3-күн тапсырмасы. А берілген тест тапсырмасын орындаңыз


d) Түң ғатұу, баса гөктөу, айыб етпе, оқаш шоқ+



бет2/6
Дата19.04.2024
өлшемі18,5 Kb.
#201025
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-күн 3-тапсырма

d) Түң ғатұу, баса гөктөу, айыб етпе, оқаш шоқ+

Ә) Қалай ойлайсыз, осындай сарындағы тапсырмалар оқушылардың орфоэпиялық нормаға сай сөйлеуіне қыншалықты ықпал етеді? Сіз өзіңіздің оқыту тәжірибеңізде білім алушылардың орфоэпиялық норма мәселесіне қаншалықты көңіл бөлесіз? Қандай тапсырмалар немесе жаттығулар арқылы бақылайсыз?

Қазақ тілінде сөздер қалай жазылса, солай оқыла бермейді. Көп ретте оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздің қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді.


С) 3-күн 1-үлестірме материалын зерделеңіз. Грамматиканы коммуникативтік аспектіде оқыту мысалы негізінде ППП әдісін қолданып, әдеби тіл нормасын сақтау оқу мақсатына сабақ жүйесін әзірлеңіз.
ППП әдісі.
Грамматиканы оқытуға дайындау, грамматиканы түсіндіру (презентация)
Грамматиканы белгілі бір контекст, коммуникативтік жағдаят негізінде оқытылады.
Грамматиканы үйретудің кезеңдері:

Грамматиканы оқытуға дайындау, грамматиканы түсіндіру (презентация)
Грамматикалық ұғымдарды белсендіру (практика)
Грамматикалық ұғымдарды бекіту тапсырмалары (продукт)
Сабақ жоспарында грамматиканы үйрету кезеңдері толығымен сақталып құрылса, бір сабақты толығымен қамти алады.


Грамматикалық ережені білуден гөрі орынды және дұрыс қолдануына мән беріледі.
Мәтіндердің стилі мен жанрына байланысты, коммуникативтік жағдаятқа байланысты оқушы грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай алуы тиіс.
Ауызша және жазбаша мәтін құрауда грамматикалық бірліктер мен құрылымдарды түрлендіріп қолдана білуі қажет.
Грамматикалық бірлікті түсіндіру не қайталату барысында арнайы коммуникативтік жағдаят ұсынған дұрыс. Ол мәтін не сергіту тапсырмасы түрінде болуы мүмкін. Әдетте грамматикалық бірліктердің жұмсалуын, білдіріп тұрған мағынасын сұрақтар арқылы оқушылардың өздерін (guided discovery) анықтатуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет