Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі ғылыми әдебиеттерде жобалау – алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау қызметі деп түсіндіріледі, бұл жерде ең маңызды бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы, мақсаттық-құндылықтық ұстанымның болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты шеңберінен шыға алуы – трансценденттенуі – ойлауқызметініңдамытушылықфункциясыіске асырылады. Жобалаудың осы тұрғыдан алғанда төмендегі қызметтерін атап көрсетуге болады:
−нәтижелікөнімретіндебелгілі бір жобаны орындаудың мақсатына сай нәтижелік көрсеткішін бере алады;
− қоршаған ортаны не белгілі бір объектіні зерттеудің, немесе жаңартудың ғылыми-тәжірибелікәдісі болаалады;
−технологиялық мәдениетке тән инновациялартудырудыңбір түрі ретінде қолданылады;
− басқару әрекетінде ұйымды дамыту қызметін атқара алады.
Жобалаудағы жүйелік тұрғы жаратылыстану ғылымының танымдық парадигмасынан пайда болды. Әлеуметтік тұрғыдан қарастыру жобалаудың адам қызметінің қазіргі заманға тән қақтығыстары мен белгісіздік жағдайындағы ситуацияларды шешуді көздейтін жобалаудың жаңа тұжырымдамасын жасауға негіз болды. Сонымен қатар, қоғамдық санадағы әлеуметтік көзқарастың болуы, әлеуметтік жоспарлаудың, әлеуметтік құрастырудың, әлеуметтік басқарудың негізіне адам әрекеттері алынып, оның барлық әлеуметтік қызметтердің объектісі болуына ықпал етті.
Жобалау тарихы техникалық саладан бастау алатыны, басқа салаларға одан кейін көше бастағаны белгілі. В.М. Розин оның эмпирикалық сипатын анықтай отырып, жобалаудың «құрастыру» ісіне қатысты екенін, «бұйымды» алдын ала кескіндеу және оның нобайы мен детальдарын дәл есептеу арқылы жасалатынын атап өтеді. Ал құрастыру әрекетінің бірте-бірте жетілдірілуі мен дамуына орай, жоспарлау мен дәлдік есептеулерге қатысты семиотикалық және ойлау әрекеттері де күрделене бастады, бірақ алғашқы жобалау әрекеттерінің ерекшелігі олардың ішкі үрдістер сипатында болуы еді. Жобалаудың өз алдына бөлек салаға айналуы оның үлгісін құрастырушылар мен бұйымды
жасаушылардың әрекеттерінің бөлінуінен басталды. В.М.Розин құрастыруды өзара байланысты төмендегі бөліктерге:1) интеллектуалдық (семиотикалық) құрастыру (жобалаудың өзі), және 2) бұйымды жобаға сай жасау (жобаны жүзеге асыру) әрекеттеріне бөліп қарастырды. Мысалы, педагогикада жобалау қызметінің «идеядан–соңғы нәтижеге дейінгі» толық циклі жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де тікелей араласатын болғандықтан, педагогикадағы жобалау қызметінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық жобалау тәжірибесінен айқын көруге болады.
Жобалаудың ғылыми негізіне жоба, жобалау, жобалық, жобалаушылық сияқты ұғымнан туындайтын түсініктер алынады. Жобалау (орыс тілінде «проектирование», латынның projektus)–алғақарай тастау, алға жүру деген түсінікті береді. Оның мағынасы алдағы уақытта болатын құбылыстың бейнесін жасауға қатысты ғылыми және инженерлік әрекеттермен байланысты айқындалады. Адам еңбегіне қатысты өнімдердің барлығы да алдын ала жобалау арқылы жасалатын болғандықтан, осы тұрғыдан қарастыру жобалауды жобақұру үрдісі, яғни, белгілі бір объектінің болашақтағыбейнесіналдыналақұрастыруүрдісідей аламыз.
Жобалау қызметінің алғашқы кезеңдерінде жобаны ғылыми негізделген, дәл есептелген күйінде жасалатын, үнемі технологияда пайдалана беруге болатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Одан кейінгі кездерде жобалаудың кең таралуына байланысты, оның өнімнің арзандауын қамтамасыз ететен экономикалық тиімділігі, халықтың көп бөлігіне жеткілікті болатын әлеуметтік тиімділігі, өнім сапасы мен тұтынушылар мәдениетін көтеруді көздейтін мәдени тиімділігі күтілетін болды.