АгроЖаршы. – 2010. №17. – 11 мамыр маженова а. Астары терең, тұспалы тәнті етер әзіл болса



Дата15.09.2017
өлшемі105,03 Kb.
АгроЖаршы. – 2010. - № 17. – 11 мамыр

МАЖЕНОВА А.

Астары терең, тұспалы тәнті етер әзіл болса
Қағытпа әжуа мен ойлы күлкінің көрігін қыздырып, көңілділер мен тапқырлар клубының әлдеқашан танымал ойыншысына айналған белгілі шоу - мен Нұржан БЕЙСЕНОВТЫ жақында арнайы әңгімеге тартқан едік. «Ойын арзан, күлкі қымбат» екенін жете түсінетін кейіпкеріміз көңіл сергітер уытты қалжың, қызықты суырып салма тапқырлығымен бүгінде қазақ жастарымен қатар, ресейліктерді де тәнті етіп жүр. Сухбат барысында Нұржанның тек теледидар-да емес, өмірде де сондай, қойны-қонышы орынды әзіл-қалжыңға толы екеніне көзіміз жетті.

  • Нұржан, бүгінде есіміңізді естіген жас орынды оспақ, келісті әзіліңізді еске алып, езу тартары сөзсіз. Жалпы, Сіз көңілді - тапқырлар клубына қалай келдіңіз?

- Менің негізгі мамандығым – механизатор. Астанадағы Агротехникалық университетің дәл осы мамандық бойынша тәмамдадым. Бұл - әкемнің қалауы болатын, ол кісінің «Балам диплом алған соң елге келіп, ауылымыздың бас инженер-механизаторы болып жұмыс істесе» деген арманы болатын. Ал өзім бала күнімнен өнерге жақын болып өстім, әсіресе, ән салғанды ұнататынмен. Сондықтан университет қабырғасында өз арманымның жетегінде жүрдім де, «Қоғамдық кәсіптер факультетінің» вокалист, театр студиясының жетекшісі мамандығы бойынша қосымша білім алып шықтым. Содан жоғары оқу орнын бітірген соң өнер жолына түсуге талпындым. Алғашқыда
ойын-сауық орталығына режиссердің көмекшісі ретінде жұмысқа орналастым да, қалалық мерекелік шараларға, түрлі өнер сайыстарына белсенді қатысып тұрдым. Дәл сол жылы тұңғыш рет «Астана» ¥лттық құрама командасы құрылып, соның мүшесі ретінде Ресейдің Сочи қаласына аттандым. Сөйтіп, 2000-шы жылы көңілді әрі тапқырлар қатарына қосылдым. Бүгінде КВН-де келе жатқаныма он бес жылға жуықтады.

- Қателеспесем, басшылық қызметте болдыңыз. Бірақ, әзілкеш жігітке кеңседе отырганнан гөрі халыңтың арасында жүрген жақынырақ көрінеді. Бүгін немен айналысудасыз?

- Иә, 2005-ші жылы Жастар сарайы директорының орынба-сары қызметін атқарып, біршама басшылық қызметке араласқаным бар. Алайда, қағаз жүзіндегі есеп, бітпейтін бюрократияның жаныма жат екенін түсіндім. Мен көрерменнің құрметі, ыстық ықыласы үшін жұмыс істегім келді. Сондықтан өзім сүйетін іспен айналысуды ұйғардым да кішігірім фирма ашып, жаныма жастарды топтастырдым. Олар әртүрлі мамандық иелері, дегенмен, бәрі өнерге ғашық, аса алғыр, осы салада жұмыс істеуге ынта-тілегі бар қыз-жігіттер. «Лига Жас StaR» креатив агенттігі деп аталады. Біз түрлі мерекелік шараларды ұйымдастырумен айналысамыз.



- Дұрыс түсінсем, бүгінде Сіз әзілкештен кәсіпкерге айналыпсыз. КВН - кәсіп пе, әлде саясат па?

- КВН - ақша табамын деген жанға аз қаржы көзі емес. Мәселен, бүгінде Ресей Үкіметі оған тек ойын деп емес, елеулі кіріс көзі ретінде қарап отыр. Мысалы, Сочи қаласында туристер азайып, «өлі маусым» саналатын қаңтар айының өзінде КВН фестиваліне бес мың адам келеді. Қаладағы қонақ үйлер лық толады, олардың бәрі жергілікті мейрамханалардан тамақтанады, қалада көлік жалдап жүреді, оған еліне қайтарда түрлі естелік силықтар сатып алып кететінің қосыңыз. Сондықтан Ресей қалалары арасында «Жазғы ку­бок» үшін кәдімгідей талас басталады.

- КВН - саясаттан да алые емес. Ол жастардың басын біріктіреді, ағартушылықпен айналысады, тіпті оны үгіттеу жұмыстарын жүргізуші құрал ретінде де қабылдауға болады. «КВН» десе, ішер асын жерге қояр жастар жетерлік.

Сондай-ақ, кезінде КВН ойнаудан бастап бүгінде үлкен саясатта жүрген жандар да жоқ емес. Мәселен, Бақыт Сыздықова, Нұрлан Өтешевті атауға болады.



- КВН Сіз айтқандай, жас­тар саясатын жүргізуде тиімді тәсілдердің бірі болса, бүгінде оган тиісті органдар тарапынан қандайда қолдау-көмек көрсетіле ме?

-Мысалы мектеп оқушылары арасында КВН ойындарын өткізуге көмек көрсетуін сұрап Білім департаментіне талай бардық. Алайда, жасыратыны жоқ, ешқандай қолдау көрмедік. Дегенмен, елімізде көңілді тапқырлар клубына қаржы бөлу, оны ұйымдастыруды қолдаудан өзге күрделі де күрмеулі мәселелер мен әлі толық шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық проблемалардың бары анық. Оған қарағанда КВН-нің «жарасы жеңіл» екені даусыз. Алайда, менің жаным ашитыны - түкке тұрғысыз, бүгін бар да ертең жоқ бір жобаларға мемлекеттік бюджеттен қыруар қаражат бөлініп жатыр.



- Мысалы?

- Біздің есебіміз бойынша, КВН-нің бір ойынын өткізу үшін 370 мың теңге керек, жылына барлығы 8 ойын. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астана қалалық Мәдениет департаменті басшылыгына осындай көмек көрсетуін сұрап барған едік. Алайда, апарған жобамыз қолдау таппады. Сол кезде бізден кейін небары бір айға жалғасатын ән байқауы жобасына 15 Миллион теңге сұрап еді - ол жобаны қолдауға болатыны айтылды, қаржы бөлінді ме, жоқ па білмеймін. Қалай боғанда да көңіліміз қалды. Мындай мысалдар жетерлік.

Осыдан соң өзіміз жан-жақтан демеушілер іздедік, қарызға кірген кезіміз де жоқ емес. Сондықтан мен жоғарыда атаған жеке кәсіпкерлігімнен тапқан-таянғанымның тең жартысын КВН ойындарын өткізуге жүмсадым. Өзім мүшесі болған «Астана» құрамасынан кеткен соң, жаңа топ жинадым. Бес жылға созылған бұл жобаның аясында Сочи, Ка­зань, Самара, Челябинск сияқты көптеген Ресей қалаларына барып, нағыз КВН ойыншыларының санатында өнер көрсеттік.

- Бүгінде әр көңілді тапқырлар тобының стилі туралы айту модага айналған сыңайлы. Ресейге баратын қазақстандық ойыншылардың стилі қандай жене Сіздің ойыңызша солтүстіктегі көршімізге қазақы әзіл-қалжың ңаншалықты өтімді әрі түсінікті?

- Біз бала көңілді бай қазақтардың стилін ұстанамыз. Әр ойында дархан даламыз сияқты қазақтардың кеңпейіл, мейірбандығын көрсетеміз және ол ойындарға үлкен ізденсіпен, жан-жакты ақпаратпен қаруланып баруға тырысамыз. Мәселен, ойын Мәскеуде өтетін бол­са, біз ол жерге он күн бұрын жетіп, теледидардан жергілікті жаңалықтарды қарап, ел ішінен түрлі мәлімет жинап, құлағымыз түрік жүреді.

Сахналық киімімізге үлкен мән береміз. Мысалы, Томсінің ойыншылары сияқты сахнаға қарапайым спорттық костюммен шыға салмаймыз. Біз нысанаға дөп тигізер әзіл-қалжыңымызбен көрермен көңілінен шығуға тырысып, қазылардан жоғары баға алу үшін барымызды саламыз. Бүл ретте ең бастысы - Қазақстанды үятқа қалдырмай, керісінше, қарапайым әзілдің өзінде үлкен астар, үлкен саясат жататынын жадымызда түтып, елге абыроймен оралуды мақсат етеміз. «Сендерге қарап барлық қазақ халқын бағалайды» дейтін бастапқы кезде Бақыт Сыздықова апайымыз. Қазірдің өзінде сахнадағы жүріс-тұрысымызға, киімімізге дейін жете мән беріп, бізге үлкен тәрбиелік жүмыс жүргізетіні үшін өз басым, осы кісіге айтар алғысым зор.

Бастапқыда ресейліктер бізді, біз оларды түсінбей, тіпті ойымызды жөндеп жеткізе адмайтын кездер болса, бүгінде осындай жұмыстардың нәтижесінде жоба ұйымдастырушылары бізбен санасатын дәрежеге жеттік. Тіпті қазір «Бірінші арнаға» шығып, қазақша ән салатын болдық. Бүл да бір жетістік деп есептеймін.



- Цензура бар ма?

- Бар. Дегенмен, ешкім соңымыздан әдейі аңдып жүріп «Мынаны айтпа, ал мынаны айтуға болады» демейді. Тиіспейтін тақырыптар өзімізге белгілі, олар: дін, салт-дәстүр, тағы басқалары.



- Елімізде өткізілетін қазақша КВН ойындарын қарап отырсақ, көңілде қалар көрікті қалжыңнан гөрі дөрекі әзіл мен таптаурындық басым. Бул ретте Сіз тәжірибелі ойыншы ретінде өзімізде өткізілетін қазақша КВН деңгейінің темен болу себебі неде деп есептейсіз?

- Бүгінде елімізде 30-ға жуық КВН лигасы бар. Олар бірінің әзіл-қалжыңын бірі пайдаланып, көрерменді жауыр қылғаны рас. Жүйесіздік орын алды. Олай дейтінім, негізі, КВН - орыстың ойыны екені белгілі. Ендеше оның өз заңдылықтары, өзіндік тала­бы бар және оны сол қалпымен қабылдау керек. Мысалы, бүкіл әлем елдері ойнайтын футболды Қазақстанда басқа ережелермен ойнауға ешкімнің қүқы жоқ. Сол сияқты, КВН-ның да өз талаптарына сай болу қажет. Ал отандық ойыншыларда - тәжірибе тым аз, ізденіс жоқтың қасы.Бұл -бір.

Екіншіден, біздің көрермен арзан күлкіге үйір. Мысалы, суырылып бір орыс үлтының өкілі шығып, қазақша сөйлесе, соған бәрі қыран-топан күліп, көрермен ырза болады. Мен мүндайды мүлде түсінбеймін. Біз Ресейге барып, жергілікті ұлттың өзінен артық сөйлеген кезде олар мұны «солай болуы керек» деп қабылдайды яғни, біз орысша сөйлегенге бола ешкім күлмейді.

- Алдагы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Ағымдағы жылы АМиК-пен (Александр Масляков и Компа­ния) халықаралық ашық лига қүруды жоспарлап отырмыз. Бүл ретте біз Қазақстанға шекаралас Ресей қалаларының біраз командаларын тартуды көздейміз. Сондай-ақ осы айдың 26-шы жұлдызында «Жас StaR қанаты» атты халықаралық фестиваль өткізбекшіміз. Мүнда Ресейдің танымал, мықты командалары өнер көрседі. Тағы басқа көптеген шығармашылық жоспарларымыз бар. Барлығы болашақтың еншісінде.



- Әңгімеңізге рахмет.


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу