3 ІІ негізгі бөлім



бет1/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,7 Mb.
#5585
  1   2   3   4
Жоспар.

І Кіріспе............................................................................................................3

ІІ Негізгі бөлім

І Тарау. ІІ- ші Дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы

1.1 Түркістан легионының құрылуы..................................................... 6

1.2 Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы......................... 21

ІІ Тарау. ІІ Дүние жүзілік соғыстан кейінгі Түркістан легионы

2.1 Батыс зерттеушілерінің Түркістан легионына көзқарастары.......27

2.2. Отанына оралған легионершылар.................................................32

2.3 М. Шоқай және Түркістан легионы...............................................37



ІІІ Қорытынды ............................................................................................52

Сілтеме тізімі ...............................................................................................57

Пайдаланған әдебиет .................................................................................59
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі бүгінгі мемлекет өмірімен де ұрпақ өмірімен де тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада объективтік пікір әлі тыңғылықты түрде қалыптасып біткен жоқ. Ол, әсіресе, кеңестік тоталитаризм тарихында ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы тарихи оқиғалар мен саси қайраткерлер қызметіне байланысты. Кеңес үкіметі тұсында, коммунистік – тоталитарлық идиология үстемдік құрған кезде Түркістан легионы тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуді былай қойғанда көпшілікке арналған әдебиет, тіпті ой қозғау, оның бетпердесін ашу мүмкін. еместін.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тұтқындардың жағдайы туралы айта келе жалпы кеңестік тарихнамада өз дәрежесінде зерттелмеген. Ал Қазақстанда бұл мәселені тек заманымыздың аса білікті қайраткері М.Шоқайдың есімін қаралау мақсатында Түркістан легионымен байланысты ғана сөз болды. Қазақ топырағында дүниеге келіп, әлемдік ауқымды саяси қайраткер дәрежесіне көтерілген М. Шоқай есімін халық зердесінен өшіру үшін “сатқын”, “пантюркизм ” насихаттаушы деген айдарлар тағылды. Азамат атын ақтау үшін соғыс тұтқындары, Түркістан легионы туралы мәселені жалпы кеңестік тоталитарлық жүйенің идиологиясымен іс -әрекеттеріне балта шауып объективті, шынайы зерттеу жұмысын жүргізу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Легионерлердің қилы тағдыры мен қызметін жан жақты зерттеу. Бұл мәселе жөнінде жазылған еңбектерді талдау. Бұл жерде назар аударатын нәрсе – сол жарияланған материалдардың көпшілігін жазғандар кәсіби тарихшы мамандар емес. Әрине, біз оларды бұл үшін кіналаудан аулақпыз. Негізгі мәселе сол жарияланған дүниелердің объективтік тұрғыдан қалай жазылуында. Жоғарыда айтылғандардан біріншіден Түркістан легионы тақырыбы көп жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс қалғаны, екіншіден, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық зор маңызы бар зерттеулерді күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінің айғағы.



Тарихнамасы: Түркістан легионы тарихы туралы көптеген зерттеулер жүргізіліп бірқатар еңбектер жарық көрді. Кеңкестік кезеңде 1970 жылдары Х.Әміровтың “Легионның күйреуі” оның алдында шыққан С. Шәкібаевтың “Үлкен Түркістанның күйреуі” зерттеулерінің ерекшелігі бұрынғы коммунистік идеология тұрғысыныан емес, екінші бір жағына ауытқушылық тұрғысынан жазылған. Мысалы соғыс тұтқыны болып легионға кірген бір жауынгер жақсы бір қызмет лауазымына жеткендей , партизан қозғалысын басуға қатысқан Еуропа елдерінде саяхатта жүргендей етіп жазады. Э. Хоскенстің “История советского союза” еңбегінде Түркістан легионына енген жауынгерлердің ұлттық құрамы туралы көптеген деректер береді. Бұл жөнінде біздің Туркиядағы әріптестеріміз де зерттеулер жариялап жүр. Солардың бірі Әбдіуақап Қараның жазбаларында шығыс министірі Розенберг бұйрықтарымен М. Шоқайдың легионшылармен қарым – қатынастарын көрсетеді.

Бақыт Садыкованың “История Туркестанского легиона в документах” деген еңбегінде түркістан легионынының құрылуы мен легионшылардың қызметін құжаттар негізінде баяндайды. И. Гилязов “Пантюркизм пантуранизм және Германия:этнографиялық шолу” мұнда Германияның екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы түрікшілік идиология тұрғысынан жазылған. Амантай Какен “Түркістан легионы ” еңбегінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен шығыс легиондарын құруын, солардың бірі Түркістан легионы құрылымының қалай өмірге келгені оның себеп салдары сол әскери құрамда болған боздақтардың қилы тағдыры туралы мәліметтер береді. 1998 жылы “Түркістан” № 21, 22 санында Бакыт Садыкованы “Түркістан легионы: Жазылмайтын жарасы” атты мақаласында Гитлердің түріктік легиондарды құру туралы анықтамалық құжаттар жайлы деректер береді.

История Казахстана: белые пятно Алматы 1991, 301 бетінде тарихшы ғалым Беланның советтік республикалар есебінен мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың белгілері туралы жазған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік Германияның шығыс легиондары оның ішінде “Түркістан легионын” құрудың басты себептерін мақсатын ашып көрсету және тұтқындар есебінен легиондар құру, легионшылардың қилы тағдырын құжаттар негізінде көрсету, шетелдерде қоныстануындағы қиындықтар мен “соғыстан кейінгі соғыстың” яғни коммунистік идиологияның ықпалынан қайта қысым көруінің басты себептерін ашу. Күрделі тарихи кезеңнің оқиғаларын қазіргі заман талаптары тұрғысынан жаңа методологиялық әдіс арқылы объективті және субъективті пікірлердің факторларын толық ашып көрсету. Мұстафа Шоқайды Түркістан легионын құрушы деген пантүріктік және пантуранистік көзқарастардың дәлелсіз ешбір құжаттарға сай келмейтінін ашып көрсету. Осы мақсаттарды іске асыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды.

- Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы фашистік германияның



түрлі шығыстық легиондарды құру себептерін анықтау.

- Легионерлердің соғыс қимылдары мен екі державаның арасындағы



саяси байланыстарды құжаттар негізінде талдау.

- Легионерлердің соғыстан кейінгі тағдырына қорытынды жасау.

- Осы кездегі М.Шоқайдың қоғамдық -саяси қызметін айқындау, оның

шығыс легиондарын құруда ешқандай қатысы жоқ екендігін деректер

арқылы дәлелдеу.

Зерттеу деңгейі. С. Шәкебаевтың “Үлкен Түркістанның күйреуі” екі томдық кітабында неміс авторының кітабы – рейх мұрағаттарынан алынған. Деректі мәліметтермен екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың куәліктеріне сүйене отырып объективті түрде жазылған ғылыми зерттеу жұмысы. Екінші кітапқа келсек автор тарихи деректерге сүйене отырып жазған болғанымен, большевиктік идиологияның саясатына икемделіп
І Тарау. Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы

1.1 Түркістан легионының құрылуы.

Кеңес одағына өз үстемдігін орнатып, бас салуға фашистік рейх мұхит дайындалды. Большевизмнен ұлтшыл социолистік Германияның ең басты дипломатиясы сонау отызыншы жылдардың аяқ шетінен бастап -ақ болашақ қарсылаасы жөнінде деректер жинай бастады. Сол себепті пактуранизм мен пантюркизмге қызығушылық таныту кездейсоқтық еместін, өйткені рейх большевиктерге уқарсы күресте КСРО – ға саны көп түрлі халықтар өкілдерін қатыстыруды көздеген болатын. Бұған қоса “Түркі картасын” жобалап, германия Туркияға қысым көрсетуді де ойластырған сыңайлы. /1/

1941 жылы көктемде Германия сыртқы істер минстірлігі жанынан Ресей мәселесіне қатысты істер жөніндегі комитет құрылды. Ол совет – Герман басшыларымен шығыс министр восына өзгертііледі. Оны Альферд Розенберг басқарады. Қызметкерлер арасында белгілі лингивист -профессор, КСРО- ғы түркі халықтары жөніндегі маман Герхард фон Менде бар еді. Осылайшы, Совет -герман соғысы қарсаңында түркі халықтары мен пантюркизм жөніндегі ақпараттарды жинау дипломатиялық каналдар арқылы (баяндамалар мен Германияның Туркия мен КСРО- ғы елшілігінің хабарламалары) және Фон Менде тәрізді ??? ғалымдар мен түрік -татар эмигранттарының көсемдерін осы іске тарту арқылы екі бағытта жүргізілді. /2/

Осы орайда Мұстафа Шоқайдың зайыбы Мария Горина Шоқайдың естеліктеріндегі Германияның совет одағына тұтқиылдан соғыс ашу күні яғни, 22 маусымда М.Шоқайдың тұтқындалып, басқа да “кепілдікке алған құрметті зиялылармен” компьень қорғанына қамалғандығы туралы жазбаларының астарында жатқан саяси іс -әрекеттің мәні түсінікті болатындай. Дегенмен неміс рейхіне қолдау көрсету мәселесі жөніндегі пікірлердің бір орынға тоғыспай, екі айрылғанын атап өткен жөн тәрізді.

М.Шоқай Мехмет Элин Ресульзаде, Гаяд Исаки, Ахмед – Зеки Велиди, Рашид Ризмати, Абдул -Гани Усман, Джафар Сейд Ахмед тәрізді “Прометей” лигасына біріккен басқа да, түркі халықтары ұлтының қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен бірге Рейхтың сыртқы істер министрлігінің “қара тізіміне ” енгізіледі. Бірақ большевиктік идиологияға қаншама қаны қарайған өшпенділігі болғанымен, бұлар Гитлердің диктаторлық тәртібін қолдауға мүлде құлықты еместін /3/.

Бұдан әрі қарай өткен оқиғалар ужелісі төмендегідей 1941 жылы 25 шілдеше Германияның түркиядағы елшісі Франц Фон Папен өз елінің сыртқы істер министірлігінің назарын немістердің КСРО -ға қарсы соғыстағы жетістіктері автоматты түрде Пантурандық қозғалыстың кең қанат жайып, қарқын алуына жағдай жасайтындығына аударады.

Осы жылдың бесінші наурызында ол алдыңғы материалдарға қосымша Туркиядан сыртқа істер министлігіне пантюркизм мен оның көсемдері туралы анықтама құжаттарын жібереді. Сана саналық көп адамадар тізімінің ішінде Нури патша есімі де аталады. Германия сыртқы істер министірлігіне Нури патша тұлғасы қызығушылық туғызып, қыркүйек айында, дәлірек айтсақ 11, 18, 25 күндері сыртқы істер министірлігінің мемлекеттік хатшысы эрнест Вермани онымен тиянақты түрде келіссөз жүргізеді. И. Гилязов атап өткендей, Герман дипломатиясының шылығының ең үлкен қателігі. Туркиядағы пактюрдық қозғалыстың күш қуаты жөніндегі бағалауда ол тек нури патша тәрізді жекеленген саясаткерлер пікірене ғана арқа сүйеген еді. Түрік тілді және ислам дініндегі әскери тұтқындарды бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бері өмір сүріп отырған Вюнсдорфтағы лагерь үлгісіндегі жеке лагерьлерге бөлек орналастыру керек, бұл орындалса пан турандық көрсетуші әскери құрылымдар ретінде пайдалану мүмкіндігін қарауға ұсынатын болады. Германия жаулап алған территорияларда түрік және мұсылман халықтарын басқару түріктердің өздерінің құзырына беріліп, сегіз парақтан тұратын сұхбатты толық жазбасында Нури патшалық паунтурандық идеалар мен пікірлердің маңызын жан жақты баяндап түрік үкіметінің КСРО мен Германияға қатысты ұстанып отырған сыртқы саяси бағыты туралы айтқан пайымдаулары да бар.

1941жылы қазан айында елші Фон Поленнің қолдау және дәнекерлік көрсетуімен екі түрін генералы қырым жарты аралы ауданындағы совет -герман майдан даласына баруға әрекет жасайды. Бұлар Туркия әскери академиясының бастығы Ал -фуад эрден мен бұл кезде зейнеткер Хосию Эмир Менде еді. Олардың осы сапары , Герхард Фон Менде пікірінше, легионды құруға итермелеген соңғы іс -әрекет болғандай. Ал, түрік зерттеушісі Зехра Ондер шығыс легионын құру идеасының авторы Нури – патша екендігін көрсетеді /4/.

1941 жылы желтоқсан айында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеасын қолдайтындығы туралы есептік -анықтамалық құжат жолдайды. Гитлер бұл идеаны толық қуаттайды.

1942 жылы қаңтарда сыртқы істер мианистірі Иоахим Фон Риббентрон пантурализмді белсенді түрде қолдау туралы нұсқау береді міне, сол кезден бастап қана вермахт легион құру туралы жоспарды тікелей іске асыру жоспарларына кірісе бастайды.

Шығыс легиондарын әскери тұтқындардан ғана емес орыс, украин, кавказ және түрік татарлардан шыққан ұлт өкілдерінен де құрылды.

Профессор П. Фон Мюлен көрсеткендей мұндай эмигранттардан түскен арыздың көп болғандығы сондай 1941 жылы 1 шілдеде бұл мәліметтерді тіркеу орталықтарын ашуға байланысты нұсқау ғана шығады. Өйткені, немістер жағы ақгвардияшыларды майданға қалу совет тұрғындарына кері әсер етіп, КСРО тарапынан көрсетілетін қорлықтың күшеюінен қорққан еді.

Легионның алуғашқы құрылымдары жаулап алынған Польша территориясында құрылды әрі оың штаб пәтері де сонда орналасады.

1942 жылы наурызда бұл құрылым жаулап алынған КСРО -ның территориялық аймақтарында да пайда бола бастады /5/.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен түрлі шығыс легиондарын құрды. Соның бірі - “Түркістан легионы”. Легион қашан және қандай жағдайда деген сауалға жауап беруге ынта көрсеткен авторлардың ойы әр түрлі. Мысалы Ә. Байшуақұлы “1941 жылдың күзінде Гитлер Шығыс Пруссияға келген кезінде генерал Эркилеттің ұсынысын мақұлдап сол жылы 30 қарашады Түркістан легионын құруға шешім қабылдады Оны жалақтау 162- ші жаяу әскер дивизиясына тапсырылды”/6/.

Ал тарихшы ғалым Белан мынадай деректер келтіреді. 1941 жылы 18 шілдеде түрік бас штабы академиясының бастығы А.Ф. Эрден неміс елшісі папенмен сөйлескенде кавказда “жергілікті халықтардың федерациясын”, ал, каспийден шығысқа қарай “Тәуелсіз тұран” мемлекеттін құру туралы идеяны ұсынады. Берлиундегі түрік елшісі гереде осы пікірді сол қалпында сыртқы істер министірінің шенеунігі Вайцзеккерге жеткізген. 1941 жылдың қыркүйек айында пантүріктік бірден – бір идеолог нури -патша Папен арқылы рейх басшыларына ирандық Әзербайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Қырым түбегін қамтитын советтік республикалар есебінен мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың қажеттігін айтқан / 7/.

Осы мәселені зерттеп жүрген ғалым Бақыт Садықовтың еңбегінде, 1941 жылдың желтоқсан айының басында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтындығы туралы естелік анықтама құжат дайындайды (жолдайды) Фюрер идеаны толық қуаттайды. Осыған орай 1942 жылдың қаңтарында сыртқы істер министірі Иоахим фон Риббентроп пантуранизмді белсенді түрде қолдау жөнінде нұсқау береді. Міне, сол кезден бастап қана Бермахт легион құру туралы мәселені тікелей іске асыру жоспарын қолға алу керек.

Бұл мәселе жөнінде орысша, немісше жарық көрген көптеген материалдарды сараптай келіп Искандер Гилязов 1941 жылдың күзінде Германияның әскери және саяси басшылығы КСРО ның шығыс халықтарымен жұмысты өз түсінігімен жүргізсе кейінрек, қарашаның орта кезінде бұл ұмтылыс ресми директиваға ұласты: Гитлер Түрік легионын құруды қолдайды. Бұл шешім негізінде кейін Польша жерінде Түркстан, армиян, грузин және кавказ мұсылман, (кейінрек Әзербайжан және солтүстік кавказ болып бөлінеді) төрт легионды құру туралы 1941 жылы 22 желтоқсанда ОКВ – ң бұйрығы шығады. Шығыс министрлігінің комиссиясы Еділ бойы және жайық жағалауының халықтарын басқа әскери тұтқындардан баста бөлсе де Еділ -татар легионын құру жөніндегі бұйрыққа 1942 жылы 15 тамызда ғана қол қояды.

Енді мемлекет қауіпсіздігі органдарындағы қылмыстық іске тағы да оралайық. Мұнда 1942 жылы эрнекке, кейін генерал -майор Хайгендорф басқарған “Түркістан легионы ” құрылды делінген. Штаб бастығы болып неміс армиясының офицері Робель тағайындалады. Батальон командирлері қызметіне де тек неміс офицерлері бекітіледі. Орта және кіші командирлік қызметтерге өзге ұлт өкілдерін қоюға рұқсат етіледі. Аталған қызметке Қызыл Армиядағы атақ – дәрежесіне қарамай тек “лайықтыларды” ғана бекіту қатаң ескертілді.

Түркістан ұлттық кеңесі ” президенттің орынбасары Баймырза һайт былай дейді: “Тұтқындарды өз мемлекетіне қарсы қою халықаралық қағидаларға қайшы” болатын. Сондықтан да бұл тұтқындардан бұл қадамға өз еркімен бағындыратын айғақтайтын қолы қойылған екі нұсқа қағаз алынатын. Осы құжаттың бір нұсқасы Женеваға жіберілетін. Екіншісін өз еркімен Түркістан құрамасында кеңестерге қарсы соғысуға дайынмын деп ант ішемін деп көрсетіледі және онда Түркітан легионы немістердің ұйғаруынша бұған қазақтар, өзбектер, түркмендер, тәжіктер, қырғыздар, ирандар, дүнгендер, қарақалпақтар және шығыс татарлары енді.

Түркістан легионын құру дәуірін 3 кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең – Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауына дейінгі Кеңес республикалары халықтарының идеялық-әлеуметтік татулығының дәрежесі, соның ішінде РСФСР-ға «тең келетін» алғашқы ұлттық республикалардың арасындағы қатынас айқындалған уақытта аяқталды. Осы мақсатта неміс басшылығының назары кеңестік түріктерге қатысты үш мәселеге ауды:

- жалпы түріктік идея қаншалықты күшінде;

- нантуранизмдік идеяның таралу дәрежесі;

- исламның әсер ету ауқымы.



Екінші кезең КСРО-ның бөлшектену жағдайының «жеңілісіне» қатысты, онда КСРО-дан Түркіменияның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның бөлініп шығуын қарастыру қажет болды. Бұл жағдайда аталған республикалар өздеріне ұсынылған ұсыныстардан бас тартар еді. Сондай-ақ, осы республикалардың әрқайсысы өзін-өзі басқарудың жеке құрылымына ұмтылады. Дамудың мұндай жағдайында Үндістан, Ауғанстан, Иран мемлекеттері тарапындағы ағылшындардың КСРО-ға көмек көрсетеміз деген сылтаумен келіп, қауіп төндіруі мүмкін еді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін Вели Каюм аталған республикаларды Германияның өз қамқорлығына алуын және олардың саяси құрылуын, атап айтқанда Түркістан Кеңесінің (гремиумының) тезірек құрылуын қарастыруды ұсынды, ол қажет болған жағдайда Түркістанға шұғыл аударылуы мүмкін болар еді. Бұл Кеңес әскери тұтқындар мен эмигранттардың қатысуымен КСРО-ның берілген нүктесіне өз іс-шараларын алдын-ала жоспарлауы тиіс болды /8/.

Үшінші кезең - жасалған ғылыми-практикалық талдауға сүйене отырып шешім қабылдауға қатысты болды.

1941 жылғы тамыздың аяғында Шығыс министрлігінің арнайы комиссиясы өз жұмысын бастады, ол түрік әскери тұтқындарын (Поволжье, Орта Азия, Кавказ халықтарының өкілдерін) басқалардан бөлді. Іріктелген әскери тұтқындар Польшаның, Прибалтиканың, Белоруссия мен Украинаның оккупацияланған жерлеріндегі арнайы лагерлерге орналастырылды. Әскери қалыптастыру бойынша алғашқы эксперименттердің бірі түрік мұсылман халықтарына жасалды, олар немістердің пікірі бойынша кеңестік билікке қарсы еді. ОКН (Oberkommando des Heeres - құрлықтағы әскерлердің Жоғарғы командованиесі) 1941 жылы 15 қарашада «Оңтүстік» армияның әрбір дивизия тобын «түркістандық және кавказдық» әскери тұтқындардан құруға бұйрық береді, олар кейінірек Запорожье түбіндегі 444-ші дивизияға, Түркістан полкіне біріктірілді. Полктың базасында 444-ші түрік батальоны құрылды. Полк қорғаушы қызметте пайдаланылды. Алайда, бұл полк та, сол кезеңде майор Андрас Майер-Мадердің қол астындағы 450-ші түркістан жаяу әскер батальоны мен Теодор Оберлендердің қол астындағы «Бергман» («Горец») батальоны да 1942 жылдың басында құрылған Шығыс легионы құрамына енген жоқ және олар жеке-жеке әрекет етті /9/ .

OKW (Oberkommando der Wehrmacht - Герман әскери күштерінің Жоғарғы командованиесі) Түркістан легионын түркімен, өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ және тәжіктерден, ал кавказ - магометан легионын әзірбайжан, дағыстан, үңгіш, лезгин және шешендерден құру туралы 1941 жылғы 22 желтоқсанда бұйрық берді /10/.

Польша территориясында Легиондарды құру 1942 жылғы жаз-күз айларында аяқталды.

Осы кезеңде, дәлірек айтқанда 1942 жылдың қаңтар айында өзбек эмигранты Вели Каюмды Шығыс министрлігі Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті етіп тағайындайды, және оны қалыптастыруға белсене кіріседі. Неміс зерттеушісі Патрик фон цур Мюленнің мәліметтері бойынша, Түркістан легионының қатарында 110-нан 180 мыңға дейін түркістандықтар болды. Бұл сан Түркістан Ұлттық Комитетінің құрамында әскери министр болған Баймырза Хаит көрсеткен 181 402 түркістандыққа жуықтайды /11/.

1944 жылғы 1 қаңтарда легионға жаңа қызметтер енгізумен және кейбір бұрынғы қызметтерді жоюмен байланысты құрылымдық өзгерістер жасалды (170). Арбайтсгемайншафт Түркістан Интитуты (Arbeitsgemeinschaft Turkestan) құрылды, ол Түркістан Ұлттық Комитеті мен Түркістан легионын бақылаушы орган болды. Аталған институтты құрғанға дейін оның қызметін РСХА-дағы Ваннзеес институты мен рейхтің басқа ведомствалары атқарды. Осылайша, құрылымдық кешен қалыптасты, оған төмендегілер енгізілді:

- Арбайтсгемайншафт Түркістан институты, бұл пантюркизмнің формальды түрде ұсынылған саяси Орталығы болды және СС басшылығына қойылды/12/.

- Түркістан Ұлттық Комитеті;

- вермахтқа формальды бағынатын Түркістан легионы;

Барлық үш құрылым да біртұтас бүтіндікті көрсетті.

«Арбайтсгемайншафт Түркістан - Түркістан Ұлттық Комитеті – Түркістан легионы» құрылымдық кешені барлық түркістан легионерлерінің қызметін тотальдық бақылаумен қамтамасыз ету үшін ойластырылды. Арбайтсгемайншафт Түркістан бақылаушы орган ретінде Түркістан Ұлттық Комитеті арқылы әрекет етті. Түркістан Ұлттық Комитетіне уақытша түркістан үкіметінің рөлі тапсырылды, ал Түркістан легионына – Түркістанның болашақ армиясының рөлі тапсырылды

Түркістан легионын құрылу жөнінде Мәскеудегі бұрынғы одақтық қорғаныс министірлігінің және бас штабының архивтерінде де ешқандай мағлұматтар кезікпеді. Мұстафа Шоқайдың түркістан легионын өз белсендігімен “ұйымдастырғаны” жөнінде неміс, ағылшын, американ құжаттары да табылған жоқ. Олай болса, М. Шоқай осы уақытқа дейін Түркістан легионының белсенді ретінде айтылған пікірі негізсіз, дәлелсіз. Ол туралы Әбдуақап қара, Стамбулдағы Милар Сенан университеттің докторы шоқайтанушы былай дейді.

Шоқайдың түркістан легионына қатысы жоқ, ол тіпті оған қарсы болған адам түркістан легионы 1942 ж наурызда құрылған болатын. Мұстафа болса 1941 жылы 27 желтоқсанда дүние салған болатын. Тек оны легион жұмысына тартқысы келгендер болды. Оның дәлелі мынау. М. Шоқай қайтыс болар алдында тұтқын лагерін аралаған кезде, нацистік Алмания басшылығына түркістандық жастарды соғыс шептеріне жіберудің орнына, оқуға жіберілуі көбірек тиімді болатын. Мұстафа өзі соғысқа қарсы жан еді. Ол сонымен қатар Гитлерге де оның наистік партиясымен фашистік идиологияға да қарсы болған адам. Оны Мұстафаның соғыс қарсаңында “Прометей” журналында жарық көрген мақалаларынан оны байқауға болады. Ол тұтқын лагерлерін аралап жүрген кездің өзінде, егер нацистер кеңес одағын жеңіп, Орталық Азияны қолға түсіретін болса, он большевиктерден де әрмен талан – таражға салатынын біліп жүргені байқалады ” /13/.

Ол түркістан легионы жобасынан бас тартып Парижге қайтар алдында, Берлинде дүние салды. Қорыта айтқанда, М. Шоқай түркістан легионы жобамен келіспей, нацистерге көмек беруден бас тартқаны үшін құрбан болды. Алайда ең өкініштісі осының бәріне қарамастан, кеңестік үгіт – насихат құралдары, оның фашистермен істскен сатқын ретінде көрсетуге тырысып жала жабумен болды емес пе?

Ұлы түрік ғалымы Абдуақап Қараның мұндай қорытындыға неге келгенін сөз етсек, бұған негізгі арқау болған түркістан легионында қызмет атқарып, артынан толық ақталған белгілі ақын Хамза Абдуллиннің “Мұстафамен Мағжан -тұран елінің дарындылары ” еңбегінде Мұстафа Шоқайды Шығыс министірі Розенбергтің бұйрығымен Уәли Қаған у беріп өлтірді деген құпия тарады.

Легион байрағының үстіңгі жағы қызыл, асты жасыл түсті матадан жасалды, онда ақ түсті садақ пен оның жебесі, ал ту сабының төменгі жерінде жарты ай мен жұлдыз бейнеленді.

Ерікті құраманы азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз ету неміс әскерінің нормасына сай белгіленді. Мысалы, Польшада (легионның құрылған жері) әрбір он күнде ақшалай үлес рота командиріне - 72, взвод командирі мен оның көмекшісіне - 45, бөлімше командиріне - 42, оның көмекшісіне - 36, легионерге - 15 бзлотых еріліп тұрды.

Күнделікті алатын азық-түлік мөлшері мынандай: 400 гр. нан (соғыс жағдайында 600 гр), бір литр тары немесе ет (өте сирек) сорпасы, 20-35 гр. шұжық, 20-25 гр. сары май, 3 сигарет. Кейде 50-100 гр. коньяк, әрбір үш күн сайын 5 конфегг берілетін /14/.

Легионерлер бір-бірімен өзара тек ана тілінде түсінісетін, ал орысша сөйлесуге тиым салынды. Бұйрық тек немісше айтылады.



Мұрағат құжаттары легионерлердің моральдық-саяси жағдайы аса жоғары бола қойған жоқ деп баяндайды. Олардың біраз бөлігі бас сауғалап, тірі қалу үшін келгендер, дегенмен шын сырын тіс жарып сыртқа жая қойды дейсіз бе? Солай болған да шығар. Алайда, "елім, туған жерім" деп, егіліп, не де болса алаш жұртын большсвиктік бұғаудан босатуға шын жүрегімен, бар ынта-ықыласымен кіріскслдер аз болған жоқ.

Легион командирлерінің, "ТҰК" басшылығының және діни қызметкерлердің қатысуымен өткізілетін салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі "Құран Кәрім" алдындағы екі қылыш айқастырылған күйдегі Түркістан байрағы астында берілетін. Оның мазмұны мынандай: "Герман әскеріне қызметке кірген мен қолымдағы қаруыммен қасық қаным қалғанша большевиктермен және Қызыл Армиямен күресемін. Егер бұл антты бұзсам, мен Алла және герман командоваииесі алдында жауап беремін". Бұдан соң ол қолын кеудесіне ұстап, даусын қаттырақ шығарып, үш рет "олла-білля" ("Алланың атымен ант етемін") деп қайталайтын. Міне, осыдан кейін легионерге тиісті киім-кешегі берілетін.

Мұрағат құжаттарына қайта үңілейік. Ерікті құрамалардың сандық құрылымы, олардың әскери құралдармен жарақтануы, легионерлердің жай-күйіне назараударып көрейік.

1942 жылдың аяғына таман "Түркістан легионы" құрамына әрқайсысы 1100-1200 адамнан тұратын 9 батальон және "Түркістанның жеке СС ротасы" (270 адам) кірді. Бұдан басқа "Тимур атындағы Түркістан батальоны", "СС-ың шығыс мұсылман дивизиясы", "СС полкы", "СС-тің д ла ротасы", қазақтың "Алаш" отряды, түркі тектес халықтардың бригадасы сияқты ірілі-ұсақты құрылымдар да болған көрінеді.



Әскери бөлімшелер қалай жарақтанды десек, батальондардың бір-бірінен айырмашылығы болмаған. Олардың әрқайсысы 3 атқыш, 1 қару-жарақ ротасы және штаб ротасы бар яғни әрқайсысы шамамен 170-190 адамнан тұратын 5 ротадан тұрды. Әрбір атқыш ротасында 4 атқыштар зводы, танкігс қарсы қарулы топ, сонымен бірге 3 елу метрлік миномет бол-ды. Ауыр кару-жарақ (пулемет-миномет), штаб роталарын сөз етсек, олар тиісінше былай жарақтанды: “Максим” жүйесіндегі 10-12 станкілік пулемет пен 4-82 миллиметрлік миномет; 45 миллиметрлік 3-4 зеңбірек, 50 миллиметрлік миномет, байланыс взводы және сапер взводы. Мұнымен қатар әрбір батальонға радиостанция, 2-3 жүк машинасы, ал кейбіреулеріне бронемашина берілді.

Міне, осылай жарақтанған еріктілер әскери қимыл-әрекетке қатыспады десек, шындықтан алшақтап кеткен болар едік. Бірақ совет әскерлерімен болған қиян-кескі күрестс "Түркістан легионы" керемет бір шешуші күш бола қойған жоқ, әрине. Қайта, керісінше, олардың пайдасынан зияны көп болғандай. Мысалы, NN1, 3, 4, 6, 8 батальондар ретін тауып, Қызыл Армия жағына шықты, кейбіреулері қару-жарағын тастап, соғыс алаңынан қашып кеткен. Донбасс аймағында болған N5 батальон қорғаныстың екінші шебін салуға пайдаланылды; траншея қазып, сым қоршаулар жасады, екі арадағы соғыста түгелдей қырылды. Ал Варшава түбіндегі N 9 батальон темір жол торабын күзетті, тікелей әскери операцияларға қатысқан жоқ.

Фактілер көрсетіп отырғанындай, легионерлердің көпшілігі жат жұртқа қызмет көрсетуге онша ынта-ықыласы бола қойған жоқ. Шамалы мүмкіндік болса Қызыл Армия жағына өтіп, елге қалай да қайтуды қарастырғандар аз емес.

1944 жылдың тамыз айында Батыс Украинада «Түркістан легионының" қолында қару-жарағы бар 100-ден астам әскери қызметші бөлімшені тастайды да өздерін партизанбыз деп жариялап, неміс әскерлеріне қарсы шығады.



Осыған орай бір шетел ғалымының пікіріне назар аудара кетудің реті келген сияқты. Француз тарихшысы, профессор Клод Дельпла былай дейді: "Менің деректерім бойынша, Түркістан легионы құрамында кемінде 6 батальон болған, оның екеуі бізге көбірек танымал, себебі, олар Францияда Тулуза қаласының шүбіне орналасқан еді. Легионшшарға немістер көп сене бермейтін. Олардың неміс армиясында тек қарын тоқтығын іздеп, жанын сақтап қалу үшін жүрген адамдар екеніне немістердің көзі толық жеткен еді.

... Арьеж төңірегіндегі түркістандыктардыц француз партизан бөлімшелеріне қосылғандары жөнінде мен әзірше нақты мысал келтіре алмаймын, бірақ Гаронна өзенінің жоғарғы жағындағы аймақта партизандарға өткен түркістандықтардың саны одан да көп. Бұл бізге белгілі оқиға.

... Әрине, қазіргі жағдайда түркістандықтардың Францияда болған кезеңдері жөнінде баға беру керек екендігі сөзсіз. Олардың арасында фашистермен ауыз жаласкандары да болды. Бірақ олар аз. Елу шақты адам (сатқындар) әскери кылмыскерлермен бірге әскери трибуналға тартылып, сазайын тартты. Алайда, түркістандыктардың басым көпшілггі неміс армиясына өмірлерін сақтап қалу үшін ғана барған адамдар. Көп нәрсені түсінбегендіктен, оларға әрбір тыныш өткен күн Алланың сыйындай еді. Соғыс біткен соң түркістандықтар кеңес солдаттарының қатарына қайта қосылды. Өйтксені, Францияға оларды еліне кайтару үшін совет миссиясы келген еді.

Біз болсақ түркістандыктардың мәселесін жаңа ғана біліп отырмыз. Байкасақ, олардың тағдыры алдын ала шешіліп койған сияқты. Тұжырымдап айтқанда, Түркістан легионшыларын не сатқын, не қаһарман деп айтуға келмейді, себебі, бұл майдан олардың соғысы емес болатын.

Әрине, бұл пікірге келісе қоймайтынлар да бар. Дегенмен француз ғалымының ой-өрімдеріңде кейбіреулерге ұнай қоймайтын шындықтың жоқ еместігін естен шығармағанымыз дұрыс емес пе?

Жауласқан екі ел арасында қашанда болсын барлау, қарсы барлау істері өрістей түсетіндігі мәлім. Өйтксні қандайд да мәселені тиянақты шешу үшін жан-жақты хабар-ошар керек. Соның бір көзі - барлау ісі. Мұның легионға да қатысы болды, әрине. Вали Каюмханның тікелей араласуымсн 1942 жылдың сәуір айында немістің "Цеппелин" барлау органы Легиною деген жерде "СС-тің Түркістан ротасы" деген атпен жамылған арнайы мектебін ұйымдастырды. Мұнда бір мезгілде неғұрлым сауатты және денсаулығы жақсы деген 200-ге дейін легионерлер оқиды. Осындай арнаулы оқу орыңдары басқа аймақтарда, атап айтқанда, Люкенвальд пен Освитц (Герман ия), Воломино (Польша), Теппель (Чехословакия) және Тавель (Қырым) сияқты жерлерде де қоныс тепті /15/ .



" Үлкен Түркістан" мемлекетің құрудың жоспары жасалған. Мұрағат құжаттарында көрсетілгеніндей, бұл ұлан-ғайыр елге болашақта КСРО-дан бөлінеді деп есептелген Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан,Түрікменстан, Қарақалпақстан, Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кавказ, Әзірбайжан мен Қырым аймағы, сонымсн бірге Синьцзян (Солтүстік Қытай) Ауганстан мен Иранның солтүстік өңірі кіругс тиіс болатын.

Сөйтіп, шығыс батальондары соғысқа қатысты деген аты болмаса көпшілігі неміс әскери басшылығының үмітін ақтай алмады. Сондықтан да 1943 жылдың он бойы олар партиззандармен күресте, темір жолды, елді мекендерді қорғауда, кеден қызметін атқаруда, сол сияқты тылдағы басқа жұмыстарда көбірек қолданылды. Оларды осылайша пайдаланудың ауқымы тіпті молайып кетті.



Мысалы, 1943 жылдың көктем-жазында партизан қозғалысына қарсы жұмсалады деген ниетпен Украинаға бірнеше әзірбайжан, еділ татарлары, грузин және түркістан батальондары жіберілді. 1943 жылдың орта кезінде Львов аймағына шоғырланған шығыс легиондарының саны 31 мыңға жетті. Бірақ тәртіптің нашарлауы, соғысты жүргізуге ешқандай ынта-ықыластың көрсетілмеуі, легионерлердің партизандар жағына өтіп кетуінің жиілеуі, "жау насихатының" күшейе түсуі неміс басшыларын "сенімсіз" деген бөлімшелерді бұл жерден қуып, орнына басқаларды әкелугс мәжбүр етті. Алайда, жаңадан келгендер дс осындай "әдіске" көшті. Сондықтан да шығыс легиондары Украинадан біртіндеп түгелдей кетірілді.

1943 жылдың аяғында неміс саясаткерлері мен неміс әскерилерінің легион құру жөніндегі бұрынғы қуанышы түсінбеушілікке, тіпті түңілген жағдайға айналды. Мынандай сұрақ тікесінен қойылды: өздеріне жүктелген міндетті қызметін орындай алмаған құрылымдармен алдағы уақытта не істеу керек? Қызыл Армияның жеңісті шабуылы Шығыс легиондарының "әскери қабілетіне" едәуір әсер етгі, ал мұның өзі неміс басшылығын осы әскери және идеологиялық "қауіптен" шығыс легиондарын алыстату идеясына итермеледі. Ақырында жалтақ, бейтарап шешім өмірге келді легиондар Шығыста ештеңе бітіре алмады екен, олай болса оларды қашықтау жерге Атлантика толқыны деп аталған аймақты қорғауға - батыс соғыс театрына жіберу ұйғарылды. Сонда "большевиктермен күрес", "отанды азат ету" идеясы Шығыста жүзеге асырылмай, легионерлер үшін тек құрғақ қиял болғанда, сонау Батыста мұндай мақсат-міндет олардың "үш ұйықтаса түсіне ене қомайтындығын" осындаи ой-пікірдің авторлары түсініп-білді ме екен? Батыс майданда олар не үшін қан төгуі керек?

1943 жылдың 29 қыркүйегінде Гитлер барлық шығыстық еріктілерді Шығыстан Батысқа ауыстыру жөнінде жарлық шығарды. Бұл Шығыс легиондарды Польша территориясынан Францияға жіберіп, оны "Батыс" армия тобы қолбасшысының қарамағына аттандыру туралы герман бас шта-бының 1943 жылдың 2 қазанындағы бұйрығында көрініс тапты. Шығыс легиондарының басшылығы қараша айының соңында оңтүстікке, Мийо қаласына жетті, ал барлық алты легион (яғни олардың командирлері және негізгі лагерлер), офицерлер мектсбі және аудармашылар мектебі -бәрі 21 қарашадан бастап осында болатын.

Легионсрлерді тасымалдау өте асығыс қолға алынды. 1943 жылғы қарашаның бірінші жартысында қоныс аудару негізінен аяқталды: 1944жылдың 1 наурызына дейінгі ресми деректер бойынша "Батыс" армия тобының қарамағына 61439 шетелдік және шығыс еріктілері кірген.

Батыс Европаның әртүрлі елдері мен аудандарында айқасқан шығыс батальондары Атлантикалық толқынды қорғауға ғана емес, Шығыстағыдай партизаидармен де күресуі тиіс еді.

Франциядағы Шығыс легиондары бұрын Украинада көрсеткен іс-әрекетін тағы да байқатты: біреуін неміс басшылығы "тамаша, әскери қабілеті күшті құрамалар" (Шербурді одақтастар әскерінен қорғаудағы 795-ші грузин батальоны) деп атап етсе, екіншісі сснғысуға құлық көрсетнеді, партизандарға етті (мысалы, 797-ші грузин батальоны мүлде күйреді, Брест түбіндегі ұрыста 800-ші солтүстік кавказдық батальоннан 203 адам қашып кетті). Х.В. Нойленнің дерегі бойынша тек Францияның өзінде одақтастар әскері 30000-дай шығыс еріктілерін тұтқынға алған. 1945 жылдың 6 сәуірінде қолындағы қару-жарағымен одақтастар жағына шығамыз деп немістерге қарсы шыққан голландия жеріндегі Тексель аралыңдағы 822-ші грузин багальонының көтерілісі - елеулі оқиға. Осы ереуіл кезінде 565 грузин, 117 голландық азамат, 800-ге жуық неміс қаза тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет