kb.
#71854
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
stud.kz-56417

Бөбектер мен сәбилер тобында – ауа райын, үй жануарларын, балықтар мен табиғат құстарын бақылауға тартуға болады. Бұл бақылаулар аз уақыт алады, бірақ жиі қайталанады.

Естиярлар тобында аз уақыттық бақылаулардан басқа, ұзағырақ бақылауларды да ұйымдастырады. Мысалы: жер участкісінде отырғызылған өсімдіктердің өсуі мен дамып жетілуін бақылау.

Ересек және мектепке даярлық топтарында ұзақ бақылаулар көбірек орын алады: Балалар өсімдіктің тұқымынан өсуін, насекомдардың (құрт – құмырсқа) пайда болуын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді т.б. қадағалайды. Ұзақ бақылаулар табиғаттағы құбылыстардың болуының жүйелілігін, олардың арасындағы көзге көрінетін байланыстарды сезінуге мүмкіндік беруімен құнды. Бұл бақылауларды естияр топтың балалары , тәрбиешінің басшылығымен, ал ересек мектеп даярлық топтарындағы балалар өз беттерімен орындайды

Бақылау балалардың дұрыс түсініктерімен ақыл ойының жетілуінің қалыптасуына әсер ету үшін, тәрбиеші оған басшылық етуі тиіс. Ол бақылаудың мақсатын түсіндіреді, олардың назарын заттарға немесе құбылыстарға тән ерекшеліктерге бағыттайтын сұрақтар қояды.

Балалар танысып отырған затпен немесе құбылыспен бұрын кездеспеген болса, онда тәрбиеші бақылауды ұйымдастыруға бағыттайтын сұрақтар қояды қалай аталатынын айтады, олар атын бірнеше рет қайталайды. Бақылау барысында баланың әр түрлі анализатырын қатыстыру қажет (қарап шығу, дыбысын естіп, сипап немесе түртіп және дұрыс атап шығу )

Бақылау кезінде ойлауды белсендірек ететін методикалық бағалы әдіс – теңеу болып табылады, ал айырмашылыққа көңіл бөлсе ,ол - салыстыру.

Бақылауды сабақтарда, экскурцияда, күнделікті серуенде жұмыс әрекет кезінде, табиғат мүйісінде өткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет