3 лекция. Ұйым түсінігі және оның түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы


Механикалық ұйымдар қызметі нақты маманданған, регламент бойынша жоспарланған, байланыстың вертикалды түріне негізделіп биліктің орталықтан жүргізілетін құрылымын көрсететін ұйымның түрі болып табылад



бет7/16
Дата02.10.2023
өлшемі287 Kb.
#183319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
prezentacziya

Механикалық ұйымдар қызметі нақты маманданған, регламент бойынша жоспарланған, байланыстың вертикалды түріне негізделіп биліктің орталықтан жүргізілетін құрылымын көрсететін ұйымның түрі болып табылады.

Органикалық ұйымдар өзгермелі технология қолданғанда және сыртқы ортамен байланыс күрделі және динамикалық болғанда қолданылады. Бұған электроникалық техниканы өндіретін ұйымдарды жатқызуға болады. Өйткені бұл ұйымдардың жұмыстары ғылыми зерттеу және инновациялық үрдіспен байланысты болғандықтан терең маманданған ішкі бәсеке бар, иерархия өте әлсіз және оның орнына еркін жұмыс істеу кең таралған.

Ұйымдық құрылым

Ұйымның қайнар элементі - құрылымы. Ұйымның құрылымы ұйымда қалыптасқан қызметтердің түрлері мен рөлдерінің бөлінуі, олардың әртүрлі бөлімшелер шектерінде бірігуі, осы бөлімшелер арасындағы байланыстар және бөлімшелердің бірігуін бейнелейді.

Құрылымды құрастырудың бастапқы нүктесі жұмысты жобалау болып табылады. Жұмысты жобалау көптеген факторларға байланысты болып келеді: маманның болуы, өндірістік қатынаста болатын иерархиялық байланыстың болуы, міндеттерді бөлу (міндет - алдын ала жазылған жұмыс).

Ұйымның функциясын (өндіріс, маркетинг, бухгалтерия, қаржы, персонал) жүзеге асыру үшін бір-бірімен байланысты жұмыстардың жиынтығы ұйымдық құрылым болып есептеледі.

Ұйымның функциясын (өндіріс, маркетинг, бухгалтерия, қаржы, персонал) жүзеге асыру үшін бір-бірімен байланысты жұмыстардың жиынтығы ұйымдық құрылым болып есептеледі.

Ұйымдардың құрылымы: техникалық, әлеуметтік-техникалық, әлеуметтік және нормативтік құқықтық болып төртке бөлінеді.

Ұйымның техникалық құрылымы барлық базаны біртұтас жүйеге келтіретін материалдық объектілер мен үрдістерден (ғимарат, технология, құрал-жабдықтар, еңбек шарттары) тұрады.

Ұйымның техникалық құрылымы барлық базаны біртұтас жүйеге келтіретін материалдық объектілер мен үрдістерден (ғимарат, технология, құрал-жабдықтар, еңбек шарттары) тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет