Сынамаларды дайындау.Сынаманы алып, бірден аналитикалық өлшеуді бастауға болатын жағдай өте сирек кездеседі. Талдау алдында үлгіні талдауға ыңғайлы формаға (агрегаттық күйі) айналдыруға, алдын-ала бірнеше химиялық операцияларды жүргізуге (мысалы, бүркемелеу), анықталатын компоненттерді бөліп алып, концентрлеуге оларды айқын аналитикалық қасиеттері бар анықталатын нысанға айналдыруға, аналитикалық қасиеттерді өлшеу үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары орындалады. Барлық осы операциялардың жиынтығын бір сөзбен сынамаларды дайындау деп атайды.