Күтім ерекшеліктері. Обамен ауырған науқастардың күтіміндегі маңызды мәселе өте қатал эпидемияға қарсы шараларды сақтау болып табылады. Барлық медицина қызметкерлері науқасты бақылаған, науқас ауруханадан шығып кеткеннен кейін 6 күн өткен мерзімде ғана босатылады. Обамен ауырған немесе күдік туған науқаспен, обаға қарсы киімді қолданбай тікелей қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлерін барлық жасырын кезеңі уақытына оқшауландырып, антибактериалды ем тағайындайды.
Науқас жатқан бокста терезелер, есіктер және желдендіргіш люктар желімдеп бекітілуі керек. Бөлмені терезе ашып желдендіруге мүлдем тиым салынады. Науқасқа күтім және бақылау жасап отырған медицина қызметкері міндетті түрде обаға қарсы костюмде болуы тиіс және барлық науқастың бөліністері шелекке жиналып, дезерітінділермен өңделеді. Бөлмеде тианақта түрде ағымды дезинфекция жасалынады.
Обаның ауыр ағымымен ауырған науқастар үнемі төсектік режимде болады, себебі бұл ауруда жиі жүрек қан-тамыр жүйесі зақымдалады. Сондықтанда мұндай науқастарда (бірден төсек орыннан немесе қимыл жасағанда) жүрек тоқтауы немесе жүрек қан-тамыр жүйесінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Және де бірден-бір науқас өлімінің себебі болуы да ықтимал. Науқастарда сандырақтау, галлюцинациялар болғандықтан медбике үнемі бақылап, оларға активті қозғалысына тиым салып отырады. Өкпе зақымдалған нәтижесінде науқаста ентігу үнемі қосарланып жүреді, сондықтан ылғалды оттегі беріледі. Бубонды түрімен ауырған науқастарға ауырсыну сезімін басу үшін құрғақ және жылы компрестер қойылады.
Емі. Обаны емдеу барысында маңызды орын антибактериалды препараттарға беріледі. Этиотропты ем ретінде стрептомицин (0,5-10 г. күніне 3 рет), левомицетин (6-8 г. тәулігіне), тетрациклин тобындағы, аминогликозидтер, дене қызуының қалыптасқаннан кейін де 5-6 күн қабылдайды. Антибактериялық дәрілердің мөлшері аурудың түріне және ауырлық дәрежесіне байланысты.
Дезинтоксикация мақсатында коллоидты (альбумин, плазма, реополиглюкин, гемодез) және кристоллоидты (полиионды қосылыстар, 5% глюкоза) ерітінділер қолданылады. Және де жүрек қан-тамыр жүйесін жақсартатын (жүрек гликозидтері), тыныс алуды ( тыныс алу аналептиктері) және зәр айдайтын (диуретиктер) дәрілер, міндетті түрде витаминдер (аскорбин қышқылы, В1,В6, В12 топтағы), дене қызуын түсіретін және симтоматикалық препараттар тағайындалады