ІІІ септеуге барлық үш тектің (m,f,n) Gen. sing. формасында –is жалғауы бар зат есімдер жатады. Бір тектің өзінде атату септігінің жекеше түрінде (Nom. sing.) әртүрлі жалғаулары болады. ІІІ септеу зат есімдері атау және ілік септігіндегі буын сандарына қарай тең және тең емес буынды болып бөлінеді.
Тең буынды зат есімдер - Nom. sing. және Gen. sing. формаларында буын саны бірдей болады.
М.: auris, is f - құлақ Nom. sing. – auris (2 буын) Gen. sing. - auris (2 буын)
Тең емес буынды зат есімдер - Nom. sing. формасына қарағанда Gen. sing. формасында буын саны көбірек болады.
М.: corpus, oris n - Nom. sing. – corpus (2 буын) Gen. sing. - corporis (3 буын)