Unit ‹ модульдiң аты ›;
Interface
‹интерфейстiк бөлiгi немесе көрiнетiн (ашық) объектiлердiң анықтамасы ›
Implementation
‹орындалатын бөлiгi, немесе көрiнбейтiн объектiлердiң анықтамасы ›
Initialization
‹модульдің объектiлерiн инициализациялау бөлiгi›
Finalization < жұмысты аяқтаушы бөлiгi >
End.
Жобаға қосылатын бос форма үшін форма модулінің файлында төмендегідей код болады:
Unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics,
Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1=class(Tform)
private
{Private declarations}
public
{Public declarations}
end;
var
Form1:TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
end.
Delphi жаңа форманы қосқанда автоматты түрде форма модулінің файлын құрады. Interface бөлімі модульдiң интерфейстiк бөлiгiн көрсетеді, онда форма класының сипаттамасы бар. Implementation- модульдiң орындалатын бөлiгiн көрсетеді. Модульді компиляциялағанда автоматты түрде модульдің компиляцияланған коды бар dcu кеңейтілуі бар файл құрылады. Бұл файлды қапшықтан өшіріп тастауға болады, себебі, модульді немесе жобаны компиляцилағанда Delphi бұл файлды тағы да құрады.
Модульдер файлы. Форманың құрамында модульдерден басқа, программалау барысында қандай да бір формамен байланыспаған жеке модульдерді қолдануға болады. Олар Object Pascal тілінің әдеттегі ережелерімен құрылады және жеке файлдарда сақталады. Модульдерді қосу үшін олардың аттары uses бөлімінде көрсетіледі. Жеке модульде жобаның бірнеше модульдеріне ортақ процедураларды, функцияларды, тұрақтылар мен айнымалыларды орналастыруға болады.
Ресурстар файлы. Жобаны алғаш сақтағанда автоматты түрде аты жоба файлының атымен сәйкес келетін ресурстар файлы (кеңейтілуі res) құрылады. Ресурстар файлында келесі ресурстар болуы мүмкін: белгілер, растрлық бейнелер, курсорлар. Аталған компоненттер Windows-тың ресурстары болып табылады, себебі олар осы операциялық жүйенің стандарттарымен құрылған және интерпретацияланады. Алғашқыда ресурстар файлында жобаның белгішесі болады. Кейін ол белгішені өзгертуге болады. Ресурстар файлы иерархиялық құрылымды болады, оның ішінде ресурстар топтарға бөлінген және әр ресурстың өзінің аты болады. Барлық ресурстарды біріктіретін кеңейтілуі res файлдардан басқа Image Editor редакторы да келесі ресурстары бар файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді: компоненттердің белгішелері (dcr), растрлық бейнелер (bmp), қосымшалардың белгішелері (ico), курсорлар (cur).
Жобаның параметрлері. Жобаның параметрлерін орнату үшін Project-Options командасымен ашылатын (Project Options) жобаның параметрлері терезесі қолданылады. Параметрлер топтарға бөлінген, әр топ өз бетінде жоба параметрлері терезесінде орналасқан. Жеке параметрлерді орнатқаннан кейін Delphi автоматты түрде қажет өзгертулерді сәйкес жоба файлына енгізеді. Сонымен, Forms және Application беттеріндегі параметрлер жобаның немесе ресурстардың файлдарына, ал Compiler және Linker беттеріндегі параметрлер жобаның параметрлері файлдарына енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |