2018-2019 оқу жылындағы І тоқсан бойынша қазан айындағы
4 «А» сыныбының ОЖСБ – ға дайындық жұмысына сараптама
2018-2019 оқу жылында қазан айынан бастап 4-сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау басталды. Стандартты білім беру бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жоспар құрылды. Оқушылар ОЖСБ ережелерімен таныстырылды. Биылғы оқу жылында 4 «А» сыныптағы оқушылар саны – 28 оқушы, 14 ұл 14 қыз. Негізгі пәндер бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тест жұмыстарына материалдар қазақ тілі , математика, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінен білім тексеру сынағы, оқу жетістігін сырттай бағалау тест жинақтарынан алынған, оқушылардан тест айына сайын алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |