Жоба құрылымы
Delphi-де дайындалатын программа жоба (проект) деп аталады. Жоба екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде Project1 атауы берілген жоба файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілген модуль. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп атайды, ол код редакторы терезесіне енгізіледі.
Delphi ортасында құрылатын қосымша жобаға бірігетін бірнеше элементтерден тұрады. Жобаның құрамына келесі элементтер кіреді:
Жоба файлы (.dpr);
Формалардың сипатталуы (.dfm);
Модульдер және формалардың модульдері (.pas);
Жобаның параметрлері (.dof);
Ортаның параметрлері (cfg);
Ресурстардың сипатталуы (.res);
Бұл келтірілген файлдардан басқа, автоматты түрде басқа да файлдар, мысалы, dpr кеңейтілуі бар файлдар үшін ~dp, pas кеңейтілуі бар файлдар үшін ~pa құрылуы мүмкін. Delphi-ді іске қосқанда автоматты түрде Project1 деген атпен жаңа жоба құрылады. Бұл жобаның құрамында Form1 деген аты бар бір форма терезесі болады. Бұл атауларды өзгертуге болады. Әдетте, жобаның файлдары бір қапшықта орналасады. Себебі, қарапайым жобаның өзінде көп файлдар болады, ал жобаға жаңа формаларды қосқан сайын бұл файлдардың көлемі көбейе береді. Сондықтан әрбір жаңа жоба үшін жобаның барлық файлдары сақталатын жеке қапшық құрған дұрыс болады.
Жоба файлы. Жоба файлы жобаның орталық файлы және Object Pascal тiлiнде жазылған және компилятормен өңделетiн программа болып табылады. Бұл программаны Delphi автоматты түрде құрастырады және ол бiрнеше жолдардан тұрады. Жоба файлы келесідегідей түрде болады:
Program Project1;
Uses
Forms,
Unit in ‘Unit1.pas’ {Form1};
{$R *.res}
Begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm (Tform1,Form1);
Application.Run;
End.
Программада арнайы сөздер жуандатылып жазылған, программа Program сөзiмен басталып, End сөзiмен және одан кейiн қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Uses бөлімі программаны басқа файлдарда орналасқан модульдердi қосып, компиляциялау туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң программаның денесi орналасады, ол Begin сөзiмен басталып, End және одан кейiн қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесi орындалатын үш операторлардан құралады. {$R *.RES} жолы программаны ресурстар файлымен қосып, компиляциялау керек екендiгi туралы баяндайды. Әр оператор Application объектiсіiнiң белгiлi бiр әдiсiн шақыру жұмысын атқарады. Initialize әдiсi арқылы программа Windows-тiң басқаруымен әртүрлi көмекшi жұмыстарды орындайды. Application.Initialize әдiсi шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессордан Delphi ортасының даяр бiр үзiндiсiн орындауын сұрайды. CreatForm әдiсi негiзгi терезенi құрастырып, оны экранда көрсетедi. Ал Run әдiсi берiлгендердi және оларды өңдеу туралы Windows - тан келген хабарларды қабылдайды.
Форма файлдары. Жобаның ішінде әрбір форма үшін автоматты түрде форманы сипаттау файлы (.dfm) және форманың модулі файлдары (,pas) құрылады.
Форманы сипаттау файлы Delphi-дің ресурсы болып табылады. Оның құрамында форма мен оның компоненттерінің сипаттамалары бар. Әдетте, программалаушы осы файлды форма терезесі және обьектілер инспекторы терезесі арқылы басқарады. Форманы құрастыру барысында форманы сипаттау файлына сәйкес өзгертулер автоматты түрде енгізіледі. Сипаттау файлының құрамында форманың, форманың барлық обьектілерінің тізімі, сонымен қатар, осы обьектілердің қасиеттері болады. Әр обьекті үшін оның типі көрсетіледі; форма үшін оның TForm1 типі осы форманың модулінде сипатталады.
Форма модулінің файлында форма класының сипаттамасы болады. Модульдер- программаның үзiндiсiн орналастыру үшiн қолданылатын программалық бiрлiк. Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты деп екі топқа бөлінеді. Модульдер келесi бөлiктерден тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |