Жоғары деңгейдегі басшылардың саны санаулы болады.
Орта деңгейдегі басқарушылар:орта деңгейдегі басқарушылар бөлімдер мен бөлімшелерді басқарады. Фирманың мақсаттарына жетуі үшін жұмыстарды ұйымдастырады. Өндіріс орындарындағы орта деңгейлі басшыларына цехтар, қойма, техника және өнімнің сапасын бақылау бөлімдерінің басшылары жатады. Олар өнімділік пен тиімділікке жауап береді.
Тиімділік дегеніміз- ұйымның мақсатына жақындау деңгейі. Ал өнімділік дегеніміз - өндірістен шыққан өнім мөлшері мен өндіріске жіберілген шикізат мөлшері арасындағы қатынас аз шығынмен көп өнім алу өнімділікті көрсетеді.
Ұйымның функционалдық формасы:ҰФФ жиі қайталанатын үрдістерге негізделген стандартталған технология арқылы жаппай өндірісті жүзеге асыратын форма болып табылады. Ұйымның бір деңгейінен екінші бір деңгейіне өкілеттік пен жауапкершіліктің берілуі арқылы ұйым формасының пирамида құрылымы түрінде болуы. Бұл шешім қабылдау деңгейін көбейтеді.
Ұйымның функционалдық формасы: ҰФФ жиі қайталанатын үрдістерге негізделген стандартталған технология арқылы жаппай өндірісті жүзеге асыратын форма болып табылады. Ұйымның бір деңгейінен екінші бір деңгейіне өкілеттік пен жауапкершіліктің берілуі арқылы ұйым формасының пирамида құрылымы түрінде болуы. Бұл шешім қабылдау деңгейін көбейтеді.
Ұйымның сызықтық формасы:қолданысы күрделі жоғары технологияларды қолдана отырып, бір мезгілде бірнеше өнімді өндіретін өндірістік әдісі формасы болып табылады. ҰСФ өкілеттілік билігі бөлістірілген децентрализациялық құрылым болып табылады. Ұжымды түрде шешім қабылдап, автономды түрде бірігетін матрица формасындағы ұйым.