3-модуль 1-күні бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (өзіндік жұмыс 120 минут) Ескерту*** Өзіндік жұмысты өз тәжірибеңіз бен курс материалдары негізінде орындауыңызға болады. Тапсырмаларға беретін жауабыңызды мейілінше жүйелі және толық орындауға тырысыңыз. Орындалған тапсырманы қайта жүктеңіз.
Өзіндік жұмыс №1. Тиімді кеңес берушінің жеке қасиеттерінің тізбесімен танысып, талқылауға берілген сұрақтарға өз пікіріңізді білідіріңіз.
Американдық психологиялық қауымдастық жанындағы клиникалық психология саласындағы дайындық комитеті тиімді кеңес берушінің немесе психотерапевтің жеке қасиеттерінің тізбесін құрады. Оған келесі қасиеттер кіреді (Роджерс, 1997, с. 90-91):
Парасатты зияткерлік қабілет және байыптылық.
Тапқырлық, жан-жақтылық және қайталанбайды.
Қажырлық және білуге деген құмарлық; өзін-өзі оқытуға қабілеттілік.
Адамға тұлға ретінде қызығушылық таныту, басқаны тұлға ретінде құрметтеу.
Өзінің тұлғалық ерекшеліктерін түсіну; әзіл-қалжыңды түсіну.
Мотивацияның күрделілігіне сезімталдық.
Мақтаншақтықтың болмауы, төзімділік.
Терапевтік позицияны иелену, адамдармен икемді және конструктивті қарым-қатынасты қолдау қабілеті.
Табандылық, жұмыста әдіскерлік; қақтығыстық жағдайларға төтеп беру қабілеті.
Өзіне жауапкершілік алуға деген даярлығы.
Ынтымақтастыққа қабілеттілік және әдептілік.
Табиғи тұтастылық, өзін – өзі бақылау және тұрақтылық.
Адами құндылықтарды ажырата білуі.
«Білімділік», мәдени ой-өрісінің кеңдігі.
Психологияның, әсіресе клиникалық психологияның аспектілеріне терең қызығушылық таныту.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Тиімді кеңес берушінің жеке қасиеттері тізбесінің қайсысы Сіздің бойыңызда бар?
Кеңес беруші ретінде менің бойымда бар қассиеттер\кеңес алушыны міндетті түрде мұқият тыңдаймын,бағаламаймын тапқврлық,мейрімділік танытамын.
әдеп нормаларын сақтаймын,клиент бойындағы құнды кассиеттерге назар аударамын.Жауапкершілік тек өзіңде екенін ескерту жасаймын. Назар аударатын мәселе құпиялық сақтау,сенімді қарым қатынас орнату қажет .
2.Бұл қасиеттердің бойыңызда бар екендігін қызметіңізде бұрыннан байқаған ба едіңіз? Оны байқауыңызға не түрткі болды? Тәжірибеңізбен байланыстырып түсіндіріңіз.
Жалпы еңбек өтілім он үш әр бір кезде білімді шындап отыру керек ,қанша жаста болсаң да өмір бір орында тұрмайды ,адам өзінің дамуында тоқтамау керек,шыңдалу керек Қай уақыт болсын әр турлі жағдайлар болады бір кеңес бір кеңеске мүлдем үқсамайды.
3.Мектепте психологиялық кеңеске жүгінушілердің проблемадарын шешуге қолдау көрсетуде қандай қиындықтар жиі болады? Оны шешу үшін не істейсіз?
Мектеп психолог кеңеске жүгінушілерге көмек көрсетуде көп жағдайда білімі тәжирибесі аздау болады.Мен өзіме 5-6 жылдай уақыт қажет болды тиімді әдіс тәсілдерді меңгеруіме.
4.Психологиялық кеңес берудің әр түрлі мәселелері бойынша біліміңізді қалай толықтырасыз?
Үздіксіз оқып өзін жетілдіріп дамыту керек .Бүгінгі өзара кеңес беруде үлкен үлес қосты.Кеңес беруде тиімді әрі ұтымды сұрақтар арқылы клиентті ашу және клиенттің өз мәселесін өзі шеше алатындай базистік әдіс тәсілдердіі тереңірек түсіне алдым..
5.Сіздің кәсіби даярлығыңызды жақсарту үшін тағы да не істеу қажет?
Менің ойымша жылына бір рет білімді практикалық жетілдіру керек. Әріптестер мен әдіс алмасу.