М.Әуезов атындағы №2орта жалпы білім беретін мектеп
Тақырыбы:
«Қосу формулалары»
Алгебра
9 «б» сынып
Дайындаған: К.А.Қадырғалиева
2011-2012 оқу жылы
Математика пәнінің мұғалімі: Қадырғалиева К.А
Сыныбы: 9
I. Сабақтың тақырыбы: «Қосу формулалары»
а) Оқушыларды қосу формулаларымен таныстыру.; Оқушыларға қолдану алгоритмін оқытып үйрету.
ә) Сабақ барысында оқушылардың қосу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге жаттықтыру; өткен сабақтарда алған білімдерін, яғни тригонометриялық тепе-теңдіктерді, тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбаларын, келтіру формулаларын пайдалана білуге дағдыландыру.
б) Оқушыларды есептер шығаруда еңбек сүйгіштікке, тиянақтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
III. Сабақтың көрнекілігі: формулалар, интерактивті тақта
IV. Сабақтың өту әдісі: түсіндіру, жаттықтыру, сұрақ-жауап, талдау
V. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Үй тапсырмасын тексеру (3-5 минут)
б) Өткенді қайталау. Ауызша есептер шығару (5-10 минут)
в)Жаңа сабақ
г) қортынды
Ұйымдастыру сәті. Бүгінгі сабақтың эпиграфы.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар мінез деген нәрселермен озады.»
А.Құнанбаев
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір-бірімізді сыйлаймыз,
Саспай, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз-деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл-күйлерін бір ортаға тоғыстырады.
Біздің бүгінгі сабағымыз «Эврика» атты журнал парақтарына саяхат жасаймыз. Бұл журналда келтіру формулалары тақырыбына арналған тапсырмалар, әзіл есептер, логикалық есептер және тарихи мағлұматтар кездеседі.
1-парақ. Сұрақтар:
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.
Тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбалары.
Келтіру формулалары
Ауызша есептер:
1. т/к:
Достарыңызбен бөлісу: |