Ішкі саралаудың бірнеше ерекшеліктерін атап айтуға болады:
Оқушылардың қабілеттеріне қарай (формалары: түрлі қиындық деңгейдегі тапсырмалар, мұғалім көмегінің үлесі), деңгей бойынша саралау;
Мамандыққа бейімделген қызығушылығы бойынша саралау.
Оқушылардың тұлғалық-физиологиялық ерекшеліктері бойынша ішкі саралау баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеретін тұлғалық қарым-қатынас барысында жүзеге асады (жадының типі, ойлау ерекшеліктері, темпераменті, т.б.). Сыртқы саралау ішкі саралауды жоққа шығармайды, себебі қандай да бір белгі бойынша сараланып анықталған сыныптың өзінде оқу процессін тиімді ұйымдастыру үшін ішкі саралауға барынша мән берген жөн.
5
Білім беруді саралау оқушылардың жеке типологиялық ерекшеліктерін, олардың топтастырылу формасын және таңдалған топтардағы оқу процесінің әр түрлі құрылысын міндетті түрде қарастыруды қамтиды.
Саралау принциптері :
1. Оқушылардың оқуға деген көзқарасы және өзін оқушы ретінде сезінуі оның оқу процесіне жауапкершілігін дамыту үшін маңызды.
2. Саралау - бұл жоғары сапалы оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі.
3. Тиімді саралау – жүйелі саралау, ол үздіксіз жүргізіледі.
6
Сыныпта тиімді саралауды жүргізу үшін мұғалімге нені білу керек?
Үздік оқушыларда әр түрлі мінез-құлық ерекшеліктері байқалуы мүмкін:
олар «әрдайым табысты болуға» тырысады, сондықтан «баға» «идеядан» гөрі маңызды және «мадақтау» «интеллектуалдық тәуекелге баруға» қарағанда маңызды деп санайды;
бәрін жоғары деңгейде жасау керек деп сенетін және «сәтсіздікке» жол бермейтін «перфекционисттер» - олар «жұмысты (тапсырмаларды) соңғы сәтке дейін кейінге қалдыратын» немесе «тым мазасыз» болуы мүмкін;
олар өзіне деген сенімділікті дамытпауы мүмкін - себебі мектепте белгілі бір тапсырманы орындай алмайды деген күдік болуы мүмкін;
олар мектепте тапсырмаларды жеңіл түрде сәтті орындағандықтан, күрделі мәселелерді шешу дағдыларын дамытпауы мүмкін.
Оқуында қиындығы бар оқушылармен жұмыста келесі ұсыныстарды ескеріңіз: