Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауын сынып оқушылары.
Зерттеудің болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы интеллектісін, олардың танымдық іс әрекетіне сүйене отырып дамытқан жағдайда қабілеттіліктің дәрежесін неғұрлым көтеруге болады.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қосымшалардан тұрады.
І-Тарау. Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілетін дамыту.
1.1 Шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық -
дидактикалық алғы шарттары.
Балалар психологиясында әрбір жас кездерінде психикалық даму ерекше орын алады. Жас ерекшеліктеріне орай таным әрекеттерін біршама жедел дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейкесті мәселесі.
Бала психикасының дамуындағы нәтижелі (сензитивті) кезеңді ескере отырып, жеке даралық өзгешеліктерін жан-жақты дамуына түрткі - оқу іс- әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бала психикасының дамуына оқытудың әсері ерекше екенін Ж.Пиаже, Д.Б.Эльконин, А.В.Запоржежец, М.И.Лисина, А.А.Венгер, В.Давыдов, Н.Н.Поддьяков, А.А.Люблинская, Л.И.Божович, Ж.Аймауытов, М.М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Ж.Аймауытов өзінің педагогикалық еңбектерінде «білімдендіру көбінесе, екі мақсұт көздейді - білім көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт» - деп көрсетеді. Мұндағы көзқарас - оқу баланың білімін көбейтеді, ақылын күшейтеді, тәжірибесін молайтады.
Р.С.Немов бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру мүмкіншіліктері мен ақыл - ой қабілеті өте жоғарылылығы оқытуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кәдімгі мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш мектеп кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс — жетісітікке жететінідігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп-оқу үрдісі екенін жоғарыда атап өттік. Мектептегі оқыту-жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді, жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында көрсетілгендей (1) бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты - оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этникалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.
Балдырған мектеп қабырғасын аттасымен-ақ оқу үрдісінде балалардың бұрын қалыптасқан барлық таным-әрекеттері, санасы қайта жаңа өзгерістерге ұшырайды.
Р.С.Немов, егер баланы оқытудың бағдарламасына сәйкес дұрыс оқытса, дұрыс меңгертуге үйретсе, кәдімгі баламен өзі де барлық нәрсеге қабілетті бола алатындығын айтады [3].
Кейде өзгеден мүлдем бөлек өзіндік ерекшеліктері бар, темпераменті де өзгеше болып келетін балалар да кездеседі, олар да оқу жұмысында жақсы табысқа ие болып жүреді.
«Егер В.И.Волокитина дені сау оқушылардың арасынан логикалы ойлауға қабілетті болмайтын бала болмайды, дегенмен балалардың ойлау әрекетінің ұшқырлық дәрежесі мен ойлауға қиыншылық келтіретін себептері болады десе, онда терең ойлауға мүмкіндік жасау, ойлау қарқынын жеделдету, ой ұшқырлығын күшейтуге қиыншылық келтіретін себептерді болдырмау - балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.»
Шығармашылық қабілеттілік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялық қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.
Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа, бір бейне құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С.Л.Рубинштейн, Б.М.Кедров, А.В.Брушлинский, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов қабілеттілік және даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизиологиясы туралы Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин, Э.А.Голубова, В.М.Русаловтың еңбектері қабілеттілік мәселелері бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарының негізін қалады.
Сондай-ақ, бастауыш мектеп кезеңінде оқу үрдісінде әр түрлі пәндерде шығармашылық қабілеттілік, ақыл-ой дамуы туралы еліміздің және шет ел ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген. Г.В.Бабиков, А.Крутецкий (математика), Б.М.Кедров (ғылыми-техникалық шығармашылық), Е.И.Игнатьев, О.И.Никифорова (көркем әрекеттік шығармашылық), А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин, Г.Айзенк, Ж.Пиаже, Э.Торндайк, Ж.Аймауытов, М. Мұқанов т.б.
Қабілеттілік мәселесінің теориялық және практикалық негізін қалауда С.Л. Рубинштейн еңбектері зор роль атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, кейінірек олардың көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді.
С.Л.Рубинштейн қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп түсіндіреді.. Оның айтуы бойынша қабілеттілік - жаңа бір іс-әрекетті жеңіл меңгеруімен, сонымен қатар индивидтің бір іс-әрекеттен екінші бір әрекетке көшуі мен қабылдау тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабілеттің негізі - туа біткен нышан, тұқым қуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның жүйке ми аппараттарының анатомиялық-физологиялық ерекшелігі болып табылады. Осыған орай ғалым қабілет нышандардың негізінде дами отырып, нышанның өз бетінше функциялануы емес тек дамудың негізгі кезеңі алғы шарты деп жазды. С.Л. Рубинштейн іс-әрекет барысында қабілет пен ептіліктің өзара байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін еске сала отырып, бір жағынан ептілік, білім тағы басқа меңгеру қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің қалыптасуы сол іс-әрекеттердің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы іске асатындығын түсіндіреді.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешілік деп қарастырады. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді. Біріншіден қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабілетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы - бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді.
Б.Г.Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің белсенді іс-әрекетінде қоғамдық тәжірибені меңгерудегі психологиялық аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуы бойынша, қабілеттілік - ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі. Тек білімдердің жинақталуы, әрі бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық әрекет құра алуы деп көрсетеді.
В.И.Корюкин өзінің «Шығармашылық әрекеттің приоритеті» атты еңбегінде адамзат санасының қалыптасуы, адамзаттық шығармашылық іс-әрекетінің дамып жетілуі - қоғамдық дамудың негізгі факторы деп көрсетеді.
Ю.Е.Виноградов еңбектері аффектілі жағдай мен ойлаудың байланыстылығын, адам ой әрекетінде эмоционалды күйдің пайда болу жағдайы және оның ой әрекетінің құрылымына әсері туралы жан-жақты түсіндіреді.
А.Н.Леонтьевтің қабілет мәселесі туралы айтылатын барлық еңбектеріндегі оның негізгі идеясы адамға берілген кез-келген психикалық іс-әрекет, соның ішінде қабілет ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тәжіриебелерді меңгеру барысында дамиды және қалыптасады. Оның айтуы бойынша адамзат іс-әрекетінің жетістігі, нәтижесі - ғылым мен техниканың даму деңгейіне байланысты, яғни, мәдени жүйедегі қабілет тұқымнан берілмейді. Қабілет жаңа құрылым жасауды қажетсінеді.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасайтын жеке адамды даярлауда - кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.
Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ойлаймын, ерекшеліктерді, бастауыш мектептің оқу бағдарламасына енгізіліп отырған жыл сайынғы өзгерістерді, баланың тұрғылықты мекен-жайының өзгешіліктерін, баланың жеке даралық психологиялық қасиеттерін ескере отырып, оқу үрдісінде нақты пәндер бойынша белгілі бір саладағы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға тиімді әдістемелік жолды теориялық және практикалық тұрғыда ашып беру керек деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |