3 саяси билік ұҒымы және оның ТҮрлері



бет2/2
Дата02.11.2022
өлшемі30,32 Kb.
#156202
1   2
Байланысты:
лекция 3

Әлеуметтік-биологиялық теорияны жақтаушылар күшті, қабілетті адамдар билікті жеңіп алады деп есептейді.
Психологиялық теорияның өкілдері болса, билікті психологиялық сапаға ие болғандар - ерік жігердің күштілігі, ұйымдастыру мен өзін-өзі ұйымдастыруға қабілеттілер жеңіп алады деген тұжырым жасайды.
Таңдаулар теориясының авторлары, білімдарлар - билікті тек таңдаулылар, кәсіби шеберліктің иегері ғана жүзеге асыра алады деп есептейді.
Марксистік теория мемлекеттік биліктің мәнін әлеуметтік-экономикалық факторлар мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арқылы түсіндіреді.
Либералды-демократикалық теориялар биліктің қайнар көзі – халық деген тұжырымдамада жасайды.
Шын мәнінде мемлекеттік билік дегеніміз осы мемлекеттік билік кімнің қолында болса және ол кімінң мүддесін қорғаса (монарх, хунта, демократиялық жолмен сайланған органдар) және билік қандай әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылса, оның негізгі мәні де осында. Мемлекеттік биліктің тұрақтылығы билікті демократиялық үлгіде және осындай әдіспен жүргізгенде ғана қамтамасыз етіледі.
Билік әр кез заңды легитимді болуы тиіс. Легитимность- латын сөзі, ол заңды деген ұғымды білдіреді. Заңды немесе заңдылықты мойындау оны дәлелдеу әлде бір іске араласуға өкілділік беру деген сөз. Бұл термин ХІХ ғасырдың басында Францияда шыққан. Францияда корольдің билігін, ең бірден-бір заңды билік деп мойындаудан бастау алған. Биліктің легитимдігі(заңдылығы) реакциялық күшке, зорлыққа қарсы болады. Мысалы, мемлекет шекарасын рұқсатсыз, зорлықпен қайта қарау, мемлекеттік төңкеріліс жасаушы узурпатордың әрекеті т.б. жатады. Саяси билік, егер оны бұқара ерікті келісім бойынша қабылдап, оның дегендеріне бағынса, онда ол заңды билік деп аталады. Бүгінде биліктің заңдылығы легитимдігі өркениетті елдердегі құқықтық мемлекеттердің басты белгісі, азаматтық қоғам және әлемдік қауымдастық бұл белгіні қадыр тұтады, мойындайды. Өкімет билігінің легитимдігі- заңдылығы дегеніміз, ол сол өкіметті басқалардың яғни, халықтың мойындауы. Әлбетте бұл биліктің легитимдігін мұқым халық қолдауы мүмкін болмайтын кез жиі кездеседі. Мысалы, саяси жүйенің жоғары тұрақтылығы барлық уақытта бірдей биліктің заңдылықтың көрсеткіші бола алмайды.
Саяси биліктің болмаса тәртіптің тұрақтылығы шынайы заңдылықтан тыс құралдармен де қамтамасыз етіле алады. Саяси биліктің заңдылығын танудың екі тұрғыда біріншіден, заңдылық принциптеріне саяси жүйенің өзгеру процесі ретінде де, екіншіден осы саяси жүйенің заңдылығын әр түрлі құралдар көмегімен негіздеу ретінде де қарастыруға болады. Саяси биліктің заңдылығын тануға қоғамдық сананың да қатысы бар. Ол билікті мақұлдай да сонымен бірге оған теріс те қарай алады. Сөйтіп, легитимділік- ол мемлекеттегі қабылданатын заңдар мен бұйрықтар, қаулылар негізінен көпшіліктің мүддесіне сай жасалыуымен өлшенеді. Легитимді – демократиялық жолмен келеді. Революциялық төңкеріліс нәтижесіндегі орнаған билік, егер ол елде одан кейін тыныштық орнап көпшілік мүддесіне қызмет етсе, ғана ол бастапқы мәнін өзгертіп, легитимді өкімет бола алады. Мысалы, КСРО-ны, АҚШ-тың 1917 жылғы Қазан төңкерілісінен бастап 1933 жылға дейін мемлекет ретінде мойындамауы соның айғағы.
Саясаттануда биліктің легитимдігі үш деңгейге бөлінеді: дәстүрлі, харизматикалық, заңды рационалистік. Басқарушы құрылымының мәніне қарай биліктер төмендегідей болып келеді. Заң шығарушы сот, аппарат билігі, көпшілік қозғалыстың жетекшілерінің билігі, мемлекеттік және партиялық билік және т.б. Бұл айтылған биліктің қуаттылығы пәрменділігі, орнығуы орталықта және сырт жерлерде партиялар мен мемлекеттік құрылымдарда бірдей болмайды. Кез келген жағдайда саяси биліктер жүйесі ресурсы қоры нормаланған сипатта болады, әрбір билік жүргізілетін акт, бұрық басшылық нұсқау негізгі қоғамдағы мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерімен дәстүлеріне, заңдарға өзге де принциптерге негізделіп жасалады.
Экономикалық қатынас ең алдымен меншіктік қатынас болып табылады және әлеуметтік дамудың басты шарты іспеттес. Әлеуметтік топтардың экономикалык мүддесі бүтіндей алғанда қоғамда саясатта шоғырланады. Бұл туралы әр түрлі көзқарастар бар, оған әр түрлі жауап табуға болады. Батыс саясаттанушыларының көзқарасында бұл екеуін екі принципке бөлу талабы айқын байқалады. ХХI ғасырдағы британдық саясатшы Дизраэльдың айтуынша бұл екеуінің ұштасуы сол кездегі саясатшыларға құбыжық сияқты болып көрінеді. Егер билік пен меншікті ұластырса, онда адам үшін байлыққа жол тек билік арқылы болады деп есептеді олар. Белгілі ғалым Д.Кейнс айтқандай, қандай болмасын қоғамда билік құмар, билікті жақсы көретін адамдар табылады, сондықтан олардың адамдардан гөрі банктік есеп шоттарды басқарған дұрыс. Ф.Хайек билігі барлардың бай болуына қарағанда,биліктің тек байлардың қоғамында болғаны дұрыс дейді.Жеке меншікке иелік ететін адамның экономикалық жағынан тәуелсіз болғандықтан өз жеке меншігін билік құралына айналдыра алады.Кімде меншік көбірек болса, онда билік те көбірек болады, ал билігі бар адам тәуелсіз болады.
Билік пен меншіктің мұндай қарым-қатынасы таптық қоғамда дәулеті бар азшылықтың ештемесі жоқ көпшілікке өз билігін жүргізуге әкеледі. Өркениетті дамудың тарихы экономика мен саясаттың, экономикалық билік пен саяси биліктің бір-біріне байланысты екенін көрсетеді.
Қазіргі кезде ақша дүниенің тірегі. Экономикалық билік немесе плутократия дегеніміз – байлықтың, ақшаның, капиталдың билігі.
Экономикалық биліктің субъектілері жеке меншік иелері. Мемлекеттің қолында қоғамдық экономикалық дамуға мемлекет, ірі корпорациялар, жеке қожайындар, ықпал ететін құралдар шоғырландырылған. Олар: қаржы, салық, несие беру, эмиссия т.б. Атқару органдары, банктер, жоспарлау органдары, қаржы бақылау органдары және экономикалық билігі бар басқа да мемлекет жеткілікті нақты экономикалық билікке ие бола отырып қоғам мүшелерінің мінез-құлқына ықпал жасай алады.Жеке дәулетті адамдардың баюы экономикалық биліксіз де іске асады. Алайда,экономикалық биліктің байлықсыз болуы мүмкін емес. Экономикалық билік байлықты енгізудің ақырғы сатысы, мұндағы мақсаты, - қоғамға үстемдік ету. Байлық өздігінен көрнекті бола алады, ал байлыққа негізделген экономикалық билік өзін көрсетпейді. Ол қоғамдық сахынадағы адамдарды көрсетпейтін шымылдық болып табылады.Ол үшін билік құралдарының бай қоры: саяси партиялардың қызметін, саяси жетекшілердің сайлау алдындағы компанияларын қаржыландыру, билік басындағылар арқылы өз мүддесін өткізу, сатып алу, кеңінен пайдаланылады. Сондықтан билік дәлізінде оқтын-оқтын жанжалдар болып тұрады.
Билік жөнінде сөз қозғағанда әскери билік және ақпараттық билік ұғымдарын анықтап алу қажет.
Әскери биліктің ауқымы ертеден белгілі. Бұл билік түрі қолданылған жағдайда ол басқалардан асып түседі. Сондықтан, азаматтық құрылым мен әскер арасындағы конституциялық және тұрақты қарым-қатынас билік шарттарының бірі болып табылады. Әскери адамдардың билікті тартып алуы- тарихта жиі кездеседі. (Чили, Аргентина, Польша, Греция). Әскери басқару заңға емес, қару күшіне иек артады. Сондықтан ол шектен тысқары сиптта болады. Армияның өкімет бақылауынан шығып, билікке қол жеткізуге ұмтылуы болып тұратын жағдай. Оған себепші факторлар:
- Билік беделінің құлдырауы, азаматтық биліктің күйзеліске ұшырауы және көпшіліктің наразалығының шегіне жетуі;
- Әскердің саяси белсенділігінің күшеюіне азаматтық билік пен армияның қарым-қатынасындағы тарихи дәстүрлер әсер етеді: Мысалы, Латын Америкасының бірқатар елдерінде, Қытайда, әскери күштің қоғамдық өмірге ертеден араласып келеді. Ал басқа елдерде Мысалы, АҚШ пен Россиядағы әскери адамдардың азаматтық құрылымдарға бағыну салты қалыптасты;
- Әскери адамдардың тұрмыс жағдайларының нашарлауы және құқықтарының ескерілмеуі антиконституциялық әрекетке итермелеуі мүмкін.
Ақпараттық билік білім әр уақытта адамзаттың жоғары сатыға жетуінің құралы болады. Дегенмен, ақпарат тек қазіргі кезде ғана биліктің кең көлемдегі құралына айналып отыр. Сондықтан да білім кімнің қолында болса, билік соның қолында және керісінше. Неғұрлым адамның мағлұматы аз болса, соғұрлым оның билікке дәрменсіздігі күшейе түседі. Сондықтан да тоталитарлық жүйе әрқашан жариялыққа жол бермеуге тырысады. Елдің ішкі жағдайы мен қоршаған орта жайлы мағлұматтар жұрттан жасырын ұсталады. Диктаторлар мұндай мағлұматтарға қатаң бақылау жасайды.
Ақпараттық билік өзін биліктің әскери, саяси, экономикалық т.б формалары арқылы байқатады.
Билікті заң, азаматтардың жеке өмірі мен біліктілігі шектейді.Саяси билік конституция белгіленген заңнан шектеулер аясынан шықпауы тиіс. Ол адамның жеке өміріне араласпау керек. Сондықтан адамзаттың еркіндігі бәрінен бұрын жеке адамның саяси бақылаудан тәуелсіздігі болып табылады, ал азаматтық қоғам дегеніміз – мемлекетке қатыссыз, тәуелсіз экономикалық, рухани адамгершілік, діни, ұлттық қарым-қатынастар жиынтығы. Сондай-ақ біліктілік пен мәдениет деңгейінің жоғарлығы. Бірақ өмірде ең жақсы деген, дұрыс деген заңдарды өзі де саясат субъектісі мәдени дәрежесі мен біліктілігі жеткіліксіз болса саяси билікті шектей алмайды. Олардың дамуы жең ұшынан жалғасуға, билік басындағылардың азып-тозуына әкеледі.
Қорыта келгенде, тарихи тәжірибе, демократиялық билік негізінде қоғам құру, қоғамның өмір салаларында демократияны енгізу ең тұрыс шешім болып табылатынын көрсетеді.Сол үшін мынадай мәселелерді шешу қажет:

  1. билікті бөлу жөне бөлісу(атқару, заң, сот билікгіне ажырау). Олардың бірде-бірі бір-біріне үстемдік етпеуі тиіс.

  2. Жеке меншік түрлерінің теңдігі мен еркіндігін қамтамасыз ету.

  3. Заң алдында адам құқын қорғайтын азаматтық қоғам құру.

Демократияға жету өте күрделі және ұзақ процесс, ол бейбіт жағдайда іске асуы мүмкін. Бұл қарым-қатынастағы саяси биліктің басты да негізгі міндеті – қоғамда әлеуметтік тұрақтылыққа жету және оны сақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет