3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет51/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі болып ауырған үй жануарлары: ірі қара мал, жылқы, есек, ешкі, қой, бұғы, түйе, шошқа. Бұл жануарларда ауру жайылған түрде өтеді. Көбінесе жиі жұғу жолы болып жанасу арқылы (ауру жануарлардың бөліндісі, терісін өңдегенде, топырақ), сирек жұғу жолы алиментарлы (ет өнімдері, су), ауа-шаң және трансмиссивті. Сібір күйдіргісінің үш түрлі ошағын анықтайды: 1) профессионалды-ауыршылық; 2) профессионалды-индустриалды; 3) тұрмыстық.
Патогенезі. Қоздырғыштың ену қақпасы болып жарақат алған тері саналады. Сирек жағдайда тыныс жолдарының кілегей қабаты және асқазан ішек жолдары арқылы енуі мүмкін. Қоздырғыштың теріге енген жерінде сібір күйдіргісінің карбункулы пайда болады (сирек эдематозды, буллезды және эризепелоидты түрлері кездеседі). Ошақты серозды геморрагиялық қабыну некрозбен, ісік (ұлпаға жабысып тұрады) және регионарлы лимфаденитпен сипатталады.Лимфадениттің дамуы қоздырғыштың макрофагтар арқылы жақын орналасқан регионарлық лимфа түйіндеріне енуі.
Жергілікті патологиялық процесс қоздырғыштың экзотоксиннің әсеріне байланысты. Ал септикалық түрінің туындауы қоздырғыштың қанға өтуімен түсіндіріледі, аурудың кез-келген түрі жайылмалы түрге өтіп, септицемияға әкелуі мүмкін. Аурудан кейін тұрақты иммунитет түзіледі, бірақ 10-20 жылдан кейін ауру қайта жұғуы мүмкін.
Клиникасы. Жасырын кезеңі 2-14 күн, орта есеппен 2-3 күн. Клиникалық көрінісі екі түрде көрінеді – жергілікті (терілік) және жайылмалы-септикалық (өкпелік, ішектік).
Терілік түрі. Сібір күйдіргісінің бұл түрі 98-99% жағдайда кездеседі. Көбінесе карбункулезді түрі жиі кездеседі, ал эдематозды, буллезды және эризепелоидты түрлері сирек кездеседі. Орналасуы дененің ашық жерлерінде. Кабункул – баста, мойында, мұрын және ауыздың шырышты қабатында орналасқан түрлері ауыр ағымда өтеді. Карбункул дара, кейбір кезде оның саны 10-20 және одан да көп кездесуі мүмкін. Инфекцияның енген жерінде: дақ, папула, везикула, жара болып рет-ретімен дамиды. Дақтың көлемі 1-3 мм қызыл-көк түсті, ауырмайды, қараған кезде жәндіктің шаққан ізіне ұқсайды. Бірнеше сағаттан кейін дақ папулаға айналып, сарғыш-қызыл түсті болады. Бұл жерде жергілікті қышыну және күйдіру сезімі артады.
12-24 сағат өткеннен кейін папула көпіршікке айналып, көлемі 2-3 мм, іші серозды толған, ол сероздысұйықтық қарайып, қан аралас сұйықтыққа айналады. Қасу кезінде немесе көпіршік жарылып оның қабырғасы отырып, қоңыр-қара түбімен жара пайда болады (anthrax – «көмір»). Жараның жиектерін екіншілік везикулалар пайда болады. Бұл везикулалар да жарылып жараның көлемінің үлкеюіне алып келеді.
Бір күн өткеннен кейін жараның көлемі 8-15 мм-ге жетеді. Некроз себебінен жараның орталық бөлімі 1-2 аптадан кейін қара түсті ауырмайтын тығыз струпқа айналады. Қабыршақтың (струп) айналасында қызыл түсті қабыну білікшесі (валик) орналасқан. Карбункулдың көлденең өлшемі бірнеше мм-ден 10 см-ге дейін жетеді. Карбункулдың бетте орналасуы (мұрын,ерін, бет) өте қауіпті.
Септикалық түрі – сирек кездеседі. Ауру жедел басталады, қатты діріл және дене қызуының өте жоғары болуы. Алғашқы сатысында тахикардия, тахипноэ, ентікпе байқалады. Кеуде қуысында ауырсыну, жөтелген кезде қанды көпіршікті қақырық шығады. Рентгенологиялық зерттеуде пневмонияның және плевриттің дамуын байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет