3.ас тұзды 4.Сүт-айранөнімдерін
5.қантты
237. Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес ми қыртысы клиникалық өлім басталғаннан кейін 5-6 минуттан соң өледі. Реанимациялық іс-шараларды осы уақыттан ұзақтау жасауға болады ма?
1.Жоқ, себебі нәтижесінде адам бәрібір вегетативті жағдайда болады
2.Жоқ, себебі адамның миы осы 5-6 минутың ішінде бәрібір өледі.
3.Ия, себебі реанимация ми жасушасының тіршілік мерзімін ұзартады. 4.Ия, себебі ми қыртысының жасушалары өлгенмен де адам өмір сүре алады.
5.Ия, алайда тек ми жасушалары ұзақ өмір сүретін жас адамдарда ғана.
238. 17 жастағы жасөспірім реанимация бөлімшесіне түсті.Есі шатысқан, артериялық қысымы 70/40 мм с.б., шеткері артерияларда пульс анықталмайды, тынысы жиі. Осы жағдай өлімнің қай сатысына сәйкес келеді?
1.преагония 2.ақтық үзіліс
3.агония
4.клиникалық өлім
5.биологиялық өлім
239. Кез келген этиологиялық шокпен күресу үшін неліктен артериялық қысымды ұстап тұру өте маңызды?
1.Қысымның төмендеуі шок дамуының негізгі патогенетикалық факторы болып табылады.
2.Қысымның төмендеуі кез келген шоқ дамуының этиологиялық факторы болып табылады.
3.Қысымның төмендеуі липидтердің асқын тотығы механизмін және тіндер зақымдануын іске қосады.
4.Қысымның төмендеуі шырғалаң шеңберді туындатады: Гипоксия – миокард жұмысының бұзылуы – қысымның төмендеуі. 5.Қысымның төмендеуі диссеминациялық тамырішілік қан ұюының дамуына септігін тигізеді.
240. Стенокардия ұстамасынан кейін миокардта жасушалар зақымдалуының қандай түрі пайда болады?
1.Қайтымды. 2.Қайтымсыз.
3.Созылмалы
4.Митозды.
5.Біріншілікті.
241.Микроциркуляцияның қандай бұзылысы қабынудың екі классикалық көрінісін – қызару және температураның жоғарылауын туындатады?
1.Артериолдардағы қысқа уақыттық спазм.
2.Веноздық гиперемия.