2.Титрлеу қисықтары
Титриметриялық реакцияны және оған сәйкесті индикаторды дұрыс таңдау үшін процессті сандық сипаттайтын әдістерді пайдалану керек.Мұндай әдістерген титрлеу қисығын тұрғызу, индикаторлы қатені есептеу әдістері жатады.
Титрлеу қисығын тұрғызу әдісі.Әдіс келесі жолмен орындалады:ордината осі бойыша рН мәндері,ал абсцисса бойынша - титранттың көлемі (мл). Нәтижесінде құйылған титранттың көлеміне сәйкес рН мәнінің өзгеруін сипаттайтын қисық түзіледі.
Титрлеу қисығын тұрғызу үшін титрлеу басталғанға дейін,эквивалентті нүктеге дейін,эквиваленттегі нүктедегі және эквивалентті нүктеден кейінгі жағдайларда рН мәні есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |