8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 14 мин (15%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)
АИТВ инфекциясының этиологиясы, инфекция көзі
Берілу механизмдері
Патогенез, алдын алу шаралары
Емдеу, арнайы профилактика
АИТВ инфекциясының эпид.ерекшеліктері
Ақпараттық-дидактикалық блок АИТВ–инфекция - перкутантты зақымдалу механизммен жүретін, оппортунистік инфекция, қатерлі ісік және аутоиммунды эффектінің дамуымен болатын иммунды жүйені зақымдайтын өршімелі антропонозды ауру.
Этиологиясы.Қоздырғышы – ретровирус әулетіне жататын (Retrovirus), баяу вирустар (Lentivirus) болып табылатын бірінші және екінші реттегі адамның иммунтапшылық вирусы (АИЖ-1,АИЖ-2) HIV-1, HIV-2, Human Immunodeufi ciency viruces, tupes I, II). Вириондар сфера тәрізді бөлікшелер диаме,трі 100-140 нм. Құрамында нуклеокапсид және суперкапсид болады. Нуклеокапсидте вирус геномы, ол қос тізбекті РНК және қайтымды транскриптазадан, екі қабатты ақ уызды футлярлы ревертазадан тұрады. Қабықша фосфолипид және гликопротеиннен тұрады. Глюкопротеин құрылымы қожайынын әртүрлі клеткаларын вирус троптылығын анықтайды HIV-CD4 –антигендердің ерекше ақуызды құрылымдарды мембранада тасымалдаушы клеткаларға тропты болады. Салмағы 120 кДж мембраналы вирусты гликопротеиндер нысана клеткалардың СД4 антигендерімен әсерлесіп, трансмембраналы gp 41 босап шығады, ол эндоцитоз арқылы вирусты геном және ревертазаның клетка ішіне енуін қамтамасыз етеді.
Ауру жұқтырған адамдардың ағзасында HIV әртүрлі орталарда болып, көбіне көп мөлшерде қан, сперма, қынап бөліндісінде, ана сүтінде, жұлын сұйықтығында және ішкі мүшелерде аз мөлшерде көз жасында, сілекейде, тері бездерінің сөлінде болады.
HIV сыртқа ортаға тұрақсыз. Ол 56С-та қыздырғанда 30 мин. қайнатқанда 1-5 мин. ішінде активтілігі төмендейді. Орта рН өзгергенде (1-ден төмен және 13-тен жоғары) әртүрлі дезинфектанттардың қалыпты концентрациясына (3% -ті сутек асқын тотығы ерітіндісі, 5%-ті лизол ерітіндісі, 0,2% натрий гипохлорид ерітіндісі, 20% этанол, эфир, ацетон және т.б) инактивацияланады. Бірақ ультракүлгін сәулеге және йондаушы радиацияға тұрақты.