3 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебі бойынша ата – аналармен сенбі күндері қашықтан «Ата – аналар сағаты» жүргізілуінің жоспары



Дата07.02.2022
өлшемі119,1 Kb.
#85273
Байланысты:
ата -аналар сағаты


Бекітемін:
№3 Шұбарқұдық ЖОББ мектеп директоры: Г.Т.Икембаева
3 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебі бойынша ата – аналармен сенбі күндері қашықтан «Ата – аналар сағаты» жүргізілуінің жоспары.



Іс- шара атауы

Түрі

уақыты

жауапты

1

Қашықтан оқыту барысында ата – ана мен оқушының қарым -қатынасы

Психолог кеңесі

19.09

Психолог Г.Жұмағұл.

2

Интернетте жұмыс жасау ережелері, ақпараттық қауіпсіздік

кеңес

26.09

Информатик Ж.Сиыршина

3

Қашықтан оқыту кезіндегі формативті бағалау

Түсіндірме жұмысы

03.10

Оқу ісі орынбасары Г.Шуренова

4

Қашықтан оқу: мұғалім оқушыға үй тапсырмасын беруі керек пе?

Кеңес

10.10

Оқу ісі орынбасары
Г.Шуренова

5

Bilimland, Kundelik.kz платформалары арқылы оқушы білмін қадағалау

кеңес

17.10

Информатик
Ж.Сиыршина

6

«Балапан» арнасынан көрестілетін сабақтардың тиімділігі

кеңес

24.10

Оқу ісі орынбасары
Г.Шуренова

7

«Өзің түрлі инфекциядан сақта»

ескертпе

31.10

Медбике Ш.Маханова

8

Оқулықтың сапасы электронды оқулық

презентатция

14.11

Кітапханашы
Ғ.Кенжебекова

9

«Зорлық зомбылықтың алдын алу»

кеңес

21.11

Әлеуметтік педагог Ж.Қожан

10

Баланың оқу режимі және демалысы

кеңес

28.11

Сынып жетекші А.Кенжебекова,Н.Даркулова

11

Қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек

кеңес

05.12

Психолог Г.Жұмағұл

12

Қашықтан оқыту барысында ата –ана жаукершілігі және оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру

кеңес

12.12

ТІЖО С.А.Нуралина

13

Баланы үйде оқытуды қалай ұйымдастыруға және үрейге ұшырамауға болады.

кеңес

19.12

Психолог Г.Жұмағұл

14

Балаңызды күзеліс жағдайында қалай қорғауға болады?

кеңес

26.12

Психолог Г.Жұмағұл

Тәрбие ісі орынбасары: С.А.Нуралина


Күні: 15.09.2020 ж
Қашықтан оқыту барысында ата – ана мен оқушының қарым –қатынасы.
Психолог: Құрметті ата – аналар СІЗДЕРМЕН zoom ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСІП ОТЫРМЫЗ. Сіздерді қашықтан оқыту барысында балаларыңызға қолдау көрсетіп, түсіністікпен бірлесіп жұмыс жасауға барлығыңызды шақырамын.
1. ҚАУІПСІЗ ҒАЛАМТОР
Ғаламтор-тәуелдігінен қалай қорғанамыз (ата-аналарға кеңес)
1.Баламен қалай қарам-қатынас жасаймыз.
2. Баланың бос уақыты кезінде спорт ойындарына тартқан кезде компьютерлік ойындарға уақыты болмайды.
3. Баланы ойын ойнағаны үшін ренжімеу керек және тыйым салмай қажет. Егерде зорлық-зомбылығы жоқ ойынды қоспағанда.
4.Балаға ойын мен шындық арасындағы ерекшеліктерді түсіндіру.
Шынайы компьютерлік ойын баланың миындағы шындық өмір мен виртуалды өмірдің шындығын өшіреді.
5. Балаға нағыз достары, ата-анасы және оқуы барын ұмыстпауды еске салу.
6.Баланы компьютерден басқа да нәрселермен шұғылдандыру.
Балаңызға компьютерді ауыстыратындай заттармен шұғылдандырыңыз. Мысалы оның ұсыныстары мен талантын өрбіту. Компьютерден басқа да қызықтыратын заттармен шұғылдандыру.
7. Балаңыз міндетті түрде өзіңіздің махаббатыңыз мен мейірімділігіңізді, сонымен бірге оны түсінетініңізді сезіндіру.
2. БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫН ОЯТУ ҮШІН АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Балалардың оқуға деген ынтасын ояту үшін ата-аналарға кеңес
Кітап оқу – ол адамды сауаттылыққа үйрету ғана емес, оның ең басты мүмкіндігі:
- зияткерлік даму тұлғасын тәрбиелейді
- алдағы өмірінде ата-аналар-балалар арасындағы жылы, рухани қарым-қатынасты қалыптастырады.
Егерде сіз баланың кітап оқуға деген құлығын оятқыңыз келсе американ психологі В.Уильямның кеңестеріне құлақ салыңыз:
• кітапты оқыған кезде өзіңізде ләззат алып оқыңыз және баланың оқуға деген ынтасын оятыңыз.
• Балаларға кітапты кішкентай күнінен бастап дауыстап оқыңыз.
• Балалар сіздің кітапты ынтамен оқитыныңызды да көрсін: цитата келтіріңіз, күліңіз, үзіктерін оқыңыз, оқығаныңызбек бөлісіңіз т.б.
• Оқудың құнды екенін көрсетіңіз: кітап сатып алыңыз, сыйлаңыз және сыйлық ретінде де алыңыз.
• Балалар кітаптар мен журналдарды өздері таңдап алсын (кітапханада, кітап дүкенінде және т.б.)
• Балаларға сиқырлы ертегілер оқыңыз.
• Баланың қызығушылығын есептей келе журналға жазылыңыз /оның атына!/. Үйде балаларға арналған журналдар мен, әңгіме жинақтары және үлкендерге арналған газеттер болсын.
• Бала кітап оқи алмайтын үйдегі отбасы мүшелеріне немесе өзінің достарына кітап оқып берсін.
• Кітап оқығаны үшін көтермелеңіз: мүмкін жаңа кітап, сурет салу құралдары,театрға билет, хайуанаттар бағына немесе мұражайға апарыңыз.
• үйдің көрінетін жеріне баланың жетістіктерін іліп қойыңыз /қандай мерзім ішінде неше кітап оқыды/.
• егерде сіз балалармен саяхатқа шыққан кезде балаға сол орын жөінінде оқып-білуге ұсыныс жасаңыз (барғанға дейін және кейін)
• Машинамен бір жерге барған кезде магнитофоннан балалар әдеби шығармалар тыңдасын.
• үстел ойындарын ойнаңыздар.
• оқу үшін үйде арнайы орын дайындаңыз (сөрелері бар оңаша бөлме)
• Балалармен бірге кітапханаға барыңыз.
• Көрген фильмдері бойынша балаға сол фильм жөнінде кітап оқуға ұсыныс жасаңыз.
• кітапты сүйіп оқитын баламен достасыңыз.
• үйде балалардың кітапханасы болу қажет.
• Балалармен бірге кроссворд шешіп және оны балаларға сыйлаңыз.
• Баланың жазған шығармалары мен пьесалары үшін көтермелеңіз.
• сүйікті кітаптарына арналған кеш ұйымдастырыңыз.
Жетістікке жетулеріңізге тілектеспіз!
Мектеп психологы Л.Ордагулова

Интернетте жұмыс жасау ережелері, ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйін сипаттайды.
Ақпаратты қорғау – ақпаратты ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.
​ Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды 3 жайын атап кетуге болады.

  1. Қолжетімділік – санаулы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қолданысы – ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізу қабілетімен сипатталатын қасиеті.

  2. Тұтастық – ақпаратты бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғалуы. Ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

  3. Жасырындылық – заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі 2 бағытта қарастырылады (1-схема). 

1-схема. Ақпарат қауіпсіздігі
Интернет желісіндегі алаяқтық
Қазіргі таңда интернет желісін пайдаланбайтын, әлеуметтік желілерді қолданбайтын адам аз. Заман ағымы, уақыт талабына сай мұндай әлеуметтік желілер адамдар арасында қарым-қатынас орнатудың ғана емес, ауқымды мәселелерді талқылауға, белгілі бір оқиға не құбылыс туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпалы зор үлкен күшке айналып отыр. Интернетті игі мақсаттардан бөлек, теріс пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланатындар да кездесіп жатады. Желіде де өмірдегі сияқты қай жерде ақша болса, сол жерде басқалардың ақшасын оңай иеленгісі келетін алаяқтар пайда болады. «Интернетте кездесетін алаяқтықтың қандай түрлері бар және олардан қалай қорғанамыз?» – деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Желідегі алаяқтардың әрекеті негізінен тәжірибесі төмен желіде жұмыс жасап, тек ақша тапқысы келетіндерге бағытталады.

Алаяқтықтың түрлері
Интернетте алаяқтықтың неше түрлі жолдары кең етек жайып келеді. Олардан сақтану үшін алаяқтық түрлерінен үнемі хабардар болып отыруымыз керек. Енді солардың кең тараған түрлеріне тоқталайық.
Лотерея жеңімпазы немесе алыс туысқанның мұрагері – электрондық поштаңызға әртүрлі халықаралық бағдарламалардың атын жамылған күмәнді лотерея ойынының өте үлкен соманың жеңімпазы болдың деген хабар келеді. Қайтыс болғалы жатқан шет елдегі бай туысқаныңыз сізге мұра қалдырмақшы деген де хат түседі. Ұтысыңыз немесе мұраңызды алу үшін құжаттарды рәсімдеуге ақша талап етеді.
Сиқырлы әмияндар – желідегі ең көп тараған алдаудың жолы. Сізге белгілі бір электронды әмиянға "N көлемдегі ақша аударсаң, екі-үш есе көп ақша қайтарып аласың деген хабарлама келіп, ақша аударасыз. Аз мөлшердегі ақшаны екі есе етіп қайтарып алуыңыз мүмкін. Неғұрлым көп ақша салсаңыз, соғұрлым ақшаңыз қолды болады.
Жұмыс немесе ақша табуды ұсыну – бүгінде желіде кең тараған алаяқтықтың бірі. Мысалы: мәтін теруші. Жұмыс ақысына үлкен жалақы ұсынады. Бірақ жұмысқа тіркелу үшін мәліметтер енгізуге белгілі бір мөлшерде ақша сұрайды. Сұраған ақшасын аударсаңыз жұмыс та жоқ, ақша да жоқ болады.
Интернетте ақша табуды үйретудің керемет әдісі – бұл ескі, бірақ кең тараған әдістердің бірі. Алаяқтықтың бұл түрі желіде ақша табуға болатын әдістерді үйрететін сайттар тізімін ұсынады. Белгілі бір сомадағы ақшаны аударсаңыздар, олар сол әдістерді үйретуге дайын. Ақша аударылғаннан кейін ақша да, әдіс те жоқ екенін байқаймыз.
Қайырымдылық акциялары. Бұл да әлеуметтік желідегі алаяқтықтың кең тараған түрі. Мұнда алаяқтар ауыр дертке шалдыққан, шаңырағында қайғылы жағдай болып, қаражатсыз қалған адамдар мен отбасылар туралы жариялап, елден көмек сұрайды.
​ Жоғарыда аталған алаяқтықтарға тап болмас үшін әрбір интернет желісін пайдаланушы, әлеуметтік желіні қолданушылардан барынша сақ болу керек. «Жаңа таныстарды» мұқият тек-сермей, ортақ таныстардың бар-жоқтығына көз жеткізбей тұрып олармен сұхбаттаспауға, жеке өміріңе қатысты суреттер мен бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламауға, сұхбаттарды ізін суытпай өшіріп отыруға тырысуың керек.

Кибербуллинг дегеніміз не?


Кибербуллинг (cyberbullying) – жасөспірімдер арасында кең тараған виртуалды лаңкестік (террор). Кибербуллинг ағылшынша bull – бұқа сөзінің мағынасына жақын ұғым – шабуылдау, мәжбүрлеу, айдап салу, қорқыту, ар-намысына тию, жалған әңгімелер тарату, бопсалау сияқты агрессивтік ұғымдарды білдіреді. Кибербуллингтің қауіптілігі – ол интернет арқылы әлеуметтік желілерде, видео-парталдарда ар-намысқа тию, жалған әңгімелер тарату, қорқыту, масқаралап беделін түсіру арқылы адамға психологиялық қысым жасайды, денсаулығына зиян келтіреді.
​ Интернет желісінде жасалған алаяқтық, алдау, кибербуллингтер жазасыз қалмайды. Мұндай қылмыс жасағандар заң алдында жауап беруден қашып құтылмайды. Интернетте миллиардтаған пайдаланушы болса да, оларды бәрібір табады. Себебі, әрбір компьютер интернетке қосылғанда оған арнайы IP-адрес беріледі.
Инфарматик: Қ.Сагиденова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет