495. Апта бойы феррум-лек қабылдаған науқастағы шығу тегі белгісіз анемияның түрін анықтауда қандай зерттеу түрі ақпараттық болып табылмайды? 1. Жасырын қанға нәжіс анализі
2. Гастроскопия
3. Тікелей емес билирубиннің деңгейін зерттеу
4. Сарысулық темірдің деңгейін тексеру
5. Лейкоциттермен тромбоциттердің мөлшерін санау+
496. Ер адам 35жаста, жұмыс орнында стресстік жағдай орын алған. Кенеттен мазасыздық, үрей сезімі, көздің қарауытуы пайда болды. Қандағы қант - 15,6 ммоль/л. Қандай гормон осы жағдайға алып келеді? 1. Адреналин +
2. Паратгормон
3. Инсулин
4. Альдостерон
5. Прогестерон
497. Бауыр жасушасының цитолизінің фермент-индикаторы болып табылмайды: 1. АСТ, АЛТ
2. Қышқыл фосфатаза
3. Лактатдегидрогеназа
4. Холинэстераза+
5. Сілтілі фосфатаза
498. Тоқ ішекте мезобилирубиноген стеркобилиногенге дейін қатысуымен қайта құрылады: 1. Анаэробты бактериялардың +
2. Өт қышқылдарының
3. Липазаның, амилазаның
4. Аэробты бактериялардың
5. Лактобактериялардың
499. Бауырүстілік сарғаюдың пайда болу себебі: 1. Эритроциттердің тамырішілік ыдырауы+
2. Бауыр жасушаларының уытты қосылыстармен зақымдалуы
3. Созылмалы алкоголизм
4. Ұйқыбезі басының ісігі кезінде өттің ағып шығуының қиындауы
5. Бауыр жасушасының вирустармен зақымдалуы
500. Ересек адам қанының сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері (мкмоль/л): 1. 4,0-6,0
2. 15,0 - 23,0
3. 10,0 - 21,5
4. 8,5 - 20,5+
5. 18,0 - 24,5