Грамматикалық ұғымдарды белсендіру (практика)
Грамматикалық ұғымдарды түсіндіру, белсендіру тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.
Грамматикалық бірліктер мен құрылымдарды мысалдар, ереже негізінде түсіндіреді.
Практикалық жаттығулар ұйымдастырады.
Оқушылардың грамматикалық бірліктерді дұрыс қолдануын қадағалайды.
Алайда тым көп теориялық ақпарат беруден абай болу керек.
Грамматикалық ұғымдарды бекіту тапсырмалары (өнім)
Home » Мақалалар » Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
Мақалалар 0 3,897 қаралған 2018-10-31
Күнде өзгеріп жатқан ғаламда уақыт талабынан қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер керек. Білім саласындағы басты өзгерістердің бірі ретінде білім мазмұнының жаңаруын айтуға болады. Бұл-уақыт талабынан шығуға деген талпыныстан туған жауапты қадам. Фундаментальды білімнен функионалды білімге ауысу кезеңінде, әрине, көзқарастар қайшылығы орын алатыны анық, дегенмен бүгінгі күннің талабы осы.
Білім мазмұнының жаңаруы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа механизмдерін, озық тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру,мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан қазақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат – коммуникативтік бағытта оқыту деп санаймын.Осының бәрі оқушының жеке тұлга ретінде қалыптасуына әсер етеді,оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |