3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет52/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Күтім ерекшеліктері. Сібір күйдіргімен ауырған науқастарды міндетті түрде оқшауландырамыз. Олардың әр қайсысына бөлек ыдыс, киім және күтім заттары беріледі. Ішектік, өкпелік және септикалық түрлермен ауыратын аурулар күтімі, арнаулы киімдегі қызметкерлерге жүктеледі. Аурулар бөлмесінде ағымды, ылғалды дезинфекция жүргізіледі (сулема ертіндісі 1:500 + 3% фенол ертіндісі). Ауру қолданған ыдысты ұзақ уақыт қайнатады. Таңып байлау заттары өртелінеді. Аурулардың қақырық, нәжіс және несебі сол жерде 5% карбол қышқылы ертіндісіне немесе 10% хлор етіндісіне 2-3 сағатқа салынады. Осы ауруларға қатысты барлық іс-әрекет резиналы қолғаппен орындалады, ал аурудың өкпелік түрінде қосымша көзілдірік және дәкелі бет пердесі пайдаланады. Сібір күйдіргінің терілік түрімен ауырған аурулар қабыршақтың алынуымен тырықтың пайда болуынан кейін ғана ауруханадан шығарылады. Ішектік, өкпелік және септикалық түрлерімен ауырған ауруларды тек толық клиникалық жазылуымен және аралығы 5 күн, екі рет өткізілген бактериологиялық зерттеудің теріс нәтижесімен ғана ауруханадан шығарылады. Ауру түріне байланысты реконвалесценттердің қанын, қақырығын, нәжісін және несебін сібір күйдіргінің таяқшасының барына зерттейді. Аурулармен қарым-қатынаста болған адамдар 8 күн медициналық бақылауда болады.
Емі. Науқас міндетті түрде стационарға жатқызылады. Сібір күйдіргінің этиотропты емі антибиотиктермен және сібір күйдіргісіне қарсы иммуноглобулинмен қосып жүргізіледі. Пенициллин б.е 6-24 млн. ХБ, сібір күйдіргісіндегі менингитте гидрокортизонды 300 мг. қосып беріледі. Және де мұнымен қатар мынадай антибактериалды препараттарды беруге болады: тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, неомицин, ципрофлоксацин, доксициклин, гепотомицин. Дезинтоксикация мақсатында – тұзды ерітінділер, гемодез, полиглюкин тағайындалады. Жүрек қан-тамыр жүйесінің дәрілерін, В,С тобындағы витаминдер, оттегімен емдеу (оксигенотерапия). Карбункулды ашуға болмайды.


10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31 мин (35%)

  • Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру

11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 2 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру – 2 мин (2%)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет