Мұның жалпы сызбасы былай өрнектеледі.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сапасы – дүниенің шындығын өз мәнінде студент психикасына жеткізуде динамикалық қозғалыстың түрлі жүйесін қамтиды, оған сай құрылымда өзіндік ерекшелік орын алады.
Демек, мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тән – түрткі, мақсат, жоспарлау, ағымдағы ақпараттарды өңдеу, оперативтік бейне, шешім қабылдау, әрекет, нәтижені салыстыру, әрекеттегі жинақылық сияқты құрылымды көрсетеді.
Мұғалімдік – кәсіби көп ізденуді қажет ететін күрделі қызмет. Оны тиімді құруда оқыту немесе танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерін білу қажет.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын анықтайтын іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктердің негізінде кез келген іс-әрекет мынадай элементтерден тұрады: бұл ең әуелі адам неге жеткісі, нені алғысы, жасағысы келетінін көздейтін іс-әрекет мақсаты; іс-әрекеттің, өзгерту арқылы мақсатқа жетуге болатын объекті немесе субъектілер жиыны; іс-әрекет пәні, яғни түрлендіріп, өзгерту арқылы мақсатқа жетуге болатын объекті немесе субъектілер жиыны; іс-әрекет пәнінің қасиеттеріне сәйкес білімдер, іс-әрекеттің мақсаттары мен пәнінің ерекшелігі сипаты арқылы анықталатын пәнге ықпал етудің тәсілдері, еңбек қаруы мен құралдары.
Мұғалімнің кәсіби педагогикалық іс-әрекеті – деп оның қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық арнаулы ғылыми және әдістемелік білімдері негізінде іс-әрекетті орындау қабілетін айтуға болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізі – мұғалімнің бір-біріне байлыныссыз кәсіби білімдері (педагогикалық, психологиялық, арнаулы ғылыми, әдістемелік, қоғамдық-саяси) емес, олардың синтезі – кәсіби білімі.
Кәсіби-педагогикалық қызметтің қалыптасуы тұтас құрылым ретінде жүзеге асырылады: кәсіби-педагогикалық қызметтің қалыптасуын басқару функциональды, мазмұнды және құрылымды тану қызметі; қызметтің пайымдалған функционалды моделі мен оның сан түрлі жеке көрініс беру арақатысы сәйкестілік қағидасының іске асуы арқылы жалпы мен дараның арасындағы байланыспен айқындалады.
Кәсіби-педагогикалық қызметке дайындау жүйесінің жасалуының негізгі қағидалары төмендегідей:
- дүниетанымдық, білімдік және кәсіби бағытты анықтайтын педагогикалық мәдениетті қалыптастыру;
- тұлғалық білімді жүзеге асыруда ойлау бөліктерін дамыту;
- білім жүйесін, бүтін әрекетті, шығармашылық тұлғаның табиғи бағытын басынан қалыптастыруға танымның жалпыдан дараға бағытталған дедукция ұстанымы мүмкіндік береді;
- біртұтастық, даму, сәйкестік және сақтау ұстанымы ойдың бір-бірімен байланысты, жалпыдан дараға және керісінше, екі үрдістің қозғалысын қамтамасыз етеді;
- кәсіби-педагогикалық қызметті игеру механизмі танымның бастапқыда жабық құрылымын, кейініректе оны маңыздырақ элементтер арқылы құрылымдар мен жаңа пайымдауларды құруды болжайды;
- педагогтің қалыптасу барысының тұтастығы дифференциалды білім беру барысында пәнаралық байланыстар және теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы ойды жүзеге асыруда болады.
Кәсіби-педагогикалық қызметтің қалыптасу барысы төменде көрсетілген ұстанымдардың ара байланысы арқылы тиімді жүзеге асады.
Педагогикалық басқару қызметі келесі мәселеледі атқаруы қажет: кәсіби-педагогикалық қызметтің қалыптасуының бүтін қызметі, даму құрылымы бар, ал білім алушы жеке тұлға осы тұрғыда кәсіби-педагогикалық қызметтің түрлі деңгейлерінде өзін-өзі басқару сипатын алады.
Кәсіби-педагогикалық қызмет – көп жоспарлы және қарама-қайшы. Оның қалыптасуы оқытудың теориясы мен тәжірибесінің үйлесуі мен диалектикалық бірлікте, саналы және санадан тыс қызмет тәртібіне рационалды, эмоционалды, логикалық және эвристикалық әсер бері, жеке тұлғаның үздіксіз дамуы, жалпыдан жекеге қозғалуы, жасырын білімнің мәлім, нақты білімге жүру барысы, білім жүйесін үздіксіз жетілдіруі, жеке тұлғаны бұрынғы білім мазмұнын толықтыру және жетілдірілген білімі мен жаңадан пайда болған психикалық элементтер арқылы сипаттау.
Қандай да болсын қозғалыстың жалпыдан жекеге қозғалысы жалпыланған сана құрылымы мен жалпыланған дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Тұтастық, даму, сәйкестік және сақталу ұстанымдары аталмыш үрдістің реттеушісі болып табылады.
Педагогикалық жүйе – ақпараттылық қасиетке ие. Білімнің құрылымдық элементтерінің негізінде жүзеге асатын ақпараттың жалпылау үрдісі оқу ақпаратының тежелуінің негізгі құралы болып табылады. Әрекеттің нысаналы ұстанымы, білім элементтері мен игеру жүйесін студенттердің меңгеруі берілген алгоритмдік және эвристикалық ұйғарымдардың негізінде жүзеге асырылады.
Білім беруде әрекеттік тәсіл және студенттердің білімін жүйелендіру білім ақпаратының мазмұны мен құрылымын қарастыруға мүмкіндік туғызады. Бұл білімнің екі жүйесінен тұрады: пәндік қызмет және оқу қызметі. Педагогикалық білім – білімнің екі (мазмұндық және операциялық) түріне саяды.
Мазмұндық педагогикалық білім деп – педагогикалық деректер, педагогикалық ұғымдар, педагогикалық заңдылықтар мен теорияларды түсінеміз.
Операциялық педагогикалық білімге – кәсіби-педагогикалық қызметтің құрылымдық білім, ғылыми танымның әдіс-тәсілдері, ойлаудың түрлері мен деңгейлері эвристикалық және алгоритмдік құралдар жатады.
Көрсетілген ұстанымдар болашақ мұғалімдерде кәсіби-педагогикалық қызметтің қалыптасуын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Ұстанымның кейбір ерекшеліктері: диалектикалық тұтастығы және теория мен тәжірибенің үйлесуіне тоқталып өтейік. Аталмыш ұстаным оқу-шығармашылық қызметтің ұтымды іске асуына ықпал етеді.
XIX ғасырдың соңында отандық педагогикалық психологияда П.Ф.Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі – мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылды. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Тапкырлықтың болуы, сонымен қатар шешендік қабілеттер, артистік мінез ерекше атап көрсетіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды.
Зерттеушілер тарапынан педагогикалық әдепке үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті және оның педагогикалық іс-әрекетінің жоғары кәсіпқойлығы байқалады.
Н.В.Кузьмина бойынша, тұлғалық бағыттылық кәсіби-педагогикалық іс-әрекет шыңдарына жетудің маңызды субъективті факторларының бірі болып табылады. Жалпы психологиялық мағынада, тұлға бағыттылығын «тұлға іс-әрекетін бағдарлаушы және бар ситуацияларға тәуелді емес тұрақты мотивтер жиынтығы ретінде анықтайды.
Тұлғалық бағыттылық – адамның дүниетанымы көрінетін қызығушылықтармен, бейімділіктермен, сенімділіктермен, идеалдармен сипатталады». Педагогикалық іс-әрекетке қатысты осы анықтамалардың түсініктік мазмұнын кеңейте отырып, Н.В.Кузьмина оған тағы да шәкірттердің өзіне, шығармашылыққа, педагогикалық мамандыққа қызығушылықты, онымен айналасуға бейімділікті, өз қабілеттерін саналы түсінуді қосады.
Іс-әрекеттің негізгі стратегиясын таңдау Н.В.Кузьмина бойынша, бағыттылықтың үш типін шарттайды:
- шынайы педагогикалық;
- формалды педагогикалық;
- жалған педагогикалық.
Бағыттылықтың тек бірінші типі ғана педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижеге жетуге ықпал етеді. «Шынайы педагогикалық бағыттылық, шәкірт тұлғасын оқытылып отырған пән құралдарымен қалыптастыруға деген, тасымалдаушысы педагог болып табылатын білімге деген шәкіртте бастапқы қажеттілікті қалыптастыру есебімен пәнді қайта құрылымдауға деген тұрақты мотивацияда болып отыр».
Достарыңызбен бөлісу: |