3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет47/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі –аурудың инкубация немесе кез-келген кезеңіндегі HIV жұқтырған адам. Жұғу механизмі –перкутантты, табиғи және жасанды жолдармен тері және кілегей қабаты зақымдалғанда іске асады. Бұл кездегі ең негізгі жол табиғи – жыныстық жол, ол гетеросексуалды, әсіресе гомосексуалды қатынаста, жыныстық перверсияда және промискуитетте (жыныстық партнер көптігі) болады. Сондықтан АИЖ –инфекция жыныстық жолмен берілетін ауру болып табылады.
Вирустың жасанды жолмен берілуі гемотрансфузия әртүрлі емдік диагностикалық парентералды манипуляциялар, мүше мен ұлпалар трансплантациясында, жасанда ұрықтандыруда және медициналық емес парентералды манипуляциялар барысында, наркотикалық заттарды күре тамырға енгізгенде, әртүрлі татуаж жасағанда беріледі. Сонымен қатар – трансплацентарлы, интранаталды және постнаталды жолмен де беріледі.
Патогенезі. АИЖ –инфекциясы өршімелі ағымды, науқастарда иммундытапшылық және өлімге алып келеді. Адам ағзасына енген HIV макрофагтарға ұсталып сол арқылы әртүрлі жүйелерге түседі, соның ішінде гематоэнцефалды тосқаудан өтіп бас миына және эндоцитоз арқылы CD4 тасымалдаушы клеткаларға енеді. Вирустың шоғырлануы кезінде интоксикациялық синдром, лимфа түйіндерінің гиперплазиясы, бауыр және көкбауыр ұлғаюы байқалады, бұл инфекцияның жедел фазасын сипаттайды. HIV-тің негізгі нысанасы Т4 –лимфоциті, ал көп мөлшерде СД4 –антигенін тасымалдайды. Залалданған клеткада ревертаза әсерінен вирусты РНК негізінде ДНК көшірмесінің вирусты синтезі жүзеге асады, ал вирусты ферменттердің интегразды активтілігі әсерінен қожайынның хромосомды ДНК–сын түзіп, провирусқа айналады. Бұл кезде науқастың жағдайы нашарламайды.
HIV иммунды клеткаларды Т-лимфоциттерді (хелперлер) зақымдап, нәтижесінде олар жойылады. Осылайша біртіндеп лифоциттер санының азаюының нәтижесінде иммунды жүйенің қызметі айтарлықтай төмендеп, кез келген инфекцияға төзімді болып, өлімге алып келеді.
Клиникасы. АИЖ- инфекциясын зерттеу барысында көптеген әртүрлі жіктемелер дасалды, біздің елімізде акдемик В.И Покровскидің клиникалық жіктемесі қолданылады:
I. Жасырын кезеңі.
II. Біріншілік көріністер кезеңі.
А) жедел қызбалы фаза
Б) симптомсыз фаза
В) персистенттік жайылмалы лимфоаденопатия
III. Екіншілік аурулар кезеңі
А) дене салмағын 10%-ке жоғалту, тері дәне кілегейлі қабаттың беткей саңырауқұлақтық, бактериалды және вирусты зақымдалуы, белдемелі ұшық, қайталамалы фарингиттер, синуситтер
Б) өршімелі дене салмағын 10%-дан көп жоғалту, түсініксіз диарея немесе 1 айдан көп қызба, «түкті» тілдің лейкоплакиясы, өкпе туберкулезі, тері және кілегей қабаттың қайталамалы немесе тұрақты бактериалды, саңырауқұлақты, вирусты және протозойлы зақымдалуы, қайталамалы немесе жайылмалы белдемелі ұшық, Капоши саркомасының ошақты түрі.
В) тері және кілегей қабаттың жайылмалы бактериалды, саңырауқұлақты, вирусты және протозойлы зақымдалуы, пневмоцисті пневмония, өңеш кандидозы,атипиялық микобактериоз, өкпеден тыс туберкулез, кахексия, жайылған Капоши саркомасы, әртүрлі этиологиялы орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы.
IV. Терминалды кезең.
Жасырын кезеңі орташа 1-3 айға, кейде 6 айға дейін созылады. Біріншілік көріністер кезеңінің жедел фазасында клиникалық симптомдар көбіне айқын емес ағымда өтеді, бірақ кейбір науқастарда (20-25 %) ұзаққа созылмаған қызба болуы мүмкін, перифериялық лимфа түйіндерінің (әсіресе мойын) үлкеюі, тонзиллит, жоғарғы тыныс жолдарының катаралды зақымдалуы, бауыр мен көк бауырдың үлкеюі, эфимерлі бөртпе 1-2 ай ішінде бұл «тұмау тәрізді» немесе «мононуклеоз тәрізді» симтомдар өшеді, симтомсыз фазасы дамиды. Бұл бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Кейіннен персистерленген жайылмалы лимфаденопатия фазасына өтеді . Бұл фазада бірнеше ай немесе жыл көлемінде екі топтың немесе бірнеше перифериялық лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалады (шап түйіндерінен басқасы).
Біріншілік көріністер кезеңінде науқастарда АИЖ-инфекцияның спецификалық маркерлері анықталады, вирусты антиген түрінде немесе оларға антидене түрінде науқастың биологиялық субстратынан қоздырғышты бөліп алуға болады.
Екіншілік аурулар кезеңінде аурудың тұрақты белгісі тері және кілегейлі қабатты әртүрлі зақымдалулар болады. Науқастардың көп бөлігінде бірінші және екінші типтегі герпесті инфекция дамиды. Белдемелі ұшықтың қайталанулары терінің атрофиясына және тыртықты өзгерістеріне, көп науқастарда ірі ойылулар болып, бактериалды инфекциямен асқынады. Аурудың өршу кезеңінде кандидозды зақымдалу жұтқыншақ, өңеш, трахея және бронхтарға таралады. Кейде токсикодермия, инфекциялы-аллергиялық васкулит дамиды. Өкпенің ең ауыр және қолайсыз болжамы пневмоцисті пневмония – қарапайымдалармен шақырылатын.
Терминалды кезеңінде кахексия, психикалық бұзылыстармен жүретін энцефалопатия, полиорганды декомпенсация және науқас өлімі. Аурудың өршуі ЖИТС-ның кері көрінісінде көбінесе ерте жастағы балалар, гомосексуалистерде және нашақорларда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет