3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі


Лекция 4 Тақырыбы Гравиметриялық анализ



бет22/53
Дата29.12.2021
өлшемі0,54 Mb.
#106632
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Байланысты:
Лекциялар сандық анализ

Лекция 4

Тақырыбы Гравиметриялық анализ.

Жоспар

  1. Гравиметриялық анализ

  2. Гравиметриялық анытаудың талаптар

  3. Тұнба түзу механизмі

1.Анықталатын затты тұнба күйінде бөліп алып, тұнбаның массасын

өлшеуге негізделген сандық анықтауды гравиметриялық анализ деп атайды.

Гравиметриялық әдістерді үш топқа жіктейді: бөліп шығару (бөлу), тұндыру, айдау.

Бөлу әдісі. Бұл әдіс зерттелетін заттан немесе материалдан анықталатын компонетті бос күйінде бөліп алып, дәл өлшеуге негізделген. Мысалы, құймадан алтынды бөліп шығару.

Айдау әдісі. Бұл әдіс анықталатын компонентті ұшқыш қосылыс түрінде толық бөліп алып, қалдықты немесе тұтылған ұшқыш өнімді өлшеуге негізделеді.

Айдау әдістері тіке және жанама деп бөлінеді.



Тура. Ұшқыш компонентті сіңіргішпен (адсорбент, реактив ерітіндісі, т.б.) сіңіреді, сіңіргіштің массасының қосылуы (өзгеруі) бойынша айдалманың мөлшерін анықтайды:

+ 2 =CO2 + + O

+ 2NaOH = + O

Жанама. Анықталатын затты дәл өлшендіден айдап, айдау аяқталған соң қайтадан өлшейді де массалардың айырмасы бойынша айдалманың мөлшерін анықтайды.

× O = + 2 O

Тұндыру әдісі. Бұл әдісте анықталатын компонентті құрамы белгілі нашар еритін химиялық қосылыс күйінде тұндырады. Түзілген тұнбаны шайқайды, кептіреді немесе қатты қыздырады, аналитикалық таразыда өлшейді, есептеулер жүргізеді. Тұнбаны қоспалардан, тұндырғыштың артық мөлшерінен тазарту үшін оны жоғары температурада қыздырады. Бұл жағдайда кейбір термиялық тұрақсыз қосылыстар өзінің химиялық құрамын өзгертуі мүмкін. Осыған байланысты гравиметрияда тұну және өлшек (гравиметриялық) формаларын айырады.

Тұну формасы деп анықталатын компоненттің түзген нашар еритін қосылысын айтады. Гравиметриялық форма деп өлшенетін қосылысты айтады. Термиялық тұрақты қосылыстар жағдайында бұл екі форма бірдей болады:







тұну форма




гравим.форма

Термиялық тұрақсыз қосылыстар жағдайында бұл екі форма әртүрлі болады:







тұну формасы




гравим.форма

Түзілетін тұнба кристалды, аморфты болуы мүмкін. Кристалды тұнбаны алу үшін тұндыруды сұйылтылған, қышқылдатылған ыстық ерітіндіденжүргізеді. Тұндырғышты біртіндеп қосып, үздіксіз араластырып, тұнбаны тұндырылған ерітіндіде бірнеше сағатқа қойып қояды. Аморфты тұнбаны аса қаныққан ерітіндіден тұндырады, тез араластырады. Тұндырғаннан кейін ерітіндіні сұйылтып, іле фильтрлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет