Бекмуханбетова Мадина “2022 жылы Қазақстанның білім беру саласында не өзгереді?” мақаласына аннотация Өзектілігі: Бұл мақалада 2022 жылы Қазақстанның білім беру саласында болатын өзгерістер, сонымен қатар 2025 жылға дейін жасалуы тиіс бірқатар іс-әрекеттер сипатталады. Мақалада ҚазАқпарат тілшісі Венера Жоламанқызының атап айтқан 5 міндеті жазылады.
Шешімі: Білім саласын жақсартудағы мәселенің шешімінің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұйымдардың жұмыс істеу нормативін арттыру көзделді.
Нәтижесі: Ұлттық жобада мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жолдары атап көрсетіледі. Сондай-ақ, жобаны іске асыру мектептердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қорытынды: Мақалада білім беру саласындағы басты міндеттер сипатталып, оның қалай жүзеге асатындығы суреттеледі. Сонымен қатар 2021-2022 жыл аралығындағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері қорытындыланады. Мақала 2022 жылы 4 қаңтар жарияланған.