3 I тарау. Жаңа тұрпатты мұҒалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың мазмұны мен жүйесі



бет2/8
Дата13.12.2021
өлшемі128 Kb.
#125459
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазіргі ақпараттандыру заманы жағдайында мұғалімнің кәсіби және тұлғалық ерекшеліктері
ҚР Конституция, 11-сын 2-т қазақ т БЖБ, ХІТ-21-05 Турсин Жақсыгүл тарих 10 апта үй жұмысы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .............................................................. 63
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.

Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.

Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.

Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.



Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктерідеп педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.

Мұғалім – мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншілігі.

Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтардың жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, болашақ педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты болашақ педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта болашақ педагог- психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.

Сондықтан мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.

Берілген зерттеуді қарастыру барысында білім берудің маңызы жөнінде А.А.Әбдікәрімұлы, В.В.Егоров, Ж.Ж.Наурызбай, М.Н.Сарыбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е.А.Батешовтың, Р.М.Дұзбаеваның, Д.М.Жүсібалиеваның, Ж.А.Қараевтың, М.С.Мәлібекованың, Ә.К.Мыңбаеваның және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу мәселесімен В.П.Беспалько, И.Ф.Исаев, И.Я.Лернер, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, Е.Н.Шиянов және т.с.с. сынды ғалымдар айналысқан.

Кәсіби білім беру проблемасын зерттеуге З.А.Исаева, С.Т.Каргин, Қ.А.Кертаева, А.П.Сейтешев, Қ.А.Сарбасова, М.В.Семенова, Н.Д.Хмель, Л.А.Шкутина тәрізді авторлар өз үлестерін қосқан.

Педагогикалық, психологиялық, философиялық және ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде зерттеліп отырған тақырып бойынша ақпараттық технологиялар арқылы оқыту жөнінде арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, жоғарыда келтірілген мағлұматтар берілген мәселенің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағанын аңғартады. Сондықтан ақпараттық технологиялар арқылы оқыту қажеттілігінің арасында объективті түрде қалыптасқан шешімдерді шешу үшін және осы сұрақтың жоғары оқу орнының теориясында және практикасында жеткіліксіз деңгейде өңделгені қарама-қайшылықты қалыптастырды. Осы қарама-қайшылық зерттеудің проблемасын тудырып, яғни - ақпараттық технологиялар арқылы оқыту, ғылыми түрде негізделген және бәсекеге қабілетті маманды даярлау, «Қазіргі ақпараттандыру заманы жағдайында мұғалімнің кәсіби және тұлғалық ерекшеліктері» тақырыбын таңдап алуға негіз болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет