Қазақ қазақ тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Сабақтың тақырыбы



Дата06.02.2022
өлшемі31,5 Kb.
#80514
түріСабақ
Байланысты:
10-сынып, қазақ тілі-22.09


Қазақ қазақ тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың тақырыбы: Алаш — қазақтың бір аты.
Сабаққа шолу
Сенің білетінің:
Стильдің түрлері, тілдік құралдары тура, ауыспалы мағыналы сөздер мен терминдер, мәтін түрі.
Сенің меңгеретінің:
Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық ерекшелігін мәтін арқылы анықтау, тілдік құралдар арқылы түсіну.
Сабақтың мазмұны. Алаш — қазақтың бір аты
Ғылыми-көпшілік стиль көпшілікке арналып, жалпы ғылыми-білімнен де, кейбір ғылым салаларынан да мәлімет беретін, баяндайтын, түсіндіретін, насихаттайтын сипаттағы стиль түрі. Онда зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелдік қажет.
Ғылыми-көпшілік стильдің ерекшелігі:
көпшілікке арналғандықтан тілі түсінікті болып келеді.
түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтап, қорыту, талдау процесі жүзеге асады.
сөздер негізгі мағынада жұмсалады.
термин сөздердің көп қолданылады.
ғылыми ұғымдар дәл айтылады.
ой дәл, нақты болады.
Ғылыми стильдің шағын үш түрі айқындалып қалыптасқан:
таза ғылыми шағын стилі (белгілі бір ғылым саласының мамандарына арналған);
ғылыми-көпшілік шағын стилі (қалың көпшілікті ғылым саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы хабардар ету);
ғылыми-оқулық шағын стилі (нақты бір ғылымның теориялық негіздерін игерту, ғылыми түсінік қалыптастыру).
Ғылыми стильдің қысқаша талдау үлгісі:
Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): ғылыми еңбектер мен зерттеулерде, ғылыми баяндамаларда, дәрістерде, ғылыми кеңес, мәжілістер, пікір алысуларда, т.б.
Қарым-қатынас мақсаты: заттар мен құбылыстардың себеп-салдарын, жалпы ерекшелігін ашып, теориялық мәлімет беру; мәнді белгісін көрсету; шындықты ұғым түрінде логикалық жүйемен пайымдау.
Стильдік сипаты: негізгі айтылатын ой дәлелді, логикалылық, дәлдік, қисындылық, т.б.
Тілдік ерекшеліктері: а) лексика-фразеологиялық: тура мағыналы атау сөздер, ғылыми терминдер,... ә) морфологиялық: осы шақ және ауыспалы келер шақ тұлғалы етістіктер,... б) синтаксистік: хабарлы, толымды, жайылма, сабақтас сөйлем түрлері, күрделі синтаксистік тұтастық.
Шақыру сілтемесі:
https://onlinemektep.org/schedule/lesson/56efa522-11a5-4b7d-8e59-e610c5f17f9a
Кері байланыс: сабақтың қорытындысын мұғалімге жіберудің мұғалімге қажетті жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет