«Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру: 4К моделін енгізі баланы мектепте оқытуға дайындау үшін инженерлік ойлау мүмкіндігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту»



Дата20.02.2020
өлшемі36,47 Kb.
#58489
Байланысты:
5ылыми жоба
Экология, Робот, programma futbol, 1
«Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру: 4К моделін енгізі - баланы мектепте оқытуға дайындау үшін инженерлік ойлау мүмкіндігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Мухангалиева Асыл Нурлановна

« Талап ауылының №14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

« Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі


Анностация. Сонымен қазіргі заманғы білім берудегі басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін , икемділіктерін дамыту. жаңаша білім алу тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық , бағыттылықпен бірге мықты негізділік шешуші рөлге ие.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақұлтымыздың баға жетпес қазынасыМектеп жacынa дейінгі бaлaлaрды дaмытy мәceлecі ұлттық даму cтрaтeгияcымeн тығыз бaйлaныcты мeмлeкeттік caяcaттың aжырaмaс бөлігі бoлып тaбылaды. Бaлa – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің aлғашқы дeңгeйi. Coндықтaн, мeктeпкe дeйiнгi тәрбиeлeу мен oқытyдың нeгізгi мaқсaты-бaлaның жеке бacының қaлыптacуы мен дaмуы болуы тиіс.

Мeктeпкe дeйінгі тәрбиe мен oқыту үздікcіз білім бeру жүйecінің aлғaшқы деңгейі ретінде қaзіргі тұрaқты өзгeріп тұрғaн әлeмдe тaбыcты бeйімдeлугe қaбілeтті бaлa тұлғacының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жaңaлықтaр мен технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.

Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол – ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл орта құру үшін инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең – оқып үйрену;
2 кезең – меңгеру;
3 кезең - тәжірибеге енгізу;
4 кезең – дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:


  • Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • Тәрбиеленушілердің сабаққа қатыспаушылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми- әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

  • Жаңа оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы балаларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;

  • Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  • Баланың танымдық күшінқалыптастыру және дамыту;

  • Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • Әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

  • Баланың оқу үрдісін сезінуі.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу.  Әрине  бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. 

Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалып­тастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық­­тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет. Біздің ба­ла­бақ­шамызда балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған.  Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәр­биеші ретінде балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық  технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.

Мектепке дейінгі меке­ме балаларына  үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері.   Осыған орай мектепке­ де­йін­­гі мекемелердің тә­жі­ри­бесіне  оқыту мен тәр­бие­леудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мә­селен, ынтымақтастық пе­да­­гогикасы, білім беруді  ізгі­­лендіру,  ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқы­ту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлау­ды дамыту, оқытудың ком­пьютерлік технологиясы, психологиялық, педа­го­ги­ка­лық әдістемелік білімді,  педагогикалық ше­бер­лікті, балалардың жан-дү­ниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілер­дің­  ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта­рлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қа­лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой­лау­­ды,­  дү­­ние­танымды да­мы­­туға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­д­іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді.

“Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру”- атты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда». Осында атап өткендей балалардың ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттері, жаңа дағдылары, креативтілігі, сыни ойлауы, коммуникативті дамуы және командада жұмыс істей білуі әрқайсысының бойынан табылуына қажетті қасиеттері мен құндылықтары, заманауи талаптарға ілесе алуы.

Заман талабына сай әр педагог өз оқу қызметін жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаты – балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балдырғандардың сөздік қорларын молайту, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйрету көзделеді.

Жеке шығармашылық тәжірибемде қолданып жүрген әдістің бірі – Блум таксономиясы әдісі, ол оқу қызметінде балалардың жетістіктерін бағалауда тиімді. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі яғни міндеттердің сатысы болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің орта және жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады. Алайда, сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болатынын озық тәжірибелер де көрсетіп отыр. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Қолданылған әдебиеттер:



    1. 1. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002ж

    2.  2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004

    3. [«Мектепке дейінгі білім-тәрбие әдістемесі» №1, 2015]

    4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет