3-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Асханаға 65 кг алма әкелінді. Аспаз 9 кг алманы тәтті нан пісіруге жұмсады.14 кг алманы балаларға таратып берді. Неше кг алма қалды?
A) 65 кг алма.
B) 56 кг алма.
C) 74 кг алма.
D) 42 кг алма.
Х - пен 14 - тің қосындысы 60 - қа тең. Х нешеге тең?
A) 46.
B) 56.
C) 64.
D) 74.
Сан қатарын жалғастыр. 0, 5, 10, 15, 20,...
A) 21, 22, 23, 24, 25.
B) 25, 20, 15, 10.
C) 25, 35, 24, 34.
D) 25, 30, 35, 40, 45, 50.
Бір кітап 25 теңге тұрса, 9 кітап неше теңге тұрады?
A) 225 тг.
B) 100 тг.
C) 75 тг.
D) 125тг.
(а + 125) – 100. Егер а = 225 болса, өрнектің мәні нешеге тең?
A) 150.
B) 250.
C) 50.
D) 125.
Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда....... шығады.
A) Бөлінді.
B) Екінші көбейткіш.
C) Көбейтінді.
D) Бөлінгіш.
Бірінші орамда 81 м мата, ал екінші орамда одан 25 м артық мата бар. Екі орамда барлығы неше етр мата бар?
A) 106 м мата.
B) 187 м мата.
C) 56 м мата.
D) 137 м мата.
Қабырғаларының ұзындығы 17 см, ал ені одан 7 см кем болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.
A) 58 см.
B) 29 см.
C) 54 см.
D) 34см.
18 - ге бөлінетін сандар қатарын белгіле.
A) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
B) 2, 3, 6, 9, 18.
C) 1, 2, 4, 6, 8, 9, 12.
D) 2, 3, 6, 8, 10, 18.