3. Сабақ түрі: тәжірибелік



бет57/62
Дата08.02.2022
өлшемі7,69 Mb.
#120543
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Әд.-өңд.-лат.т-Мейірбике-2-курс-лат.т

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, клиникалық терминдердің құрамындағы грек-латын терминбөлшектерінің орны мен мағыналарына, терминдердің талдануы мен құрастырылуына көңіл бөлінеді.



8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14 мин(15% )
1. Терминология, термин туралы түсінік.
2. Клиникалық терминология.
3. Сөз құрамы, оның бөліктері.
4. Терминоэлементтер (терминбөлшектері), олардың термин құрамындағы орны.


9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)
Клиникалық терминология дегеніміз ағзалардағы өзгерістерді, қалыпсыз, патологиялық (грек pathos –ауру, ауытқу; грекlogia – ғылым, ілім) жағдайларды анықтау, емдеу және алдын алу әдістері мен үдерістерін зерттейтін ғылымдардың терминдер жиынтығы. Клиникалық терминдердің негізі болып патологиялық анатомия мен патологиялық физиорлогия терминдері табылады. Медициналық, клиникалық терминдерді саналы түрде есте сақтаудың шарты болып, олардың құрылымдық бөліктері бойынша талдануы табылады.
Латын сөздердің құрамы орыс, қазақ тілдеріндегідей, келесі бөліктермен сипатталады: түбір, приставка (түбір алдықосымшасы), жұрнақ және жалғау. Түбір деп сөздің міндетті болатын, өзіндік мағынасына иеленген бөлігі аталады. Сол мағынасы барлық бір түбірі бар сөздер үшін бірдей болады. Түбірсіз сөз болмайды. Мысалы: medicus – дәрігер, medicina – медицина, medicinalis – медициналық. Осы сөздерде бәріне ортақ medic – бөлігі түбір болып табылады. Приставкалар мен жұрнақтар қосымша мағына береді және олар сөздердің міндетті емес сөз бөліктері, сөздер оларсыз бола береді. Мысалы: cost(a), бұл жерде а – жалғау, cost – түбір. Приставкалар (префикстер) түбір алдында, ১§§§л жұрнақтар түбірден кейін тұрады. Приставкалар (префикстер)ретінде латын және грек предлогтары жиі қолданылады. Мысалы: intercostalis (қабырғалар), intervertebralis (омыртқааралық) сөздерінде inter – префикс (приставка) – аралық; -al – жұрнақ.
Сөз соңындағы бөлігі жалғау деп аталады, ол сөзді өзгерту (грамматикалық) мағынасын көрсетеді, яғни тегін, сан түрін, септігін немесе жағын. Мысалы:
Fossa profunda – терең шұңқыр (атау септігі, жекеше түрі, әйел тегі (жен.род);
Fossae profundae – терең шұңқырлар (атау септігі, көпше түрі).Жалғауды алған кезде басқа өзгермейтін өз бөлігі негізі деп аталады. Мысалы:nodus- nod-us, nod – I (mod – негізі); lobules – lobul-us (lobul – негізі); intervertebralis – intervertebral – is (intervertebral – негізі)
Термин саласында тұрақталған мағынаға иеленген түбірлік және сөзжасамдық элементтері (бөліктері – приставкалар, жұрнақтар), термин құрамында терминоэлементтер деп аталады. Мысалы:a pnoe (a – приставкасы жоқтық, болмау; pnoe – тыныс) – тыныстың жоқтығы; neuralgia –невралгия (neur –нерв; algia –ауырсыну) – нервтің ауырсынуы; gastri-tis –гастрит (gastr –асқазан, -it is –қабыну) – асқазанның қабынуы.
Жиі қолданылатын терминоэлементтер §36, §37,§83 – H1көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет