2018-2019 оқу жылындағы І тоқсан бойынша қазан айындағы
4 «А» сыныбының ОЖСБ – ға дайындық жұмысына сараптама
Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, оқу сапасын арттыру үшін әр ай сайын негізгі төрт пән бойынша тест жұмыстары алынып, талданып және түзету жұмыстары жасалынды. Жеке пәндер бойынша , әдебиеттік оқу пәні тапсырмаларының қорытындысы бойынша , ең жоғарғысы 10 балл болса, ең төменгі көрсеткіш 7 балл болды.
Қазақ тілі тест тапсырмаларының қорытындысы бойынша, ең жоғарғысы 9 балл көрсетсе ,ең төменгісі 5 балл болды.
Математика пәні бойынша оқушылардың ешқайсысы толық 15 сұраққа жауап бере алмады. Ең жоғарғы көрсеткіш 8 балл Жиенғали Исламәли, Қошанай Әбунасыр сынды оқушылар анықталса, ең төменгі балды Жамалбек Ринат, Нұрмахан Аруана көрсетті.
Дүниетану пәні бойынша да 15 сұрақтан құралған тест алынды. Оқушылардың жалпы ортақ көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, ең жоғарғы көрсеткіш 9 балл, ал ең төменгі көрсеткіш 6 балды көрсетті. Ең көп сұраққа жауап берген Әбдіқапар Диана болса, 6 балл алған оқушылар Жамалбек Ринат, Сабыр Азамт
Қорытынды: Жалпы оқушылардың дайындығы қанағаттанарлық. Оқушылардың көбі тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тест жұмысы арқылы көрсетті. Барлық тест жұмыстары бойынша Рахметулла Кәусар, Сағынбек Айжан жақсы көрсеткіштер көрсетіп жатса, математика пәнінен Сабыр Азамат, Нұрмахан Аруана, Жамалбек Ринат дайындықтары жеткіліксіз, төмен көрсеткіштер көрсетті. Оқушылардың ата – аналары шақырылып, әңгімелер жүргізілді.
Ұсыныс: Әр пән бойынша төмен балл көрсеткен оқушыларға үнемі қолдау көрсетіліп, қосымша дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.
Сынып жетекшісі: Д.Е.Абдрашова
Достарыңызбен бөлісу: |