3 лекция. Ұйым түсінігі және оның түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы


- басқару потенциалы (жағдайды түсіну және ұғыну, дағдарыс кезінде мәселені анықтау және шешім қабылдау қабілеті тәуекелге дайын болу)



бет5/6
Дата27.07.2023
өлшемі98,04 Kb.
#179628
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Б Кайрат М Олжас

- басқару потенциалы (жағдайды түсіну және ұғыну, дағдарыс кезінде мәселені анықтау және шешім қабылдау қабілеті тәуекелге дайын болу);

- психологиялық потенциал (байланыстың тұрақтылығы және моральды-психологиялық климаттың жағдайы).

Нормативтік құқықтық құрылымы ұйымның функциясын жүзеге асыру үшін қажетті норма жүйесін көрсетеді.

Ұйымдық мәдениет төмендегі маңызды функцияларды жүзеге асырады:

  • қорған: ұйымды әр түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардан қорғайды;
  • біріктіру: адамдарды біріктіріп, олардың ұйымның бір бөлігі екендігі сенімін ұялатып қалыптастырады;
  • реттеу: ұйымда жалпы әлеуметтік-психологиялық климатты орнықтырады және сыртқы қоршаған ортаға қарсы ережелер мен нормативтерді қалыптастырады;
  • коммуникация: адамдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады;
  • адаптация: адамдардың бір-бірлерімен бейімделуіне септігін тигізеді;
  • бағыт: адамдардың іс-әрекеттеріне жалпы ұғым беріп бағытын айқындайды;
  • мотивация: ұйым мүшелерін ынталандырады;
  • тәрбие: ұйым мүшелерін тәрбиеге баулыйды;
  • имидж: сыртқы қоршаған ортаға (тұтынушылар, клиенттер, бәсекелестер, серіктестер, қоғам) қарсы имидждін қалыптастырады.
  • Қазіргі таңда стратегиялық тұрғыдан ұйымның мәдениеті бәсекелестік қабілетті жоғарылататын бірден-бір фактор болып табылады.

Сыртқы орта туралы түсінік. Сыртқы ортаның маңызы және оның ұйым жұмысына әсері.

Джеральд Беллдің айтуы бойынша «Ұйымның сыртқы ортасы келесі элементтерді өз ішіне алады: тұтынушылар, бәсекелестер, мемлекеттік заңдылықтар, жабдықтаушылар, қаржы ұйымдары және т.б.»

Ұйымға әсер ететін барлық факторларды келесі 2 топқа бөлу мүмкін: тікелей және жанама әсер ететін факторлар.

Тікелей әсер ететін орта ұйымның операцияларына тікелей, яғни бірден әсер ете алу қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, оларға жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет