Тікелей әсер ететін орта ұйымның операцияларына тікелей, яғни бірден әсер ете алу қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, оларға жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады. Жанама әсер ететін орта ұйымның операцияларына бірден әсер ете алмайды, бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. Оларға халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік, мәдени факторлар, саяси жағдайлар жатады. Жанама әсер ететін орта ұйымның операцияларына бірден әсер ете алмайды, бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. Оларға халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік, мәдени факторлар, саяси жағдайлар жатады. Мысалы, «Дженерал Моторс» фирмасына материалмен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар, бағаны реттейтін және жұмысқа алу тәртібін реттейтін заңдар, тұтынушылардың қалаулары, бәсекелестердің негізгі әрекеттері. Сыртқы орта мынадай мінездемеге ие:
сыртқы орта факторларының өзара байланысы
сыртқы ортаның күрделілігі
сыртқы ортаның әрекетшілдігі
сыртқы ортаның анықталмағандығы
Күрделілік – бұл ұйымға әсер ететін факторлардың саны мен түрлілігі. Күрделілік – бұл ұйымға әсер ететін факторлардың саны мен түрлілігі. Әрекетшілділігі – бұл ұйымның қоршаған ортасында болатын ортаға байланысты өзгерістердің салыстырмалы жылдамдығы. Сыртқы ортаның анықталмағандығы – бұл орта туралы ақпараттардың салыстырмалы саны. Егер ақпарат аз болса немесе оның дәл екендігіне күмән болса, орта анық болмайды. Сыртқы орта қаншалықты анық болмаса, соншалық тиімді шешім қабылдауда қиын болады.
Назарларыңызға рахмет:)
Достарыңызбен бөлісу: |