«Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына саяхат» атты ғылыми мақаласына



бет1/4
Дата23.12.2019
өлшемі1,35 Mb.
  1   2   3   4
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Байтерекова Шолпанның «Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік



өнер мұражайына саяхат» атты ғылыми мақаласына
АННОТАЦИЯ

Қазіргі заманда мемлекетіміздің білім сапасы мен мәдениетін жоғары деңгейде дамыту үшін елімізде үш тілді қолдау Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасы қолға алынды. Мектеп оқушыларына үш тілді меңгерту мақсатында бейнелеу пәні бойынша жазылған сабақ әдістемесі «Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына саяхат» атты ғылыми мақаласында көрсетілген. Балалар бейнелеу өнерінің түрлері мен жанр терминдерін жақсы есте сақтап меңгеру үшін интерактивті тақта арқылы видео және слайд көрсетіліп Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына саяхат жасайды. Терминдер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде меңгерген сабақты пысықтау кезінде ойын, сөзжұмбақ, қазақстанның атақты суретшілердің туындыларына талдау жасау және компьютерде «Paint» бағдарламасында сурет салу арқылы орындалады.



АННОТАЦИЯ

Научная статья учительницы изобразительного искусства

Байтерековой Ш.И. школы-лицей №4 им.Ататюрка г.Кентау на тему

«Путешествие в Государственный музей искусство имени А.Кастеева».
В настоящее время для улучщения качество знании и развития культуры в государстве, необходимо реализовать проект «Триединство языков» выдвинутого Президентом страны. Для реализации проекта по овладению учениками школы трёх языков по предмету изобразительного искусства. В данной статье написано методика урока на тему «Путешествие в музей искусство имени А.Кастеева» по видео и слайдами на интерактивной доске. Где они изучили виды и жанры изобразительного искусства. Для закрепления терминов на казахском, русском и английском языках, ученики выполняют задание данное на уроке, в котором применены игры, кроссворды, обсуждают картины известных казахстанских художиков и выполняют рисунки программой «Paint» на компьютере.

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында

көптілді білім беруге әдістемелік қолдау көрсету
Түйін
Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты оның ішінде мемелекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.

Қостілділік дегеніміз- бұл тек екі тілде сөйлеу қабілеті ғана емес,  сонымен бірге, бұл қос өркенниеттің мәдени құндылықтарын сіңірген ерекше ойлау қабілеті болып табылады. Орыс тілі –біздің мәдениет байлығымыздың ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастың тілі.

Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес, керісінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол, себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарға өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын[1].

ХХІ ғасырда Қазақстан бейнелеу өнері қолға алынып шет елдерге еліміздің атақты суретшілері мен қолөнер шеберлерінің туындылары көрсетіліп көрмелер қойыла бастады.

Бейнелеу өнері дүние жүзіне сұлулықты, әсемдікті, мәдениетті паш ететін керемет өнердің бірі. Әлемдік кереметтерді меңгере отырып өз еліміздің таң қаларлық өнер кереметтерін дамытуымыз қажет. Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды өнерге баулып бейнелеу өнерінің қыр-сырларын үйретуіміз қажет. Бейнелеу өнерінің түрлерін жоғарғы деңгейде меңгерген баланың дарындылығы одан әрі дамиды.

Еліміздің мәртебесін көтеру мақсатында оқушыны жан-жақты білім беріп үш тілді жетік меңгертіп және өз өнері арқылы шетелдермен мәдени қарым-қатынас жасауға жол бастау керек. Үштұғырлы тілді меңгеру тек қана тіл сабақтарында ғана үйренумен шектелмей барлық пәндермен байланыстырғанда жақсы нәтиже береді.

Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасын негізге ала отырып тілді меңгеруді өзімнен бастау алып және бейнелеу өнері сабағына әдіс-тәсілдерді қолдана бастадым. Алға қойған мақсатым:


  • Оқушынының шығармашылық қасиетін дамыту, өнерге ынталандыру, қызықтыру;

  • Үштұғырлы тілді меңгеру мақсатында оқушыны жан-жақты ізденімпаз тұлға етіп тәрбиелеу;

  • Сабақтың әдістерін ойын арқылы түрлендіру;

  • Қазіргі заманның білімі мен өнердің жаңа технологияларын меңгеру;

  • Интернет, журнал, газеттердегі пайдалы мәліметтерді қолдану және оқушылардың көркемсурет шығармаларын баспаға шығару;


Сабақтың тақырыбы:  «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына саяхат

жасау арқылы бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын меңгеру»

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:  Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына саяхат жасау арқылы бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын меңгеру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену. Бейнелеу өнері терминдерін орыс және ағылшын тілінде үйрену. Компьютерде сурет салу.

  • Дамытушылық: Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін ажырата білу, қабілетін дамыту, өнерге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: «Мұражайға саяхат», ойын, сурет салу және талдау жасау, үш тілді терминдерді қолдану.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы видео мен слайд, қазақстанның атақты суретшілер шығармалары, пазл картиналар, карточкалар, сөзжұмбақтар, компьютерлер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау, үй жұмысын тексеру.



Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгелдеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.


Бейнелеу өнеріндегі терминдер:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет