3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Delphi программалау тілінде құрылғыларды басқару



бет16/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

1.2 Delphi программалау тілінде құрылғыларды басқару
Delphi программалау ортасының атауы әйгілі Дельфиялық оракул (абыздары сәуегейлікпен айналысқан Дельфы қаласындағы Апполон ғибадатханасы) тұрған ежелгі Грециядағы Дельфы қаласының атауынан шыққан.

Delphі программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Ол тез қарқынмен дамып жатқан жүйе. Delphі тілінің негізінде Object Pascal тілі жатыр және ол Delphі-дің жетінші версиясына дейін солай аталып келген. Delphі-дің бірінші версиясы 1995 жылдың ақпан айында шықты. Содан кейін әр жыл сайын жаңа версиялары шыға бастады, әр версия алдыңғысына қарағанда толықтырылып отырды. Delphі программалау тілінде тек Windows жүйесінде жұмыс істейтін программалар құрылып қана қоймайды, сонымен қатар Delphі қосымшаларды жылдам құру ортасына (RAD-Rapid Application Development) жатады. Жылдам құру жүйесінің негізіне визуальды жобалау мен оқиғалы обьектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған. Мұндай программалаудың мәні – программа жасаушы құрал жұмыстың көп бөлігін өзі атқарып, программалаушыға диалог терезелерін құрастыру мен оқиға өңдеушіні құру жұмыстарын қалдырады. Бірнші RAD құралын Microsoft компаниясы құрды және ол Visual Basic деп аталды. Үш жылдан кейін Visual C++, C++ Builder, Jbuilder, PowerBuilder тәрізді өнімдермен бірге құрылған Delphі ортасы да қосымшаларды жылдам құру құралдарына жатады. Бұл жылдамдық Delphі-дің екі сипаттамалық қасиеттері арқылы іске асады: формалардың визуальды құрылуы және визуальды компоненттер кітапханасын (VCL-Visual Component Library) кеңінен қолдану.

Формаларды визуальды құрастыру программалаушыны программалар интерфейсін құрудың көптеген аспектілерінен босатады, себебі Delphі қажетті программалық дайындамаларды және сәйкес ресурстар файлдарын автоматты түрде дайындайды. Программалаушы болашақ программа терезесінің прототипі ретінде форма терезесі деп аталатын арнайы терезені қолданады және оны қажетті интерфейстік қасиеттерді жүзеге асыратын компоненттермен толтырады. Формаға компоненттерді орналастырып болғаннан кейін Delphі автоматты түрде формамен байланысқан модуль үшін компонентке сілтеме қояды және компиляциядан кейін Windows ресурсты файлына айналатын dfm кеңейтілуі бар арнайы файлды түзетеді.

Визуальды компоненттер кітапханасы программалаушыға үлкен көлемді әр түрлі программалық дайындамаларды береді. Компоненттер маңызды қасиетімен сипатталады: оларға программалық код пен оның жұмысына барлық қажетті берілгендер кіреді. Delphі-мен бірге қолданудың әр түрлі аспектілеріне арналған, жазбалар жазатын қарапайым компоненттерден күрделі мәтіндік процессорларға дейінгі үлкен көлемді компоненттер беріледі. Егер қандай да бір себептермен Delphі-де қажетті қызметті атқаратын компонент жоқ болса, онда оны Delphі ортасының құралдарымен құрып, VCL-ға қосып қоюға болады. Компоненттерді қолдану программаларды құру уақытын көп есе қысқартып қана қоймай, сонымен қатар, кездейсоқ программалық қателерді азайтады.

Сонымен, Delphі-де Windows жүйесіне арналған қосымшалар құруды, өз қосымшаларымызға анықтамалық жүйелерді құруды, программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, ОLE технологиясын пайдаланып, басқа қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.

Delphі – бұл бірнеше маңызды технологиялардың біріктірілуі:



  • Машиналық кодқа аударатын жоғары өнімді компилятор;

  • Компоненттердің обьектілі бағдарланған моделі;

  • Программалық прототиптерден қосымшалардың визуальды түрде құрылуы;

  • Мәліметтер базаларын құруға арналған ауқымды құралдар.

Машиналық кодка аударатын компилятор. Delphі-ге орнатылған компилятор «клиент-сервер» архитектурасындағы қосымшаларды құру үшін қажетті жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде бұл компилятор әлемдегі ең жылдам болып табылады, оның компиляциялау жылдамдығы 486DX33 компьютерінде минутына 120 мың жолды құрайды. Ол дайын программалық кодты жылдам тексеруге және программа құруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет