3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі



бет17/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Компоненттердің обьектілі бағдарланған моделі. Delphі-дегі компоненттердің обьектілі бағдарланған модельдің негізгі бағыты кодты максималды түрде қайта қолданумен жасалады. Бұл құрастырушыларға алдын-ала дайындалған обьектілерден қосымшаларды құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, Delphі ортасы үшін өз обьектілерін құруға мүмкіншілік береді. Delphі-дің стандартты жеткізуіне 270 базалық класстардан иерархия құратын негізгі обьектілер кіреді.

Программалық прототиптерден қосымшалардың визуальды түрде құрылуы. Delphі ортасы өзіне қолданбалы интерфейсті құруды және визуалды компоненттер кітапханасының корпоративті мәліметтер базасына қосылуды қолдайтын қосымшаларды жылдам құру үшін визуалды құралдардың толық жиынтығын қосады, сонымен қатар, қолданбалы интерфейсті құруға арналған обьектілерді, берілгендерді басқару обьектілерін, мультимедиалық, графикалық обьектілерді, диалогтар мен файлдарды басқару обьектілерін, DDE және OLE обьектілерін басқаруды қосады.

Мәліметтер базаларын құруға арналған ауқымды құралдар. Delphі-дегі мәліметтер базасы обьектілері SQL -ге негізделген және өзіне Borland Database Engine-нің толық қуатын қосады. Сондай-ақ, Delphі-дің құрамына Borland SQL Link қосылған, сондықтан МҚБЖ Oracle, Sybase, Informix және InterBase-ке қолжетімділік жоғарғы тиімділікпен іске асады. Сонымен қатар, Delphі өзіне оффлайндық режимде кез келген сыртқы SQL-серверлерінде кеңейтілетін қосымшаларды құруға болатын InterBase локальды серверін қосады. Delphі ортасындағы құрастырушы локальды машина үшін ақпараттық жүйені жобалағанда ақпаратты сақтау үшін .dbf (dBase немесе Clipper) немесе .db (Paradox) форматтарындағы файлдарды қолдана алады. Егер ол локальды InterBase for Windows 4.0-ті қолданатын болса, онда оның қосымшасы ешқандай өзгертулерсіз клиент-сервер архитектурасы бар үлкен жүйелердің құрамында да жұмыс істей алады. Мұның барлығы ауқымдылық. Практика жүзінде бір қосымшаны локальды үшін де, күрделі клиент-серверлік нұсқалар үшін де қолдануға болады.

Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) құрылымдық ортасында құрылады. Бұл ортаның қолданбалы интерфейсі программалаушының қарым-қатынысын ұйымдастыру үшін қызмет етеді және әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. IDE ортасында қосымшаларды құрудың барлық кезеңдері, сонымен қатар түзету де орындалады. Delphі-дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады. Бұл ортаның сыртқы түрі баптауларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Delphі интерфейсін жүктегеннен кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады:



  • Негізгі терезе (Delphі – Project1);

  • Обьектілер тармағының терезесі (Object Tree View);

  • Обьектілер инспекторының терезесі (Object Inspector);

  • Форма немесе форма конструкторы терезесі (Form1);

  • Код редакторы терезесі (Unit1.pas);

  • Броузер (көру) терезесі (Exploring Unit1.pas).

Соңғы екі терезе форма терезесінің артында орналасады. Сонымен қатар, броузер терезесі программа коды терезесінің сол жағына байланыстырылып орналасқан, сондықтан бұл екі терезеде екеуіне де ортақ Unit1.pas тақырыбы бар. Экранда берілген терезелермен қатар, сәйкес құралдардың көмегімен шақырылатын басқа да терезелер болуы мүмкін, мысалы, бейнелер редакторы терезесі (Image Editor). Delphі терезелерін басқа орынға орналастыруға, олардың көлемін өзгертуге және экраннан алып тастауға (негізгі терезеден басқа), сонымен қатар, бір-бірімен байланыстыруға болады. Көп терезелердің барына қарамастан, Delphі бірқұжаттық жүйе болып табылады және біруақытта тек бір қосымшамен (қосымша жобасымен) жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Негізгі терезе. Негiзгi терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы iске қосылып тұрғанда мiндеттi түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады. Бұл терезеде Delphi-дiң негiзгi меню жүйесi, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер палитрасы орналасады.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.

Пиктограммалық командалық батырмалар бас менюден төмен, негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан және оның құрамында бас менюдің жиі қолданылатын командаларын шақыруға арналған он бес батырма бар. Пиктографиялық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 6 топқа бөлінген: Standard, View, Debug, Custome, Desktops, Internet.

Компоненттер палитрасы – Delphі ортасының басты байлығы. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және құрамында құрылатын формаларға орналастырылатын көптеген компоненттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, формалар терезесіне орналастырыла алатын қандай да бір басқару элементі. Компоненттер қосымшаның формасы құрылатын құрылыс блоктарына ұқсайды. Барлық компоненттер жеке беттерге орналасқан топтарға бөлінген.



Обьектілер тармағының терезесі. Бұл терезе негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан және ағымды күйдегі форма обьектілерінің ағаш тәріздес құрылымын көрсетеді. Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоненттер арасындағы байланысты көрнекі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонентті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және обьектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді.

Обьектілер инспекторының терезесі. Бұл терезе экранның сол жақ бөлігінде, обьектілер тармағы терезесінің астында орналасқан және ағымдағы формаға орналастырылатын компоненттердің оқиғалары мен қасиеттерін көрсетеді. Обьектілер инспекторы терезесінің екі беті бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға). Properties беті – компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті – қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды. Әр компоненттің өзінің ерекшеліктерін анықтайтын қасиеттері мен оқиғалар жиынтығы бар. Обьектілер инспекторы терезесі қасиеттер мен оқиғаларды категриялар немесе алфавит бойынша топтауға мүмкіндік береді. Үнсіз келісім бойынша қасиеттер мен оқиғалар атаулары алфавит бойынша сұрыпталған. Delphi ортасы оқиға өңдеушілердің көмегімен хабарларды қабылдап, өңдейді (мысалы, тышқан батырмасын басу – OnClick оқиғасы, форма құру- OnCreate оқиғасы).

Форма терезесі. Форма терезесі - болашақ программаның Windows терезесiнiң жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлiрек айтсақ, Windows-тiң стандартты интерфейстiк элементтерiнен: жүйелi менюдi шақыру, терезенi үлкейту, кiшiрейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегiнен тұрады. Бұл терезенiң жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерiмен реттелген. Компоненттер жинағынан қажеттi компонентті таңдап, форманың терезесiне орналастыруға болады. Бұл ерекшелiк – визуалды (көрсеткiш) программалаудың негiзi болып табылады. Программалаушы әр мезгiлде құрылатын программаның терезесiн бақылап отырып, қажеттi өзгерiстердi кез-келген мезетте енгiзу мүмкiндiгiне ие болады.

Код редакторы терезесі. Код редакторы терезесі программаның мәтiнiн құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтiн арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесiнде Pascal тiлiнiң кеңейтілген және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тiлi қолданылады. Delphi ортасы iске қосылғанда программа кодының терезесi Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін бастапқы кодынан (яғни минималды қажеттi кодынан) тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады. Жобаны құру барысында осы кодқа қажеттi өзгерiстер енгiзiледi. Delphi ортасы unit Unit1 және implementation қатарларының аралығын өзгертiп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *.DFM} және end қатарлар аралығы болады. Код терезесі мен форма терезесі бір-бірімен тығыз байланысты. Код терезесі программаның жұмысы басталғаннан кейінгі жағын қарастырады. Ал форма терезесі оның сыртқы көрінісі. Бір терезеге енгізілген қандай да бір өзгерістер екіншісіне әсер етеді.

Броузер (көру) терезесі. Броузер терезесі әдетте, код терезесімен бірге екпінді болады, ол кодтың көп жолдары болған жағдайда керекті элементті іздеуді жеңілдету үшін пайдаланылады. Броузер терезесіндегі элементті тышқанмен екі рет белгілеу сәйкес обьектіні сипаттау үшін код терезесінде курсорды орналастырады. Егер броузер терезесі қажет емес болса, оны жабу батырмасы арқылы жауып қоюға болады. Ал оны қайта шығару керек болса, View Explorer командасын таңдаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет