Клиенттер және Тапсырыстар. Клиенттер



Дата12.12.2021
өлшемі77,76 Kb.
#99710

Реляциялық деректер қоймасы теориясында негізгі ұғымдар мыналар: кесте, қатынас, жол(строка), баған, бастапқы және сыртқы кілттер.

Кесте жол мен бағаннан тұрады, деректер қоймасында бірегей атқа ие. Деректер қоймасы арасындағы байланыс дәл келетін өрістердің көмегімен орнатылатын көптеген кестелерден тұрады. Кестелердің бір типтегі (топтағы) қандай да бір объектілер жайлы ақпарат бар. Мысал ретінде сатып алушылардың тапсырыстарын есепке алуға арналған, екі кестеден тұратын деректер қоймасына назар аударайық: 



Клиенттер және Тапсырыстар.

Клиенттер кестесінде сатып алушылар жайлы ақпарат бар.

Клиенттер кестесінің құрылымы



«Бір-бірге» қатынасы

Бұл қатынас бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.

Жеке тұлғалар кестесінің құрылымы

«Бір-көпке» қатынасы

Қатынастың бұл типін сипаттау ретінде бұрын қарастырылған Клиенттер және Тапсырыстар кестелерін қарайық. Кестелер арасындағы байланыс Клиент коды сәйкес өрістері мәндерінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда екі кестедегі сәйкес өрістер аттас атауға ие.



«Көп-бірге» қатынасы

Бұл қатынас қарастырылған «бір-көпке» қатынасына ұқсас. Объектілер арасындағы қатынасы типі өзіңіздің көзқарасыңызға байланысты. Мысалы , егер жасалған тапсырыс пен клиенттер арасындағы қатынасты қарастырсаңыз, онда «көп-біргең қатынасын аласыз»



«Көпке-көп» қатынасы

Аталмыш қатынас екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:

Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.

Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.

Көпкестелі сұратулар

Әдетте, бірнеше кестелерден немесе бұрын сақталған сұратулардан ақпаратты сұрыптайтын сұрату кұру қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда барлық қолданылатын кесте / сұратулардың өрістер тізімі құрылытын конструктор терезесіне қосылу керек. Кестелер арасында байланыс құру - сұрату құрудың ең маңызды кезеңі, бұл кезеңде қате жібері, онда сұрату дұрыс емес нәтиже береді. әдетте Access, қосылған кесте мен басқа кестелер арасында автоматты түрде байланыс және сұратуда жазбаларды сұрыптау принциптерін орнатады. Ол келесі жағдайларда болады: • Деректер сызбасы терезесінде кестелер бі-бірбірімен байланысқан, олардың арасынағы байланыс тұралы ақпарат деректер сызбасынан алынады. • Байланыс (ішкі бірікріру), аттары бірдей өрістер бар кестелер арасында, егер олардың біреуі түйінді болса орнатылады. Кейде байланысты өздігінше беру немесе Access орнатқан байланыс түрін қайта анықтау жағдайлары болады. Кестелерді біріктірудің әр түрлі түріне сәйкес, жазбаларды сұраптау принциптерін екі А және В кестелер мысалында қарастырайық. Олардың әр біреуінде мәтіндік өріс және екі жазбалары бар.




Үйге тапсырма

1.Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері

2.Деректер қоры жолдарындағы жазбаларға деректер енгізуде олардың типін не үшін көрсетеміз ?

3. Кесте конструкторын қалай іске қосамыз?



4. Кез келген өрістің ең негізгі қасиетіне не жатады?

5. Деректер қорын құруда қандай өріс типтері қолданылады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет