3-модуль 1-күні бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (өзіндік жұмыс 120 минут) Ескерту



бет9/15
Дата29.01.2022
өлшемі185,1 Kb.
#115599
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
3-модуль СР №1 Ф. Мұқамғали

МОТИВАЦИЯМЕН ЖҰМЫС
Сыртқы мотивация



Мақсат арқылы ішкі мотивацияны туғызу





  1. Бас миының маңдай бөлігі болашаққа қанағаттану жайлы ой түзеді – МАҚСАТТЫ туындатады.



  1. Мақсатқа жету жолында адамның қанағаттанбауы, себебі ол әлі өзінің қалаған нәтижесіне қол жеткізбеген.



  1. Мақсатқа жеткен кезде қысқа жағымды эмоция - рахат сезімінің пайда болуы. Гедоникалық бейімделуге байланысты адам қол жеткізгеніне тез үйренеді де жағымды эмоция көп ұзамай жойылады.





  1. Бір мақсатқа қол жеткізген адам тағы да одан да үлкен мақсат қояды және қайтадан өз әрекетін бастапқыдай қайталай береді. Осылайша ол «мақсатқа тәуелді» адамға айналады.

Сұрақ

  1. Бала мотивациясымен жұмыс істеуде қандай факторларды ескересіз? Неліктен?

Оқушыға сабақ оқуға психологиялық қолдау көрсету.

  • Кейбір адамдар өз-өзіне деген сенімділігн жоғалтқан.Себебі көп жағдайда оларға «Мен саған сенемін,сенің қолыңнан келеді» деген сөздер айтылмайды.Көптеген ата-аналар мектеп жасындағы балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығын айтады.Бірақ оның себебін іздемейді.Оқушының оқуға деген ынтасын қалай артыруға болады?Баланың бойындағы ішкі сенімділікті қалай жоғалтып алмауға болады?Жаңаны тануға деген белсенділігін қалай арттыруға болады?Мектепте оқыған жалықтырады деген оқушыны оқуға деген мотивциясын қалай арттыруға болады?Бұндай сұрақтарды үздіксіз қоя беруге болады.Ал оған жауап іздеп көрелік.

  • Ең негізгі күрделі мәселе – балада оқуға,білім алуға деген қызығушылығының жоқтығы.Кей балада мектепке келе сала жоғалса,кей балада уақыт өте келе өшеді.Кім кінәлі?Бұл сұраққа әр ата-ананың өз жауабы бар.Кей ата-аналар қоғамда беделді тұлғаларды үлгі қылып,аула сыпырушы ,жүк тасушы мамндығымен қорқытады.Ал кейбірі тіпті мектеп мұғалімдері мен психологтарға тікелей байланысты деп өз мойындарынан жауапкершілікті алып тастайды.Басқалары жазалау әдісін қолданады.Атап кетсек ,төмен баға үшін компьютер,планшет,ұялы байланыс телефондарын тартып алуға дейін барады.

  • Мектептегі төмен үлгерім-баланың ақыл-ой дамуы мен қабілетінің толық көрсеткіші емес.Білім алуға ынталанбаған балаға бір нәрсе үйреніп,оны өмірде қолдану өте қиынға түседі.Білім алуға деген мотивациясы жоқ оқушыларда қалыптасқан үлгермеушілік пен интеллектуалдық тоқырау болады.Үлгермеушілік көп жағдайда тәртібінде ауытқушылықтарға әкеп соғады.

  • Қазіргі таңда кіші мектеп жасындағы балаларда білім алуға деген мотивациясының төмендігі байқалады.Мұның себебі неден бастау алады?

  • Көп жағдайда ата-аналар баласын мектепке дайын ,барлығын біледі,санайды,оқиды деп әкеледі.Бұл жерде баланың өзі жасағысы келмейтін заттармен санаспайды.Баланы мектеп жасына дейін психологиялық тұрғыда дайындау керек.

  • Екінші жағдай,баланы мектепке ерте жастан береді. 
    Биологиялық дамуына ерекше көңіл бөлінбейді.Бұл дегеніміз,сүйек ,тіс дамуы.Қолының толық қалыптасуын тексеретін арнайы жаттығулар жасап,тексеріп барып беру керек


  • Үшінші жағдай,балалар бала-бақшаға бармайды.Өз қатарластарымен байланыс орнатып,ұжымда өзін-өзі ұстай білу ережелерін білмеуі де әсер етеді.Отбасылық жағдайдың да әсерін атап өту керек.

  • Келесі әсер етуші фактор,ата-аналар қатесі.Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау.Асыра еркелету,керісінше ,жеке тұлғалық беделін түсіру.Баланы келеке ету,шектен тыс еркелету,басқа балалармен салыстыру да оқуға деген мотивациясын түсіреді.

  • Іс әрекет жасауға баланы ниеттендіру үшін не жасауға болады?

  • Бала мотивациясының төмен болу себебін іздеу.Оқу қабілетінің болмауы ма немесе тәрбие жағынан жіберілген қателер ме?Көп жағдайда ата-аналар балаларына «Оқымасаң,аула сыпырушы боласың» деп ескертеді.Бұл әрекет баланың мотивациясын арттыруға ешқандай да әсер етпейді.Баланы жақын арадағы нәтижелер ойландырады.Бірақ балаға қиын,қолынан келмейтіндей көрінеді.Көп жағдайда қиындыққа қарсы тұруға үйретілмеген балалар ғана қиналады.Яғни, мұндай балаларда оқуға деген қызығушылық болмайды.

  • Бала бойында мотивацияның жоқтығы төмендегі жағдайдан да болуы мүмкін.Өткен шақта болған сәтсіздіктер.Бірінші,екінші әрекеттерде жолы болмаған бала,келесіде талпынбайды да.Бұл ретте ата-аналар балаларына «қолын түсірмей»ары қарай әрекеттенуге үйрету керек.Бұл жағдайда міндетті түрде нәтиже болатындығына көзін жеткізу керек.



  1. Өз тәжірибеңізге не алдыңыз? Психолог болып еңбек жолымды енд і ғана бастадым......




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет