3 кредит: дәріс 1, зертхана сабағы 2, соөЖ, СӨж дәріскер: аға оқытушы Габжалилова Сара Мағауияқызы



Дата04.07.2018
өлшемі3,65 Mb.
#46841
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  • К.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА КАФЕДРАСЫ
  • ПӘН ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
  • “Геология және пайдалы қазбаларды барлау” 5В070600 мамандығы
  • 3 кредит: дәріс 1, зертхана сабағы 2, СОӨЖ, СӨЖ
  • СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА
  • Сызба геометрияда кез келген объекттердің- ақиқи және абстрактты болсын, жер асты, жер үсті болсын- проекциялау әдісімен салынған жазық кескіндері зерттеледі, қарастырылады. Компьютерлік графикамен бірге сызба геометрия геологияда қолданылатын бірталай объекттерді: нүкте не түзумен, жазықтық не беттермен модельдеуге мүмкіншілік береді.
  • 5 В070600 геология мамандығының студенттеріне СГ және КГ- ның
  • қажеттілігі төмендегідей:
  • олардың жалпы техникалық және графикалық мәдениеттерін дамыту үшін;
  • келесіде геодезия, құрылымдық геология, геологиялық карталау, тағы сол сияқты пәндерді оқып, меңгеру.
  • Компьютерлік графика пәні студенттер үшін графикалық құжаттарды қазіргі озық әдістермен қолданып, орындау үшін қажет.
  • Топографиялық беттің планы
  • Пәннің мақсаты – мамандық пәндерді меңгеру үшін теориялылық және техникалық негізін құру.
  • Сондықтан:
  • Монж эпюрінде, аксонометрия, сандық белгілері бар проекцияларда (СПБ) геометриялық (геологиялық) объектілерінің сызбаларын нуктеден бастап топографиялық пландар мен блок- диаграммаларға дейін салуды үйрету;
  • осы кескіндерде есептерді шығару: жатыс элементтері мен қат қалыңдығын анықтау, профильдер мен блок-диаграммаларды салу;
  • сызбаларды салу үшін AutoCAD жүйесін қолдану.
  • ПӘННІН МІНДЕТТЕРІ
  • берілген шарттар бойынша геометриялық объекттердін проекцияларын сала білу;
  • қарапайым геометриялық объекттерінін сызбаларын оқи білу, осы сызбаларда есептерді:бұрыштарды, ара қашықтарды анықтауды, тіліктерді сала білу;
  • салаға қатысты сызбаларды, графикалық құжаттарды оқып және стандарттарға қатысты құрастыруға машықтану;
  • AutoCAD жүйесін қолдана білу.
  • СГ және КГ пәнін оқытудағы жаңалықтар техниканы кең пайдаланып, кеңістіктік қабылетті дамытуға, сызбаны жылдам оқуға негізделгені дұрыс. Берілген 3 кредит қалыптасқан білім көлемің меңгеруге жеткіліксіз. Осындай жағдайда пән жаңалығы есептерді шешу жаңа әдістерге, мамандыққа қатысты есептерді еңгізу, оқыту барысын қарқындатуға байланысты болу керек.
  • ТАҚЫРЫПТАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ
  • ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
  • СГ және КГ пәнінін бағдарламасы 5В00706 мамандығына сәйкес етіліп құрастырылған, сондықтан СГ –да 5 апта аксонометрия және Монж эпюрі, қалған 10 аптада сандық белгілері бар проекциялар қарастырылады. Соңғы 10 тақырып геология істерінің негізі болып саналады. Барлық графикалық тапсырмалар геология саласына жақындатылған және КГ-да орындалады.
  • ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
  • Бағдарлама бойынша оқыту түрлері: дәріс, зертханалық сабақтар СГ және КГ-дан, СОӨЖ – студенттің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы және СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы офисте болып табылады. Дәрістерде пәннің теориялық негіздері қарастырылады, зертханалық сабақтарда сызбаларды салу және есептерді шешу әдістері үйретіледі. Компьютерлік графика сабақтарында СГ есептерінің сызбалары салынады автоматты түрде, міндетті графикалық жұмыстар орындалады (МГЖ). СОӨЖ сабақтарында дәріс тақырыптары пысықталып, сұрақтарға жауаптар беріледі, графикалық жұмыстар түсіндіріледі, бақылау, өздік жұмыстары орындалады. СӨЖ – офисте графикалық жұмыстар тексеріледі, қабылданады, кеңестер беріледі.
  • Құрметті студенттер! Өзіндік жұмыстарды тапсыруды артқа қалдырып жүрмеңдер, Барлық жұмыстарды дер кезінде орындап, тапсырып жүріңдер!
  • ОҚЫТУДЫҢ ҰЙҒАРЫЛҒАН НӘТИЖЕЛЕРІ
  • Студенттердің СГ және КГ-ны оқып меңгеру нәтижелері төмендегідей болу керек:
  • аксонометрия, Монж эпюрінде, садық белгілері бар проекцияларда күрделі емес бұйымдардын сызбаларын салуда, оқуда білікті болу;
  • графикалық AutoCAD жүйесін қолданып жоғарыдағы сызбаларды орындауда білікті болу.
  • ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
  • Озық технологиялар мен мультимедиялық жабдықтарды қолдануды студенттердін кеңістікте ойлау қабылетін дамытуға, сызбаны жылдам оқуға негізделу керек, яғни үйретуші клиптерді жасап, шығару керек. Енді интерактивтік тақтаны КГ-мен бірге қолдану керек. Осындай үлгіні көрсем, тындасам деп ойлаймын, оны үйреніп, меңгеруден қашпаймын.
  • БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ
  • АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
  • Оқытушылардың сапалы білім беру және пән меңгеруді жеңілдету мақсаттары кредиттердің аз болуынан біріне бірі қайшы болып тұр. Мүмкін озық технологияларды қолданып осы 3 кредитпен де жақсы нәтижелерге қолымыз жетер келешекте.
  • Қазір кафедрада графикалық жұмыстарды қабылдау төмендегідей ретпен жүргізіледі:
  • өзіндік орындау;
  • графикалық безендіру сапасы;
  • жұмысты қорғау.
  • Мен Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтын 1978 жылы бітіріп, ҚазҰТУ-ғы педстаж 20 жылға толды. Осы уақытта 7 ғылыми жұмыс жасап, 15 оқу-әдістемелік жұмыстарым шықты.
  • Студенттердің білімін бағалау үшін рейтингтік бақылау қолданылады. Мамандықтың оқу жоспарына кірген әр пәннің рейтингі қорытынды бақылауға байланыссыз, 100 балдық шкаламен бағаланады.
  • СГ және КГ бойынша ұпай қою туралы мәлімет
  • СГ және КГ- ны студенттер жүйелі түрде,дәйектілікпен оқып, меңгеру керек. Сабаққа сызу аспаптарымен, дайындалып келу керек. Бұл пәнді меңгеру оңай емес, бірақ мүмкін. Компьютер барда қолмен сызудың еш қажеті жоқ демеңдер.
  • Компьютер өте керемет машина, бірақ бар болғаны ол сызу аспабы. Оның орындаған сызбаларын түсініп, оқи білу керек, сызбада әр түрлі есептерді шығара білу керек. Ол үшін СГ-ның көмегімен техникалық сауатты алдымен ашып алу керек. Өз қолдарыңмен сызбаны орындауды үйреніп жаттығыңдар, сызудан қашпаңдар. Сызбаны орындап, оны түсініп қуанышқа бөленесіндер.
  • Графикалық жұмыстарды уақытында тапсыруды әдет етіп алыңдар, сонда оқу жемісі тәтті болады. Тапсырмада не берілді, нені анықтау керек, қалай орындау керек екенін біліп, сызбаларыңды жақсы қорғаңдар. Білім жолын, жоғары ұпай жолын таңдаңыздар! Оқуларың табысты болсын!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет