Ақпараттық-дидактикалық блок Бөртпе сүзегі – жедел инфекциялық ауру, провацека рекетциялары шақыратын, биттер арқылы берілетін және қызбаның циклдық ағымымен тифозды жағдай мен өзіндік экзотемамен, сонымен қатар нерв және жүрек-тамыр жүйесінің жедел зақымдануымен сипатталады. Бөртпе сүзегі – трансмиссивті инфекция. Инфекция көзі тек қана адам, яғни эпидемиологиялық бөртпе сүзегі ауруы не Брилл ауруы. Қоздырғыш ауру адамнан биттер арқылы таралады. Биттің шағуынан зақымдану болмайды, негізінен бит безінің сілекейінен бөртпе қоздырғышы пайда болады.
Бөртпе сүзегі қоздырғышы (провацека рикециясы) ұзындығы 30-40 мкм. Майда микроорганизмдер, полиморфозды, Рамановский болуына – көкшіл, ядросы ашық-қызыл түске боялады. Тек қана тканьды культурада және тауық эмбрионында өседі.
Провацека рекетсиялары адам организміне түсіп, тамыр эндотелий клеткаларына еніп, интенсивті түрде көбейіп, одан қанға өтеді. Рекетсиялардан эндотоксин бөлініп, арнайы интоксикация дамиды. Рекетсиозды токсин тамыр кеңейткіш әсер көрсетіп, диффузды капилярлы стаз шақырады. Тамыр тромваскулит түрінде байқалады. Микроскопта тамыр зақымдануы, әсіресе капилярлар, прекапилярлар, артериолла және макрофагтардың арнайы бөртпе сүзекті гранулемасы немесе Павпова-Давыдовский түйіндері көрінеді. әсіресе бұлар бас миында, теріде, бүйрек үстінде, миокардта болады. Мұның бәрі бірден нерв жүйесінің функционалды жағдайы және қан айналысының бұзылуынан дамиды. Рекетсиялар органдар мен тканьдерде инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінде, не операцияға дейінгі 3-6 күнде болады, кейбір рекетсия түрі сауығудан кейін, бірнеше жылдардан кейін, бөртпе сүзегінің қайталауынан кейін болуы мүмкін (Брилл ауруы).
Профилактикалық мероприятия халықтар арасына бағытталған. Дезинфекционды және ошақты дезинфекционды мероприятия, науқасты 25 күн бақылауы керек. Бөртпе сүзегіне қарсы вакцина: эпидемиологиялық көрсеткіштеріне қарай егу жасау.
Оба – антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен, өте айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндерінің өкпе және басқа да ағзалар мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Обаның қоздырғышы Yersinia pestis, 1854 ж эпидемия кезінде Иерсен деген француз ғалымы тапқан. Қоздырғыш спора түзбейді, грам әдісімен боялмайды, капсула түзеді.
Көбеюіне қолайлы температура 25-30 градус, 50 градуста 1 сағат ішінде, 70 градуста 10 минут , 100 градуста 1 минут ішінде жойылады.
Сулема, лизол, карбол, хлор ізбесі, хлорамин сияқты дезерітінділерге жоғары сезімтал.