3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі


Ш ығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі



бет6/16
Дата08.02.2022
өлшемі298 Kb.
#130956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дип.-01-Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту

Ш ығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бастамасын дамыту үшін ең негізгі басшылыққа алынатын нысаны дамыта оқыту жүйесі. Дамыта оқыту баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, тұлғалыққа бағытттау. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталды. Дамыта оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес №181 инновациялық орта мектеп ұжымы балалар шығармашылық бастамасын дамыту мақсатында 4 кезеңде жұмыс жасады. Сөйтіп, оқытудың мақсатын, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіріп оқыту, ойлауын дамыту, шығармашылық тұлға қалыптастыру алға қойылды.
І-кезең: Тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жинақтау, шағын шығармашылық топтар құру, дамыта оқыту әдістемесін меңгеру, ұжымды жұмылдыру, жұмысты ұйымдастыру көзделді.
ІІ-кезең: Жинақталған білім практикада жүзеге асырылды.
ІІІ-кезең: Атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін сұрыптау, кемшіліктерді жою кезеңі. Мұнда шығармашылық есептер жасау, педагогикалық оқулар өткізу, бақылау түрлерін енгізу, сыртқы байланыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілді.
ІҮ-кезеңде жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытылып, нәтижесі шығарылды.
Қорытындысында 4 сынып оқушылыраның білім сапасы - 35% II тоқсанда - 42 %, III тоқсанда - 49 %, ІҮ тоқсанда-52% көрсетті.
Оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы.- 50 % , II тоқсанда білім сапасы - 54 %, III тоқсанда білім сапасы - 58 % , ІҮ тоқсанда білім сапасы - 62% көрсеткішке жетті.
Оқушыларды шығармашылыққа баулып, бала бойына шығармашылық қасиетті қалыптастыруда, ізденуге, білім алуға құштарлығын оятуда бастауыш сыныптағы ана тілі сабағының берері мол.
1. Өйткені ана тілі пәні оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру.
2. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.
3. Оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту.
4. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу мақсаттарын көздейді.
Аталған мақсат пен міндеттерді шешуде Б.С.Блум жүйесіндегі алты категория орындалды.
Олар: 1. Білімдік категориясы
2. Түсіндіру категориясы.
3. Қолдану категориясы.
4. Талдау категориясы.
5. Жинақтау категориясы.
6. Бағалау категориясы.





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет