3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі



бет10/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

білімділік:

    • ақпарат теорисының, ақпаратты жүйелер мен технологиялардың базалық ұғымдарымен, сонымен бірге ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарымен таныстыру;

    • программалау негіздерін үйрету;

    • компьютерді қолдана отырып, қолданбалы тапсырмаларды шешу іскерлігін қалыптастыру;

тәрбиелік:

  • оқушылардың алгоритмдік, логикалық және жүйелік ойлау қабілеттерін дамыту;

  • ақпараттық мәдениеттіліктің элементтерін қалыптастыру;

  • жеке тұлғаның өнегелілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыур.


Оқыту құралдары

Дұрыс құрылған оқу үрдісінің маңызды компоненттерінің бірі оқыту құралдары болып табылады.

Оқыту құралдары – бұл білім беру үрдісіне ақпарат көздері мен қызмет аспаптары ретінде енетін материалды және идеалды обьектілер болып ұсынылатын мұғалім мен оқушылардың арасындағы қызмет құралдары. Оқытудың дәстүрлі үрдісінде ондай құралдарға көрнекі құралдар, яғни плакаттар, сызбалар, макеттер, баспа шығарылымдары (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, негізгі және қосымша әдебиеттер), оқу ақпараты жазылған дискеттер, тақтаға жазылған жазбалар, кинофильмдер, видеофильмдер, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, яғни компьютер, әр түрлі аудио және видео құрылғылар, т.б. сонымен қатар, мұғалімнің сөзі жатады. Қазіргі уақытта оқыту құралдарының қатарына электронды оқулықтар, Интернет, мультимедиа, педагогикалық-программалық құралдар және т.б. қосылды.

Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқытқанда оқыту құралдарынан, ең алдымен, әр оқушыға қажетті программалау ортасымен жабдықталған компьютер қажет. Өтіліп жатқан тақырыптарға байланысты жазбалар жазылған плакаттар, макеттер, сызбалар іліп қойған дұрыс және интерактивті тақта болса, оны пайдаланып, обьектілі бағдарланған программалау тілінде әр түрлі программалардың шығарылуын, осы тілде жазылған қосымшаларды көрсетіп, сабақты слайдтар түрінде демонстрациялап, түсіндіруге болады. Сонымен қатар, оқыту барысында әр түрлі негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік нұсқауларды, практикумдарды, тақырыпқа байланысты оқытуға арналған аудио және видеоматериалдарды қолдануға болады. Осы оқыту құралдары оқушылардың тақырыпқа, программалауға деген қызығушылықтарын тудырады және сабақты жақсы түсініп, қабылдауларына көмек болады.

Программалау тілдерін оқыту құралдарын қолдануға оқытудың төмендегідей негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады:

1) Оқыту үрдісінде программалау тілдерін оқыту құралдары мүмкіндіктерін жүзеге асырудың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы: ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен қолданушы арасындағы өзара кері байланыс; объектілер немесе құбылыстар мен заңдылықтардың моделдері туралы оқу ақпаратының компьютерлік кескінделуі; есептеу үрдістерінің, ақпаратты іздеу іс-әрекетінің және ақпараттарды жинау, өңдеу, беру көбейту операцияларының автоматтандырылуы, сонымен қатар өте үлкен көлемді ақпараттардың сақталуы, оған кез-келген уақытта ену мүмкіндігінің бар болуы; оқу тәжірибелерінің нәтижелерін немесе оның бір бөлігін бірнеше рет қайталау мүмкіндігінің бар болуы; оқу тәжірибелерінің нәтижелерін немесе оның бір бөлігін бірнеше рет қайталау мүмкіндігімен қатар оларды өңдеу процестерінің автоматтандырылуы; білім беру нәтижесін бақылау мен оқу іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету үрдісінің автоматтандырылуы;

2) Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері, оның ішінде математикалық және ақпараттық моделдеу құралдарын қолданудың педагогикалық тәжірибесі, дербес жағдайда арнайы пәндерді оқыту үрдісіндегі ақпараттық жүйелер.

3) Білім беруге арналған электронды, мультимедиялы құралдарды жасау мен қолданудың негізгі ережелері;

4) Пәндерден білім мен біліктіліктерді бақылауға бағытталған компьютерлік бақылау, тестілеуді қолдану ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет