1. Delphi-дегі бағдарлама қай тілде жазылады?
А. Object Pascal ++
2. Программа кодының терезесін көру үшін қандай клавишті басамыз?
E. Ғ12++
3. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Бұл терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан. А. Негізгі терезе ++
4. Бұл терезе болашақта програма жазатын терезе болып саналады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows -дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларын, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларын және тақырып жолынан тұрады.
D. Формалар терезесі++
5. Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоненттер арасындағы байанысты көрнекі бейнелеуге арналған.
В. Объектілер тармағының терезесі++
6. Бұл терезеде екі бет бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға). Properties беті-компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті-қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды.
С. Объектілер инспекторының терезесі+
7. Бұл терезе программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипатайды.
E. Программа кодының терезесі++
8. Сіздің формаларыңыз жөнінде ақпаратты сақтау үшін Delphi-де құрылатын екілік немесе мәтіндік файл.
С. Форма файлы (.dfm) ++
9. Осы бинарлы файл жоба пиктограммалары мен басқа ресурстарды қамтиды.
D. Ресурстар файлы (.res)++
10. Осы мәтіндік файлды формалар мен модульдер туралы ақпараттарды сақтауға арналған. Мұнда инициализация операторы мен бағдарламаны орындауды енгізу қамтылған.
А. Жоба файлы (.dpr)+
11. Сізбен құралатын әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульдің текстік файлы сәйкес келеді. Delphi-дің көптеген функциялары мен процедуралары модульде сақталынады.
В. Модуль файлы (.pas)+
12. Осы файлда жоба параметрінің орнатулары сақталынады.
E. Жоба параметрлерінің файлы (.dof)+
13. Интерфейс бөлімі қай сөзден басталып жазылады?
А. Interfase ++
14. Қорытындылау бөлімі қай сөзден басталып жазылады?
E. finalization++
15. Жүзеге асыру бөлімі қай сөзден басталып жазылады?
С. Implementation ++
16. Инициялизациялау бөлімі қай сөзден басталып жазылады?
D. initialization ++
17. Модульді қосу бөлімі қай сөзден басталып жазылады?
В. Uses ++
18. Құрылған қосымшаны орындалуға жіберу үшін қандай пернені басамыз?
С. Ғ9+
19. Қосымшаның штатсыз жұмыс жасау жағдайында қандай опцияны таңдаймыз?
С. Run менюында ProgramReset опциясы++
20. Айнымалылар қалай сипатталады?
В. Var айнымалы_аты: айнымалы_типі;++
21. Процедуралар қалай сипатталады?
E. procedure Процедура_аты(параметрлері); ++
22. Функциялар қалай сипатталады?
D. function Функция_аты(параметрлері): нәтиже_типі;++
23. Тұрақтылар қалай сипатталады?
А. Const pi=3.1415; ++
24. Бағдарламаға мәліметтердің жаңа типін енгізу үшін қандай түйінді сөз қолданылады?
С. Type типтің_атауы = типтің_сипатталуы; ++
25. Бірлік тырнақшаға алынып жазылған символдар тізбегін қалай атайды?
А. Жол ++
26. Бүтін сандардың стандартты типтерін атаңыз?
В. Integer, Cardinal, Shortint, Smallint, Byte, Word++
27. Бөлшек сандардың стандартты типтерін атаңыз?
А. Real, Single, Double, Extended, Comp, Currency++
28. Элементтеріне нөмірі немесе индексі бойынша қатынас жасалатын мәліметтердің құрылымдық типі. Оның барлық элементтері бір типтес болады.
А. Жиым+
29. Мәліметтердің әр элементтің өз аты мен типі бар құрылымдық түрін айтады. Олардың элементін басқаша өріс деп те атайды.
С. Жазба+
30. Бір атауға біріктірілген элементтер тобы. Оның элементтерін басқалармен салыстыра отырып, олардың осыған тиістілігін анықтауға болады. Элементтер саны 256-дан аспауы тиіс.
В. Жиын+
31. Жиым қалай сипатталады?
В. Type жиым_типінің_аты = array[аралығы] of элемент_типі;++
32. Жиын қалай сипатталады?
С. Type жиын_аты=set of жиынның_мәндер_аралығы;++
33. Жазба қалай сипатталады?
А. Type жазба_типінің_аты=record өріс_аты : өріс_типі;++
34. Меншіктеу операторы қалай белгіленеді?
А. := ++
35. Қалдық табу амалы қалай белгіленеді?
С. Mod++
36. Бүтін сандық бөлу қалай белгіленеді?
В. Div++
37. Ішкі бағдарламалар – бұл . . .
С. арнайы операцияларды орындау үшін қызмет ететін процедуралар мен функциялар; ++
38. IntToStr(N: Integer): String функциясы –
А. N бүтін санын жолға түрлендіреді;++
39. StrToInt(S: String): Integer функциясы –
В. S жолын бүтін санға түрлендіреді;++
40. FloatToStr(X: Extended): String функциясы –
С. Х жылжымалы нүктелі санын жолға түрлендіреді ; ++
41. StrToFloat(S: String): Extended функциясы –
D. S жолын жылжымалы нүктелі санға айналдырады;++
42. DayOfWeek(Date: TDateTime): Integer функциясы –
E. ағымдағы апта күнінің нөмірін қайтарады.++
43. AnsiLoverCase(const S: String): String функциясы –
А. төменгі регистрге түрленген S жолын қайтарады;++
44. AnsiUpperCase(const S: String): String функциясы –
В. жоғарғы регистрге түрленген S жолын қайтарады;++
45. Length(const S: String): Integer функциясы –
С. S жолындағы символдар санын қайтарады;++
46. Trim(const S: String): String функциясы –
D. S жолдағы бастапқы және соңғы бос орындар мен басқарушы символдарды жояды; +
47. TrimLeft(const S: String): String функциясы –
E. S жолдағы бастапқы бос орындар мен басқарушы символдарды жояды.+
48. Pos(Substr: String; Str: String): Integer функциясы –
А. Str жолына SubStr-дің алғашқы ену позициясын(индексін) қайтарады. Егер Str жолында SubStr жоқ болса, оған 0 қайтарылады;+
49. Insert(Source: String; var S: String; Index: Integer): Integer функциясы –
В. S жолына нөмірі Index-ке тең символдан басталатын Source жолын қосады;+
50. Delete(var S: String; Index, Count: Integer): Integer функциясы –
С. S жолынан нөмірі Index-ке тең символдан басталатын және Count –қа дейінгі символдардан тұратын ішкі жолды жояды;++
51. Copy(S: String; Index, Count: Integer): Integer функциясы –
D. S жолына нөмірі Index-ке тең символдан басталатын және Count –қа дейінгі символдардан тұратын ішкі жолды қайтарады;+
52. Шартты оператордың жазылу синтаксисі:
В. If шарт then 1-әрекет else 2-әрекет;++
53. Таңдау операторының жазылу синтаксисі:
E. дұрыс жауап жоқ. ++
54. Цикл операторының жұмысында айнымалы-санауыш өсу орнына кемитін жағдай да болуы мүмкін. Ондай жағдайда оператор қалай жазылады:
С. For санауыш:=1-өрнек downto 2-өрнек do әрекет;++
55. Цикл денесіндегі басқа операторларды аттап өтіп бірден циклдің орындалуын жалғастыруға мүмкіндік жасайтын команда?
В. Continue;++
56. Цикл денесі операторларының орындалуы кезінде оны аяқтау қажет болғанда пайдаланылатын команда?
А. Break;++
57. Мағынасы ұқсас мәселелерді әр түрлі тәсілмен шешетін кластар қасиеті.
С. Полиморфизм;+
58. Класс- өрістер, әдістер мен қасиеттер деп аталатын үш маңызды ұғымның бірлігін береді. Осы үш маңызды ұғымды бір бүтінге біріктіру қалай аталады?
А. Инкапсуляция; ++
59. Object Pascal-дың барлық кластары жалғыз ата-ана қай кластан туындаған?
С. TObject; ++
60. Өзінің TObject ата-анасының мүмкіндіктерін кеңейтеді: ол мәліметтерді файлға сақтап, оны одан қайтадан ала алады, нәтижесінде оның барлық ұрпақтары осы мүмкіндіктерді орындай алады.
А. TPersistent;+
61. Файлдармен және класты құрушының ортасымен ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен бірге, экранда көрінетін бейнелерді құруға және оның қызметін орындауға қабілетті.
D. TControl;+
62. Өріс деп нені айтамыз?
А. Кластағы инкапсуляцияланған мәліметтер;+
63. Әдістер дегеніміз не?
В. Класта инкапсуляцияланған процедуралар мен функциялар;++
64. Қасиеттер дегеніміз не?
С. Бұл өріске кіру мүмкіндігін реттейтін кластардың арнайы механизмі;+
65. Оқиға дегеніміз не?
D. Программамен жұмыс істеу барысында обьект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі;++
66. OnСreatе оқиғасы нені білдіреді?
D. форманы екі рет шерту басу;++
67. OnKeyDown оқиғасы нені білдіреді?
С. клавишті басу;++
68. OnDblClick оқиғасы нені білдіреді?
В. тышқан түймесін екі рет басу;+
69. OnClick оқиғасы нені білдіреді?
А. тышқан түймесін бір рет басу;++
70. Белгілі бір қасиеті бар және программистпен форма терезесіне орналастырылатын функционалды элемент?
А. компонент;++
71. Компоненттер қандай болуы мүмкін?
В. визуальды, визуальды емес;++
72. Визуальды емес компоненттер
А. жобалау процесінде формада значоктар түрінде көрініп тұрады, бірақ пайдаланушы орындауға жіберу кезінде олар көрінбейді;++
73. Визуальды компоненттер
В. жобалау процесінде экранда сіз қойған күйде, қосымшаны орындауға жіберу кезінде пайдаланушыға көрініп тұрады;+
74. Компоненттер палитрасының қай бетінде Windows –тың: басты және қалқымалы менюлері, батырмалары, бір жолдық және көп жолдық редакторлары, ауыстырып қосқыштары, белгілері, тізімдері және одан да басқа жиі қолданылатын компоненттері сияқты стандартты интерфейстік элементтері орналасқан?
А. SТANDARD беті;++
75. Компоненттер палитрасының қай беті 32 разрядты WINDOWS 95/98/NT/2000 операциялық жүйелерінің интерфейстік элементтерінен құралады. (бұл 2-нұсқада WIN 95 деп аталады)?
С. WIN 32 беті;++
76. Бұл бетте басқару қызметі бар компоненттер келтірілген, оның ішінде Windows үшін стандартты OLE (Object Linking and Embedding) және DDE (Dinamic Data Exchange) мәліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін де компоненттері бар.
D. SYSTEM беті;++
77. Компоненттер палитрасының қай бетінің компоненттері Windows үшін стандартты сұхбат терезелерін жүзеге асырады.
E. DIALOGS беті.++
78. BitBtn компоненті қай бетте орналасқан?
В. ADDITIONAL беті;++
79. Бағдарламаның бас менюі. Компонент күрделі иерархиялық менюлерді құруға және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.
А. MainMenu;++
80. Қалқымалы меню. Ол әдетте маустың оң жақ батырмасын басқанда пайда болады.
В. PopupMenu;++
81. Көп жолдық мәтіндік редактор. Ол пайдаланушының пішімдеу мүмкіндігі жоқ көп жолдық мәтінді енгізіп, оны бейнелеуі үшін пайдаланылады.
E. Memo.++
82. Енгізу жолы. Ол пайдаланушының бір жолдық мәтіндік ақпаратты енгізуіне арналған.
D. Edit;++
83. Белгі. Бұл статикалық мәтін түріндегі қысқа хабарламаларды орналастыру үшін қолданылады.
С. Label+;+
84. Командалық батырма. Бағдарламада осы компоненттің onclick оқиғасы өңдеушісінің көмегімен команданы жүзеге асыру үшін қолданады.
А. Button;++
85. Тәуелді ауыстырып қосқыш. Ол бірнеше нұсқадан біреуін ғана таңдау үшін қолданылады.
С. RadioButton;++
86. Таңдаудың аралас тізімі. Edit пен ListBox компоненттерін бірге пайдалануды қарастырады.
E. ComboBox.++
87. Таңдау тізімі. Ұсынылған нұсқалар(опциялар) тізімінен тұрады және ағымдағы таңдауды бақылауға мүмкіндік береді.
D. ListBox;++
88. Тәуелсіз ауыстырып қосқыш. Оның маусты шерткенде ауысып отыратын true және false мәндері бар Checked (белгіленген) қасиеті пайдаланылады.
В. CheckBox;++
89. Айналдыру жолақтары. Ол бағдарлама терезесіне тұтасынан сыймаған бөліктерін қарауға арналған басқарушы компоненттердің тік және көлденең жолақтарынан тұрады.
А. ScrollBar;++
90. Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір типтес: меню, батырмалар және т.с.сияқты басқарушы элементтер тобының біреуін таңдауымен байланысты әрекетіне бағдарламаның бір орталықтан жауап беру қызметін атқарады.
E. ActionList.+
91. Тәуелді ауыстырып қосқыштар тобы. Оның өзара байланысқан бірнеше тәуелді ауыстырып қосқыштарды іске қосуға арналған қасиеттері бар.
С. RadioGroup;++
92. Компонентердің топтық контейнері. Бұл мағынасы бойынша байланысқан бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады.
В. GroupBox;+
93. Панель/Тақта. Бұл GroupBox сияқты бірнеше компоненттерді біріктіруге арналған. Оның ішкі және сыртқы жиектері арқылы «батырылып» не «көтеріліп» тұрғандығын бейнелеу мүмкіндіктері болады.
D. Panel;++
94. Жазуы бар, пиктограммалы командалық батырма.
В. BitBtn;+
95. Пиктограммалық батырма. Әдетте бас менюдің опцияларына жылдам кіру үшін пайдаланылады.
С. SpeedButton;+
96. Жолдар кестесі. Бұл компонент мәтіндік ақпаратты кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
D. StringGrid;++
97. Еркін кесте. Бұл компоненттің ұяшықтарында кез келген ақпарат, оның ішінде сурет те сақталады.
E. DrawGrid.++
98. Арнайы мәтіндік редактор. Енгізілген мәтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді, мысалы, датаны дұрыс енгізу үшін қажет.
А. MaskEdit;++
99. Фигура. Бұл комполненттің көмегімен терезеге дұрыс геометриялық фигураларды – тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс және т.б. қоюға болады.
В. Shape;++
100. Орағыш жолақтар панелі. Panel компонентінен айырмашылығы – егер орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиылыспаса, онда орағыш жолақтарды автоматты түрде қояды.
D. ScrollBox;+
101. Жиек. Терезенің жеке бөліктерін үш өлшемді қоршаумен немесе жолақпен ерекшелеуге арналған.
С. Bevel;+
102. Жиынтық таңдаулар тізімі. Стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы әрбір опциясының қасында бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдтетін CheckBox тәрізді тәуелсіз ауыстырып қосқышы бар.
E. CheckListBox.++
103. Сурет. Бұл компонент суреттерді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған.
А. Image;++
104. Шекара. Бұл компонент формада көрінетін екі компоненттің арасында орналасады да, пайдаланушыға программаны жүргізу кезінде компоненттерді бір-бірінен бөліп тұрған шекараларын алмастыруға мүмкіндік береді.
А. Splitter;+
105. Диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы панельдер құруды жеңілдетеді.
E. Chart.++
106. Басқару жолағы. DRAG&DOG технологиясында «тақалып» тұратын компоненттерді орналастыратын контейнер қызметін атқарады.
С. ControlBar;+
107. Статикалық мәтін. Стандартты Label компонентінен айырмашылығы өзінің жеке Windows терезесінің болуымен сипатталады. Ол мәтінге қоршау жүргізуге мүмкіндік береді.
В. StaticText;++
108. Бір жолдық редактор мен белгінің комбинациясы.
D. LabeledEdit;++
109. Қойымталар жиынтығы. Әрбір қойымта жазуы немесе суреті бар тіктөртбұрышты өріс болып келеді. Қойымтаны таңдау программа арқылы жүргізіледі және терезедегі компоненттер жиынтығын басқару үшін пайдаланылады.
А. TabControl;+
110. Суреттер жиынтығы. Өлшемдері бірдей бірнеше суретерді сақтауға мүмкіндік береді.
С. ImageList;++
111. Қойымталары бар панельдер жиынтығы. Әрбір панельдің өзінің инерфейстік элементтер жиынтығы бар. Ол өзіне байланысты қойымтаны тышқанмен белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
В. PageControl;+
112. Регулятор. Программадағы кейбір шамалардың мәндерін басқару үшін пайдаланылады. Мысалы, оның көмегімен мультимедиалық программалардағы дыбыстың дауысын оңай өзгертуге болады.
E. TrackBar.++
113. Форматталған мәтінге арналған көп жолдық редактор. Memo компонентінен айырмашылығы бұл компоненттегі мәтін Кеңейтілген Мәтіндік Формат ережесіне бағынады және шрифт, түс, туралау тәрізді сипаттамаларын өзгерте алады.
D. RichEdit;++
114. Процесс индикаторы. Бұл компоненттің көмегімен ұзақ уақыт орындалатын процестің атқарылуын бейнелеуге болады. Мысалы, мәліметтерді дискетке көшіру барысы.
А. ProgressBar;++
115. Цифрлық регулятор. Бұл компоненттің екі батырмасы компонентке байланысты сандық мәнді үлкейтуге немесе кішірейтуге арналған.
В. UpDown;++
116. Мультипликатор. Бірінен кейін бірі ауысып отыратын қозғалыстағы суреттерді (видеоклип) бейнелеуге арналған. Компонент дыбысы бар видеоклипті сүйемелдей алмайды.
D. Animate;++
117. Басқару клавиші. Компонент басқару клавиштерін енгізу үшін пайдаланылады.
С. Hotkey;+
118. Таңдау тармағы. Пиктограммалардың тармақты құрылыммен байланысқан жиынтығын береді. Әдетте каталогтар құрылымын және басқа да иерархиялық қатынаспен байланысқан элементтерді көру үшін пайдаланылады.
E. TreeView.+
119. Пиктограммалар панелі. Бірнеше пиктограмаларды көруді және қажеттісін таңдауды ұйымдастырады. Бұл компонент пиктограммаларды тігінен немесе көлденеңінен орналастырып, оларды үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетеді.
А. ListView;+
120. Басқарушы тақырып. Жазуы бар секцияларға бөлінеген, тік немесе көлденең жолақ болып келеді. Секциялардың өлшемін программа жұмысы кезеңінде тышқанмен өзгертуге болады. Әдетте әртүрлі кестелердегі жолдар мен бағандардың өлшемін өзгерту үшін пайдаланылады.
E. HeaderControl.++
121. Статус панелі. Жөндеу терезесінде әртүрлі нұсқау беретін ақпараттарды орналастыруға арналған.
В. StatusBar;++
122. Саймандық панель. WINDOWS-дің Edit, ListBox, ComboBox және т.б. тәрізді стандартты интерфейстік компоненттерін орналастыруға арналған контейнер ретінде пайдаланылады.
D. CoolBar;+
123. Саймандық панель. Бұл компонент Bitbtn командалық батырмалары үшін контейнер қызметін атқарады. Сондай-ақ, олардың өлшемдерін және батырмаларды өшіргендегі немесе жаңасын қосқандағы орнын автоматты түрде өзгерте алады.
С. ToolBar;++
124. Сурет салуға арналған терезе. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.
В. PaintBox;++
125. Мультимедиалық ойнатқыш. Бұл компоненттің көмегімен әртүрлі мультимедиалық құрылғылар басқарылады.
С. MediaPlayer;+
126. Таймер. Бұл компонент шынайы уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.
А. Timer;++
127. Қос батырма. Қандай да бір сандық шамаларды басқарудың ыңғайлы құралы.
E. SpinButton.++
128. Сандар редакторы. Қос батырманың көмегімен бүтін сандарды өзгерту мүмкіндігімен бірге бейнелеу және жөндеуді қамтамасыз етеді.
D. SpinEdit;++
129. Сақтау. Стандартты «файлды сақтау» терезесін шығарады.
В. SaveDialog;++
130. Ашу. Стандартты «файлды ашу» сұхбат терезесін шығарады.
А. OpenDialog;++
131. Түс. Түсті таңдайтын стандартты сұхбат терезесін шығарады.
D. ColorDialog;++
132. Шрифт. Шрифті таңдайтын стандартты сұхбат терезесін шығарады.
С. FontDialog;++
133. Басып шығару. Құжатты басып шығаруға арналған параметрлерді таңдау сұхбат терезесін шығарады.
E. PrintDialog.++
134. Мәтін фрагментін іздеу мен алмастыруға арналған стандартты сұхбат терезесін шығаруға мүмкіндік береді.
E. ReplaceDialog.++
135. Іздеу. Мәтін фрагментін іздеуге арналған стандартты сұхбат терезесін шығаруға мүмкіндік береді.
D. FindDialog;++
136. Суретті сақтау. Суретті алдын ала көру мүмкіндігін сақтай отырып, графикалық файлды сақтайтын арнайы терезені шығарады.
В. SavePictureDialog;++
137. Суретті ашу. Суретті алдын ала көру мүмкіндігін сақтай отырып, графикалық файлды таңдайтын арнайы терезені шығарады.
А. OpenPictureDialog;++
138. Принтерді баптау. Басу құрылғысын баптауға арналған стандартты сұхбат терезесін шығарады.
С. PrinterSetupDialog;++
139. Редакциялау жолында символдар регистрін өзгерту үшін Edit компонентінің қандай қасиетін пайдалануға болады?
А. CharCase;++
140. Edit компонентін қолданғанда пароль енгізу үшін қай қасиетін пайдалануға болады?
В. PasswordChar;++
141. Memo-ның мазмұнына қол жеткізу үшін String түріндегі қандай қасиеті қолданылады?
А. Lines;++
142. Memo-ның бұл қасиетінің мәні True болса, онда Tab пернесі басылғанда мәтінге табуляция белгісі орналастырылады, яғни келесі жолды енгізуге мүмкіндік туғызады. Керісінше, бұл қасиетінің мәні False болса, осы тәртіпте Tab пернесі басылғанда енгізу фокусы келесі терезелік басқару элементіне беріледі.
В. WantTabs;++
143. ListBox компонентінің Style қасиетінің сипаттамасы?
В. Қарапайым тізімнің стилін орнатады;++
144. ListBox компонентінің BorderStyle қасиетінің сипаттамасы?
С. Қарапайым тізімде жиектің бар не жоқ болуы;++
145. ListBox компонентінің Columns қасиетінің сипаттамасы?
А. Бағандар саны;++
146. ListBox компонентінің Items қасиетінің сипаттамасы?
D. Жолдар массивін білдіреді және тізім элементтерінің саны мен қасиеттерін анықтайды;++
147. ListBox компонентінің Count қасиетінің сипаттамасы?
E. Тізімдегі элементтер санын анықтайды.++
148. Жолдар саны мен бағандар саны сәйкес келетін екіөлшемді массивті қалай атайды?
В. Квадрат матрица;++
149. StringGrid компонентінің ColCount пен RowCount қасиеттері нені білдіреді?
А. бағаналар мен жолдар санын;++
150. StringGrid компонентінің FixedCols және FixedRows қасиеттері нені білдіреді?
В. бекітілген, айналмайтын жолдар мен бағаналар саны;++
Достарыңызбен бөлісу: |