ЖОСПАР:
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Өсімдіктер дүниесі
1.1. Өсімдіктер әлеміне жалпы сипаттама..................................................5
1.2. Өсімдіктердің түрлері............................................................................7
ІІ.Негізгі бөлім
Дара жарнақтылар
2.1. Дара жарнақтыларға жалпы сипаттама..............................................10
2.2. Дара жарнақтылардың тұқымдастары................................................11
ІІІ.Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі – Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқтап қалмайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік болмайды. Сонымен қатар теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв.-дей кеңістігін алып жатады. Осы тұста өсімдіктердің тіршілік әрекетімен танысып, олардың сан түрлілігіне назар аударып, әркез оларды қорғай білуге дағдылану. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Сол дара жарнақтылардың тұқымдасына толық тоқталып, кең мағына беру.
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңіңде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіңдерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себебтерін және классификациясын; шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, көкөністік, техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтің проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең бастыларына қоршаған ортаны (табиғатты) және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.
Зерттеу мақсаты – қазіргі таңда, өсімдіктерді қорғауға әдіс-тәсілдерін, құралдарын пайдалану, ерекшеліктерін анықтау, талдау жасау.
Зерттеу обьектісі – өсімдіктерді қорғау кезінде құралдарды пайдалану процесі.
Зерттеу пәні – қазіргі таңдағы мәдени өсімдік түрлеріне көмек көрсету жолдарын анықтау шаралары және даражарнақтылар тұқымдасының өкілдерін зерттеу шаралары
Зерттеу болжамы – дара жарнақтылар ерекшелігі мен барлық адамзат әлемі өсімдіктерге әр қолдан келген көмегін көрсету мақсатында түрлерін сақтап қалу.
Зерттеу міндеттері:
Суыққа төзімді өсімдіктердің ерекшелігін анықтау;
Қазіргі таңда өсімдіктерді қорғайтын, қолдайтын іс-шараларды қалыптастыру;
Дара жарнақтыларды көбейту және оларды қорғау шаралары;
Әр адам осы өсімдіктерді қорғау мақсатында қолдан келер көмек көрсету.
Зерттеу әдісі – тақырыпты зерттеу барысында оқу құралдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер алынды. Сондай – ақ ғаламтор мәліметтерінеде көніл бөлінді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Өсімдіктер әлеміне жалпы сипаттама
Планетамыздың контененттерінің көп бөлігін өсімдіктер алып жатыр. Тіптен климаты қатал жерлерде де тіршілігін жоймайды. Олар тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана болмайды. Сонымен қатар өсімдіктер теңіздер мен мұхиттарда да көптеп кездеседі. Яғни бұл жерлерде су өсімдіктері (негізінен балдырлар) өседі.
Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет жағында жүзіп жүретін планктонды құрайды, ал екіншілері су астында субстратқа бекініп шалғын түзетін – бентос болып табылады.
Олардың кейбіреулері ересен үлкен болып келеді және 100 м ұзындыққа дейін жетеді, кейде тіптен одан да асып кетеді.
Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың клеткаларындағы хлоропластар деп аталатын ерекше органеллаларында немесе органоидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофиллге тікелей байланысты болады. Хлорофиллдің ерекше қасиеті сол, ол күн сәулесінің электромагниттік энергиясын тасымалдаудағы күрделі проценттерге қатысты. Яғни өсімдік хлорофилл пигменттерінің көмегімен күн сәулесінің электромагниттік энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді де , судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді (фотосинтез). К:А. Тимирязев өзінің бір ашық лекциясында былай деген екен: «Бір кездерде, бір жерге күннің сәулесі құлаған, бірақ ол құнарсыз топыраққа емес, бидайдың биіктігіндей болатын жасыл шөптердің өркендерінің үстіне түскен, дәлірек айтқанда хлорофилл дәндеріне түскен. Осылайша жасыл өсімдіктердің өркендеріне соғылған сәуле өшіп, жарық беру қабілетінен айырылған, бірақ мүлдем жоғалып кетпеген. Ол тек ішкі жұмыстарға жұмсалған, ол.....крахмалды түзген. Осы крахмал қанттың ерітіндісіне айналып, өсімдіктің бойын ұзақ уақыттар аралығынан кейін барып, оның бір жеріне жиналады. Көбіне ол өсімдік дәндерінде крахмал түріне немесе клейковина (астық дәніндегі белоктік зат) түріне жиналады. Ол қандай да бір формада бізде тамақ болатын нанның құрамына кіреді. Ол біздің бұлшық еттерімізге, нерв жүйелерімізге айналады. Осыдан кейін барып көміртегінің атомдары біздің организмімізде қан арқылы денеміздің барлық жеріне таралатын оттегімен қайтадан қосылуға ұмтылады. Бұл жерде күннің сәулесі химиялық энергия түрінде, қайтадан нағыз күштің формасына келеді. Бәлкім осы минутта ол біздің миымызда ойнап тұруы мүмкін»
Қысқасы: «Тамақ біздің организміміздегі қуат (энергия) көзі, сондықтанда басқа нәрсе емес, сол ғана күн сәулесінің консервасы» болып табылады.
Фотосинтез процесінің барысында органикалық заттардың түзілуінің қатар, ауаға оттегі бөлініп шығады. Онымен біздер тыныс аламыз.
Атап өткен жөн фотосинтез процесі аса үлкен көлемде (колосальных масштабах) жүзеге асады, өйткені бір өсімдіктің жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы өсімдіктің алып тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық болады, ал бір жапырақтың хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жалпы ауданын тағы да 100 есеге арттырады. Өсімдіктер түзген көп қабатты жасыл экранның алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық болады.
К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік кеңістіктегі күн сәулесінің химиялық энергияға ауысып, жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады.
Аса көрнекті прогрессивтік көзқарастағы физиктердің бірі Ф:Жолио-Кюри мынадай қызық ой айтқан: «мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмейтін, бірақта менің ойымша энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы оданда жоғары болып келетін молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер болсақ». Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін және фотосинтездің іс-әрекетін жан-жақты зерттеу керек»
Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен соң бір мезгілде екі лабораторияда (ГФР және АҚШ) хлорофилл жасанды жолмен ситезделді Бірақта ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес. Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді.
Өсімдіктердің атқарып отырған жұмыстарының көлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіптен мүмкін де емес.
Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175 млрд.т. көміртегін (бәлкім одан да көп мөлшерде) пайдаланады.
Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер болса хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде дараланған. [1, 74 - 77]
1.2 Өсімдіктердің түрлері
Ауыспалы қау (ковыль уклоняющийся). Көп жылдық шөптесін өсімдік. Республикамыздың батысындағы Жалпы Сыртта ғана кездеседі. Оны қорғау үшін осы жердің оңтүстік бөлігінде ботаникалық заказник (шағын қорық) ұйымдастыру қажет. Ауыспалы қау – аз зерттелген эндемик өсімдік.
Түпті жуа (лук дернистый) Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қазаншұңқырында ғана өсетін, жуашығы онша жетілген көп жылдық эндемик өсімдік. СССР «Қызыл кітабына енген түпті жуаны сақтап қалу үшін осы маңда ботаникалық заказник ұйымдастырған жөн.
Алматы шиқылдағы (юнона алма-атинская). Іле Алатауындағы Ұзынағаш пен Шамалған өзендерінің таулы аңғарында ғана өсетін, жуашықты көп жылдық эндемик өсімдік. Оны сақтап қалу үшін алматы шиқылдағы таралған аймақта заказник ұйымдастыру қажет.
Қатты жапырақты келерия (тонконог жестоколистый). Тығыз шым түзеп өсетін көп жылдық өсімдік. Ақтөбе облысының Ленин ауданында ғана өте сирек кездеседі. Қатты жапырақты келерияны және басқа да сирек кездесетін өсімдіктер өсетін бұл аймақта ботаникалық заказник ұйымдастыру аса қажет.
Қаратау қауы (ковыль каратавский). Көп жылдық бұл өсімдік Қаратауда, Шу-Іле тауларындағы Хандау мен Жамбыл жоталарында өте сирек ұшырасады. Қаратау қорығын ұйымдастыру арқылы бұл өсімдікті сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Кәдімгі семсершөп (мечтрава обыкновенная). Тамыры жуан биіктігі бір жарым метрге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Бұл өсімдік Қаратауда ғана кездеседі. Осы өлкеде өсетін кәдімгі семсершөпті қамқорлыққа алу үшін Бозторғай орман шаруашылығында шағын заказник ұйымдастырса болады.
Илария шырыны (геннимгия илария). Ұршық тәрізді тамыры бар көп жылдық эндемик өсімдік Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Илария шырыны таралған аймақта шағын заказник ұйымдастыру қажет.
Піскем жуасы (лук пскемский). Жуашығы аса ірі келген көп жылдық өсімдік. Қаржантау, Өгем, Піскем жоталарында және Талас Алатауында ғана кездеседі. Тағамға пайдалану үшін жаппай жинаудың салдарынан сиреп кеткен. Піскем жуасы Ақсу-Жаблағылы қорғында қамқорлыққа алынған.
Грейг қызғалдағы (тюльпан Грейга). Он сантиметрге дейін жететін қызыл қызғылт сары түсті ірі, әсем гүлі бар бұл эндемик өсімдік Қаратауда, Шу-Іле тауларында, Қаржантауда, Талас пен Қырғыз Алатауларында өседі. Көп мөлшерде жиналып, жуашығымен бірге қазып алуға байланысты сиреп кеткен. Қазір Грей қызғалдағы Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Басқа жерлерде де бұл сәнді өсімдікті қорғау үшін көпшілік арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу қажет.
Енді емдік қаситтері бар бірқатар өсімдіктерге тоқталып кеткенім жөн. Дәрілік өсімдіктердің бірі Алқызыл долана (боярышник кровавокрасный). Биіктігі 4 метрге дейін жететін тікенекті бұта. Май-июнь айларында гүлдейтін алқызыл долана Солтүстік Қазақстан, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының жерінде және Алматы обылысының таулы аймағында өседі. Ертіс өзенінің жағалауынан басқа жерлерде сирек, шашырай таралған. Алқызыл долана өсімдігінің жемісі мен гүлін дәрілік шикізат ретінде жинайды. Оның жемісінің, гүлінің тұнбалары мен сұйық экстраттары жүрек аулруларына қарсы қолданылады, әрі бас айналғанда, ентікпе және ұйқы қашқанда ем ретінде ішеді.
Итмұрын (шиповник). Биіктігі 1,5-2 метрдей бұта тектес өсімдік. Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, сағағында ұштары имектеліп келетін тікенектері болады. Гүлдері ірі, ашық қызыл түсті. Жемісі – ішінде бір ғана тұқымы бар жаңғақша. Қазақстанда итмұрынның 21 түрі өседі. Соның ішінде инелі итмұрын, Беккер итмұрыны, Шренк райханы, Павлов итмұрыны сияқты түрлері шипалық қасиеті бар бағалы өсімдіктер.
Дәрілік мақсат үшін итмұрынның жемістері тек күз айларында жиналып алынады. Бұл өсімдіктің құрамында С, К, Е, В тобының витаминдері, каротин, қант, малма заттар, лион қышқылы, бояулы заттар, глюкозидтер бар.
Итмұрынның жемісінен жасалған дәрілердің өт айдайтын, қабынуға қарсы әсер ететін, асқазанның және ішектің қызметін жақсартатын қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктен дайындалған дәрілер қан азайғанда, ұзаққа созылған жұқпалы аурулардан кейін организмнің күш-қуаты кемігенде, бауырға және бүйрекке тас байланғанда, асқазан бездерінің қызметі нашарлағанда, сондай-ақ ұзақ жазылмайтын жараларды, сынықтарды емдеу үшін пайдаланылады.
Шайқурай (зверобой). Бір жылдық және көп жылдық шөп тектес кейде бұта құрайтын өсімдік. Сабақтары қарама-қарсы немесе түптеніп орналасады. Жапырағының сыртында нүкте тәрізді қара, мөлдір түктері болады. Қазақстанда шайқурайдың жеті түрі кездеседі.
Қатты түкті шайқурай көбінесе дымқылды, шалғынды жерлерде, өзендердің жағалауында өседі. Июнь, июльде гүлдейді. Оның жапырағында С витамині болады. Халықтық медицинада шайқурайдың бұл түрі асқазан және көкірек ауруларына қарсы ем ретінде пайдаланылады.
Кәдімгі шайқурай, бұдырлы шайқурай тау бөктерлерінде, тастық далалы жерлерде өседі. Июль айында толысады. Дәрілік өсімдіктің бұл екі түрі де халықтық медицинада, тұрмыста кең қолданылады.
Кәдімгі шайқурайдың дәрілік мақсатқа жоғарғы бөлігі пайдаланылады. Гүлдеген мезгілде шайқурайда эфир майы болады. Сондай-ақ бұл өсімдік құрамында бояулы және шайыр заттары кездеседі. Кептірілген шайқурайдың тұнбасы шаншу ауруларына және күйген жерлерді емдеуге қолданылды. Және бұл өсімдік әр түрлі ісіктерге, қан тоқтатуға қарсы пайдаланылады.
Қара андыз (девясил). Шоқтығы 2 – 2,5 метрдей келген көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы ірі, қатпарлы, әрі оның ернеулері ара тісті болып келеді. Гүлдері алтын сары түстес себет ернеуіне орналасқан.
Әдетте июль-август айларында гулдейді. Қара андыз республикамыздың барлық облыстары жерінде дерлік өседі.
Оның тамырын дәрі жасау үшін ерте көктемде , яғни апрель-май айларында қызып алады. Одан дайындалған препараттар тыныс жолдарын , асқазан, ауруларын емдеуге пайдаланады.
Тамақ өнеркәсібінде қара андыздан алынған эфир майы конфет жасау ісінде де кеңінен қолданылады.
Қос үйлі қалақай (крапива двудомная). Биіктігі 1,5 метрге дейін жететін көп жылдық шөптесін өсімдік.
Сабағы мен жапырақтары түктермен жабылған. Денеге қадалса, ашытатын бұл түктердің құрамында құмырсқа қышқылы болады. Сол себепті ол денеені тіртіркентеді. Гүлдері өте ұсақ, жасыл түсті өңсіз болып келеді. Қалақайдың бұл түрінің қос үйлі деп аталу себебі – бір өсімдіктерге аналық гүлдер, екіншілерінде аталық гүлдер өсіп жетіледі.
Әдетте июль айынан бастап күзге дейін гүлдейтін қос үйлі қалақай Қазақстанның барлық жерлерінде дерлік кездеседі. Құрамында С, К витаминдері, каротин болғандықтан авитаминозға, қан толтыру мен тыныс жолдарының жұмысын жақсартуға көмектеседі. Қозыгүл (примула). Ірі тостағаншалы қозыгүл орман төңірегінде, шалғындарда, бұталардың арасында, таудың жоғары белдеулерінде өседі. Бұл өсімдікті Алматы, Семей, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан кездестіруге болады. Сондай-ақ ол - өте әсем үй өсімдігі. Ерте көктемде гүлдейді. Соған байланысты қазақ оны қозыгүл, бәйшешек немесе наурызшешек деп те атайды.Латынша аты «примула» яғни алғашқы гүл деген сөз. Медицинада бұл өсімдіктің тамыры, жапырағы, гүлі пайдаланылады. Тамырында бес проценттен он процентке дейін сапонин, сондай-ақ глюкозиттер, эфир майының қалдығы және витаминдер болады. Халықтық медицинада бұл гүлдің ұнтағын суға бөктіріп, жөтелге, тыныс жолдарының зақымдануына қарсы қолданады. Қозыгүлде екі процентке дейін примула қышқылы кездеседі. Сондай-ақ онда каротин және С витамині де жеткілікті. Соған байланысты бұл өсімдік С витаминін дайындайтын құрама болып есептелінеді. Гүлденген мезгілде жиналған жапырақтарынан жасалынатын дәрі витамин азайған кезде пайдаланылады. Қозыгүлдің тамырынан жасалған дәрі асқазанға да пайдалы. Оның ұнтақтарыц мал дәрігерлігінде жиі қолданылады. [6, 76-83]
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Дара жарнақтылар немесе лилиопсидтер класы
(Однодольные или лилиопсиды)
MONOCOTYLEDONEAE, LILIOPSIDAE
Дара жарнақтылардың ерекшеліктері:
Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады;
Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы;
Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады;
Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді;
Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.
Жалпы дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формаллары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа, тағыда көптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т.б) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.
Дара жарнақтыларда қосжарнақты секілді болады. Екеуі де жабық тұқымды өсімдікке жатады.
Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), түйнектер, түйнек пиязшықтар түрінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклі қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді. [2, 424-428]
Дара жарнақтылар
(гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай)
|
Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
|
Қабыршақтыгүлдер қатарлар тобы (чешуецветные) – Glumiflorae
|
Құртқашаш тұқымдасы – Iridaceae
|
Лалагүлділер тұқымдасы – Liliaceae
|
Асфоделалар тұқымдасы – Asphodelaceae
|
Гиацинттер тұқымдасы – Hyacinthaceae
|
Жуалар тұқымдасы – Alliaceae
|
Агавалар тұқымдасы – Agavaceae
|
Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұқымдасы – Convallariaceae
|
-
Қияқөлеңдер тұқымдасы - Cyperaceae
|
Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы – Gramineae, Poaceae
|
Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың айырмашылық белгілері
Қос жарнақтылар
|
Дара жарнақтылар
|
1.Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады.
|
1.Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады.
|
2.Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады; тамырлары екінші рет жуандауға қабілетті; тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлы.
|
2.Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет жуандауға қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ болады.
|
3.Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабақтың көлденең кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады.
|
3.Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады.
|
4.Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі.
|
4.Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді.
|
5.Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.
|
5.Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.
|
Спорофиті
|
1.Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер.
|
1.Ағаштар, сиректеу бұталар.
|
2.Вегетативтік органдары көптеген әр түрлі гистологиялық элементтерден тұрады, түтіктері болады.
|
2.Вегетативтік органдарының гистологиялық элементтері онша көп болмайды, көпшілігінде түтіктері болмайды.
|
3.Арнайы маманданған вегетативтік органдары болады – түйнектері, баданалары, тамырсабақтары.
|
3.Арнайы маманданған вегетативтік органдары болмайды.
|
4.Тұқымбүрлерін жеміс жапырақшалары жауып тұрады.
|
4.Тұқымбүрлері тұқымдық қабыршақтарының үстінде ашық жатады.
|
Гаметофиті
|
1.Аналық гаметофиті – сегіз клеткадан тұратын ұрық қабы.
|
1.Аналық гаметофиті – эндосперм және екі немесе оданда көбірек архегониялар.
|
2.Аталық гаметофиті – тозаң, вегетативтік және генеративтік клеткалардан тұрады.
|
2.Аталық гаметофиті – тозаң, бірнеше проталлиальды, антериальды және вегетативтік клеткалардан тұрады.
|
Ұрықтануы
|
1.Қосарланып ұрықтанады. Спермияның бірі жұмыртқа клеткасымен, ал екіншісі – екінші реттік ядромен қосылады.
|
1.Бір – ақ рет ұрықтанады. Спермияның бірі архегонияның бірінің ішіндегі жұмыртқа клеткасымен қосылады.
|
Тұқымы
|
1.Тұқымы тез пайда болады – 3-4 аптадан бір вегетативті кезеңге дейін созылады.
|
1.Тұқымның пайда болуы өте жай жүреді (1,5-2 жыл), тозаңдану мен ұрықтанудың арасы 13 айға созылады.
|
2.Эндоспермі триплоидты.
|
2.Эндоспермі гаплоидты.
|
3.Ұрықтың 1-2тұқым жарнағы болады.
|
3.Ұрықтың тұқым жарнағы көп жағдайда екіден көп болады.
|
4.Тұқым жемістің ішінде болады.
|
4.Тұқым тұқымдық қабыршақтың үстінде ашық жатыд.
|
2.2. Дара жарнақтылардың тұқымдастары
Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |